"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

16.03.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық  филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Бұл жолы Семей қалалық ІІБ-нің басшысы Жұмабек Исадилов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, құқыққорғау саласы бойынша тұрғындардың арыз – шағымдарын қарады.  Қабылдауға Әуезов, Орталық, Затон полиция бөлімшелерінің басшылары мен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов қатысты.

Арыз-шағымын айта келген Рабиға есімді қарт ана өмір бойы өзі тұрған пәтерін келесі айдан бастап босатуға мәжбүр. Сөзіне сүйенсек, күйеу баласы пәтерді өзі сатып алғандығы жөнінде жалған құжат жасаған. Ендігі ретте үйдің бұрынғы иесі, енесінен пәтерді босатуын талап етіп отыр екен. Қартайған шағында барар жер, басар тауы қалмаған әже бұл істің анық-қанығына жетіп, әділеттілік іздеп, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына арнайы келген. Жұмабек Исадилов арызды қабылдап, бұл істің ақ-қарасы анықталатындығын айтты.

Ал, Жанар есімді жанның жағдайы бір бөлек. Аякөзден балаларының соңынан келген ана үйде қарап отырмайын деп, қаражат табу қамымен бір жатақханаға еден жуушы болып орналасады. Алғашында мерзімді жалақы төленетінін айтқан ПИК басшысы соңынан сөзінен тайып, әр бөлмеге барып ақшаңды өзің жинап ал деген сыңай танытқан. Оған да көнген еден жуушы бөлмелерді аралап, бергендерден ақша, басқаларынан тұрмыстық заттар, азық-түлік алған. Бес айға жуық жұмыс істеп, мардымды жалақы ала алмаған жан соңғы рет пәтерлерді аралап, еңбегінің ақысын сұраса, бір пәтер иесі балағаттап, қол жұмсап, күш көрсеткен. Ал ПИК басшысы болса, өзін мазаламауын өтінген. Ашынған ана ақыры «Нұр Отан» партиясының көмегіне жүгінген. Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов көмек сұрай келген Жанарға  «Нұр Отан» партиясының атынан еңбек инспекциясына арыз жазуға кеңес берді. Ал, ІІБ басшысы күш көрсеткен азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалатындығын айтты.

 

{jcomments on}“Көмек сұрай барсаң, дөрекі немесе селқос жауап қайырады”. Бұл құқыққорғау органдары қызметкеркерлеріне өкпесі қара қазандай Айтжамал апаның айтқаны. Оның сөзіне сүйенсек, тәртіп сақшыларының өздері де өз істерін толыққанды орындап отырған жоқ. Барса болды, сылтау айтып, шығарып салады екен. Айтуынша, 6-шы қаңтар күні үйі тілсіз     жаудың қызыл жалынына ораныпты. Оқыс оқиғаның себебін тексеру қорытындысы бойынша сарапшылар екі нұсқа келтіріп отыр. Біріншісі, өрт пештен басталса, екіншісі, кісі қолымен қасақана жасалғанға       саяды. Айтжамал апа бір мәмілеге келген шешім ұсына алмай отырғанын айтады.

 

— Мен шығарылған шешімге қол қойған жоқпын. Өйткені, үйімді қасақана біреу өртеген болуы мүмкін. Міне, содан бері 2 ай өтті. Ешкім де келіп оны тексеріп, анықтап жатқан жоқ. Бұл мәселемен Затон аудандық полиция бөліміне үш рет бардым. Одан кейін тергеу бөлімінің қызметкерлеріне: «Мен сіздерге қарайтын аумақта тұрамын, келіп өрт болған жерді өз көздеріңізбен көріңіздер»,- дедім. Алайда, бірде-бір рет келген адам болмады», — деді қала тұрғыны. Шағымын мұқият тыңдаған ІІБ басшысы Жұмабек Исадилов өз кезегінде тиісті құзырлы орган өкілдеріне бұл мәселе жайында тапсырма беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта арызданушының өтініші бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нақты өрттің    неден шыққаны анықталмақ.

Әртүрлі мәселелерді тыңдаған Жұмабек Исадилов жиын соңында арыз-шағымдардың барлығы дерлік назардан тыс қалмайтындығын айтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

11.03.2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттікқызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылаужөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жәнеөз...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

11.03.2026
Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Негізгі міндеттердің...

Толығырақ...Details

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

11.03.2026
Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Конституциялық комиссия мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков модераторлық...

Толығырақ...Details

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

11.03.2026
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Семей қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Абай облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы кездесулерін...

Толығырақ...Details

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

11.03.2026
Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалының мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында конституциялық...

Толығырақ...Details

Діни сауаттылық не үшін қажет?

11.03.2026
Діни сауаттылық не үшін қажет?

Елестетіп көріңіз: сіздің ұлыңыз, қызыңыз, бауырыңыз немесе жақын досыңыз соңғы кезде қатты өзгеріп кеткен. Бұрын ашық-жарқын, көңілді адам болса, енді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

2 часа бұрын

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

6 часов бұрын

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

6 часов бұрын

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

6 часов бұрын

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

6 часов бұрын

Діни сауаттылық не үшін қажет?

6 часов бұрын

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

6 часов бұрын

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

1 день бұрын

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

1 день бұрын

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС