"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА: ДОНОРЛАР САНЫ АРТУДА

02.10.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан әлем елдері арасында алдыңғылардың бірі болып коронавирусты емдеу үшін иммундық плазма әдісін қолдана бастады. Еліміздегі трансфузиология саласы бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми-өндірістік шаралар бұған толық мүмкіндік береді. Жуырда Семей қалалық қан орталығында болып, дәрігерлерден осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс жайында сұхбаттасқан едік.

Қаламыздағы Қан орталығының терапевт дәрігері Алиса Валерьевнаның айтуынша, қазіргі күні иммундық плазма тапсыру үшін қан сараптамасын өткізуге келетіндер саны біртіндеп артып келеді. Күніне ең кемі он адам антидененің бар-жоғын анықтау үшін көк тамырдан қан тапсырады екен. Кейбір күндері келушілер саны 15-17 адамға дейін жетеді.

— Мәселен, коронавирус инфекциясынан айыққан адам плазма тапсырды делік. Егер оның қанының құрамында антидене жеткілікті мөлшерде болмаса, оны ауруханаларға иммундық плазма ретінде бере алмаймыз. Ол қарапайым плазма ретінде ғана қолданылады. Қан құрамында антидененің аз мөлшерде болуы науқастың коронавирустық инфекцияның жеңіл түрімен ауырғанын білдіреді, — дейді білікті маман.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, иммундық плазма доноры болғысы келетіндер бар, бірақ көп емес. Осы орайда Қан орталығының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы ақпарат таратып, азаматтарды барынша хабардар етуде. Дегенмен көбінесе осы дерттің жеңіл түрімен ауырғандар хабарласады екен. Олардың ішінде тұрақты донорлар да бар. Алайда, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, антидене бәрінен бірдей табыла бермейді. Ауырған адамды емдеуге пайдалану үшін қан құрамында антидененің айтарлықтай көп болуы маңызды.

Плазма донордан арнайы аппарат — қан сепараторы арқылы алынады. Бұл процедура плазмаферез деп аталады. Шамамен 50-60 минут ішінде донордан тек қан плазмасы ғана алынады, ал өзге қан компоненттері қайта құйылады.

Жалпы, дәрігерлер бір процедурада 600 мл плазма ала алады. Ең алдымен плазманың не екенін түсіндіріп өтейік. Ол — қанның сұйық бөлігі. Егер қаннан жасушалар (қызыл қан жасушалары, лейкоциттер, тромбоциттер) алынып тасталса, плазма ғана қалады. Оның құрамында ақуыз көп. Плазма ақуыздары көптеген қан функциясына қатысады, олардың кейбірі ауруларға қарсы антидене саналады.

Коронавирус дүние жүзіне тарап жатқанда дәрігерлер қанның плазмасын қолдануды жөн санаған болатын. Вирусқа қарсы ем әлі шықпады, сондықтан дәрігерлер осы амалға жүгінген.

Плазма алмас бұрын донорда коронавирусқа қарсы антидененің қанша мөлшерде екенін анықтап алу міндетті. Одан кейін гемоглобин мөлшері, инфекцияның бар-жоғы (АИВ, гепатит, сифилис) анықталып, қан тобы, резус-факторы тексеріліп, терапевтің тексеруіне жіберіледі. Плазманы алған соң инактивация жасалып, қолданысқа дейін мұздатылған күйінде сақталады.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағындағы қан орталықтарында плазма алуға қажетті құралдар жеткілікті. Соның ішінде Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы мен Семейдегі қалалық қан орталығынан арнайы иммундық плазма банкін құру жоспарланған болатын. Қазіргі күні аталмыш бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Осыған дейін біздің орталық бойынша тек 500 доза иммундық плазма әзірлеу жоспарланған болатын. Бұл меже семейліктердің түсіністік танытып, белсенді атсалысуының нәтижесінде уақытында орындалды. Одан кейін қосымша тағы да 500 доза қан плазмасын жинау туралы шешім қабылданып, қазір донорларды қабылдаудамыз,- дейді Қан орталығының мамандары.

Сөз орайында дәрігерлер қауымына «адамның қан тобы коронавируспен ауыруына немесе ауырмауына әсер етеді» деген ақпарат қаншалықты рас?» деген сауал қойдық.

— Адамның қан тобы оның коронавирусты жұқтыруына еш әсер етпейді. Бізге иммундық плазма тапсыруға келгендердің ішінде барлық төрт қан тобындағы адамдар бар. Алайда төртінші (АВ) қан тобындағы адамдардың көп келгені жақсы, себебі олардың плазмасы кез келген адамға құюға жарамды, — дейді бұл ретте сұрағымызға жауап қайырған мамандар.

Көз жеткізгеніміздей, Қалалық қан орталығына барып, қан талдамасын тапсыруға келіп жатқандардың қатары көп екен. Олардың арасында семейліктер ғана емес, қалаға іргелес өзге де аудандар мен ауылдық елді мекендер тұрғындары бар.

Коронавирус сырқатымен ауырып жатқан азаматтарға көмек беру үшін плазмалық  донор болуға ниет білдірсеңіз, 8-775-458-39-30, 8-7222-42-15-34 телефон нөмерлері бойынша хабарласуға болады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

12.03.2026
Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорда хабарлады....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

12.03.2026
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Семей қаласында «Семей Водоканал» КМҚК ұжымымен Жаңа Конституция мен алдағы референдумның маңызына арналған кездесу өтті. Кездесуге спикерлер ретінде Мұхамедқали Қасқабаев,...

Толығырақ...Details

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

12.03.2026
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға...

Толығырақ...Details

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ARAI EAST FOOD» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12.03.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ARAI EAST FOOD» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Семей қаласындағы «Arai East Food» ЖШС өндірістік алаңында кәсіпорын еңбек ұжымымен кездесу өтті. Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы...

Толығырақ...Details

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

11.03.2026
Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

Мемлекеттік қызмет кез келген елде мемлекеттікфункциялардың тиімді әрі ашық орындалуынқамтамасыз ететін маңызды институт болыптабылады. Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттікқызмет жүйесін реформалау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

11.03.2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттікқызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылаужөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жәнеөз...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

6 часов бұрын

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

6 часов бұрын

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

7 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ARAI EAST FOOD» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

7 часов бұрын

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

1 день бұрын

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

1 день бұрын

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

1 день бұрын

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

1 день бұрын

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

1 день бұрын

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС