"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалану керек

01.03.2021
Атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалану керек
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 26 ақпан күні қалалық Достық үйінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай, дөңгелек үстел өтті. Жиынға Невада-Семей қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Семей қаласындағы Билер кеңесінің төрағасы Шаған Жұмақсанов, «Чернобыль мүгедектері» қоғамының төрағасы Вениамин Следников және басқалары қатысты.

1989 жылы 28 ақпанда өз қатарына 2 миллионнан астам көп ұлтты Қазақстан халқын біріктірген халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Қозғалыс филиалдары Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында, әлемнің көптеген елдерінде ашылды. 27 ақпанда Қазақстанда Үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтіледі. Республикадағы алғашқы үкіметтік емес ұйым Невада-Семей қозғалысы болды.

— Бүгінгі жиын «Невада — Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 32 жыл толуына арналып отыр. Мен осы уақытқа дейін көптеген антиядролық форумдарға қатыстым. Әлем халқы қазақ еліне және Елбасыға әлемдегі бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі үшін үлкен құрметпен қарайды. Біз Семей ядролық сынақ полигонын жаба отырып, әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық полигоннан бас тарттық. Сынақ зардаптары өте ауыр болды. Халқымыз бұған да шыдас берді. Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күн, яғни 29 тамыз, БҰҰ шешімімен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн ретінде аталып келеді,- деді Сұлтан Картоев.

Семей ядролық сынақ полигоны жабылғанымен, өзгелері белсенді. Сұлтан Картоев әскери атомның жетістіктерін тек бейбіт мақсатта пайдалану керектігін айтады.

— Халықтың бірлігі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Мұның барлығы халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арқасында ғана жүзеге асты. Бірақ босаңсуға әлі ерте. Әлемдегі ядролық полигонның біреуі ғана жабылды. Әлі бесеуі бар. Өзгелері тыныш отырса да, белсенді. Әскери атомның жетістіктерін тек бейбіт мақсатта пайдалану керек, — деді Сұлтан Картоев.

Семей ядролық сынақ полигонының куәгері Шаған Жұмақсанов ШҚО халқына он күндік демалысты дұрыс ұйымдастыру мәселесін көтерді.

— 1969 — 1970 жылдары 14-15 жасымнан бастап жазғы демалыс уақытында егіс даласындағы еңбекке араластым. Дегелең тауында Абай ауданының мал азығын дайындау үшін шөп шабылатын. Біз шабылып, жиналған шөптерді ауыл-ауылға тарататынбыз. Жастықтың қызуымен денсаулықтықтың бар кезінде сынақ аумағында еңбек еттік. Бірақ зардабын қазір тартып жатырмыз,- деді Шаған Жұмақсанов. –Бүгінгі күні ШҚО-дан өзге аймақтарға көшкен қызметкерлерге он күндік демалыс берілмейді. Осы мәселені ретке келтіру керек деп ойлаймын. Адам отбасы жағдайымен немесе қызметімен басқа қалаға ауысқанымен, сырқатын тастап кетпейді. Сондықтан депутаттар бұл мәселені көтеріп, оң шешімін табуға көмектесуі керек.

«Чернобыль мүгедектері» қоғамының төрағасы Вениамин Следников «Невада – Семей» қозғалысының бастамашылары тіпті Мәскеуге дейін жеткенін атап өтті.

— 1987 жылы алаңға қолына Семей ядролық сынақ полигонын жабуға шақырған плакат ұстаған ер адам шықты. Оның бұл әрекетіне Чернобыль станциясындағы жарылыс та түрткі болды. Жарылыс туралы теледидардан айтуға тыйым салынған болатын. Бұл адам Вячеслав Кобрин еді. Ол Мәскеуге барып, Ақ үйдің алдында да сол плакатты көтерді. Полиция оны тұтқындауға келгенде, Олжас Сүлейменов байқап қалып, Вячеслав Григорьевичті полицияның қолына бермеді. Содан кейін біз бәріміз «Невада – Семей» қозғалысын құруға атсалыстық, — деді Вениамин Следников.

Дөңгелек үстел басында өзге де қатысушылар «Невада-Семей» қозғалысы туралы естеліктерімен бөлісті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

12.06.2026
Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Президенттің тапсырмаларының орындалуы жайында арнайы жиын өтті. Жиынға басқарма басшылары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде...

Толығырақ...Details

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

12.06.2026
Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

Қала тұрғындары жағалау мен «Ақ балкон» деп аталатын тарихи нысанының аумағын тазалап, өңірдің маңызды табиғи аймақтарының бірін сақтауға өз үлестерін қосты. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

12.06.2026
Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке тұлғалардың мүлік табысына қатысты салық заңнамасы түсіндіріліп жатыр. Бұл туралы департаменттің Түсіндіру жұмыстары...

Толығырақ...Details

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

12.06.2026
Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару саласында бірқатар мәселе әлі де өзекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

11.06.2026
Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К.-дан танымал маркетплейстердің бірінен сатып алынған қымбат Garmin брендінің сағатына...

Толығырақ...Details

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

11.06.2026
Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Алматы қаласының тұрғыны Ж.-дан автосалонның комиссия шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

4 часа бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

4 часа бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

18 часов бұрын

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

18 часов бұрын

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

1 день бұрын

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

1 день бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

1 день бұрын

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

2 дня бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

2 дня бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС