"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ — МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖЕР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

19.03.2021
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ — МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖЕР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ
77
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес елімізде наурыз айының екінші сенбісінде Жер қатынастары, геодезия және картография қызметкерлері күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Ершат Абдурашидұлымен әңгімелескен едік.

— «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі атынан барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Еңбектеріне сәттілік пен өркендеу тілеймін! — деп ізгі тілегін білдірді бөлім басшысы Ершат Назарбеков.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру, жерді тіркеу сынды қызметтерді атқарады. Бөлім ғимараты Семей қаласының сол жағалауында Байтұрсынов, 6 (Қазгипроземнің бұрынғы ғимараты) мекенжайында орналасқан. 130 адамнан құралған ұжымды бес жылдан астам уақыт бойы Ершат Абдурашидұлы басқарып келеді. Бөлімдер бойынша басшының орынбасарлары — Айжан Берікқызы, Мархабат, Сергей Александрович.

Басшылықтың шеберлігі мен қызметкерлердің адал еңбегінің арқасында бөлім өз саласында көшбасшы атанып отыр. Мекеме басшылығы әрдайым сала майталмандары қалдырып кеткен бай тарихын және қызметкерлерін мақтан тұтады. Олардың арасында қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанған спортшылар мен суретшілер де бар.

— Жарты ғасырлық тарихы бар жер кадастры бөлімі уақыт сынына сай көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазір жер қатынастары және кадастры заманауи және жоғары технологиялы салаға айналды. Өйткені, жұмыстың көп бөлігі цифрлық форматта жасалады. Цифрлық деректердің арқасында жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді үйде отырып электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Яғни, жер учаскелеріне көк түсті мемлекеттік бланкілерді беру электронды форматқа ауыстырылды,- дейді бөлім басшысы Ершат Назарбеков.

Дәл сол сияқты электронды үкімет порталы жер учаскелеріне арналған жер қатынастары жобаларын жобалау кезінде жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау, жердің сапасы туралы, МЖК ААЖ графикалық мәліметтері бойынша координаттарды мақұлдау қызметтерін енгізді. Осының арқасында қазір қызмет көрсету мерзімі қысқарып, мазмұны артты.

— Егер бұрын мемлекеттік меншіктен жер учаскесін атыңызға тіркеу үшін кеңселерді аралап, бірнеше ай уақыт өткізуге мәжбүр болсаңыз, енді бұл қызметті алу мерзімі бір айдан аспайды және «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асады, — дейді бұл орайда басшының орынбасары Айжан Молдаханова.

Ғимараттың қабырғасында облыстың әр азаматы мамандардан кәсіби кеңес алып, әр түрлі меншік нысандары үшін шаруашылықаралық жерге орналастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын жасау; ауылшаруашылық мақсатта шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру бойынша жобалар әзірлеу; топографиялық-геодезиялық жұмыстар; жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; жерді түгендеу; топырақтың қорытындысы; топырақты бағалау; жерді агрохимиялық зерттеу; мемлекеттік жер кадастры туралы ақпарат беру; ауылшаруашылық өнімі шығындарының құнын есептеу; кадастрлық нөмірлерді тағайындау; жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және басқа да құжаттарға тапсырыс бере алады.

Жоғарыда аталған барлық жұмыс түрлері жоғары дәлдіктегі AutoCad, ArGIS, CorelDraw, MapInfo геодезиялық құралдарымен және өзге де бағдарламалардың көмегімен орындалады.

— Біздің елді мекен шекарасында нысандар салу үшін жерге арналған мемлекеттік құжаттың жаңа түрі — жер-кадастрлық жоспарлар енгізілді. Биыл біздің қалада тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелерінің үлкен аумағына жер-кадастрлық жоспарлар жасау және беру жоспарланып отыр. Бұл азаматтар үшін құжаттарды рәсімдеу қызметтерінің мерзімі мен құнын жеңілдетеді, — дейді Ершат Абдурашидұлы.

Семей қаласының бөлімі жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырмаларды орындайды. Мамандандырылған зертхананы иелену, топырақты зерттеу, жер мониторингі, топырақты тегістеу, топырақ карталарын құру, электронды жер кадастрлық карталарын құру жұмыстары жүздеген мың гектар жерде жүзеге асырылады. Бұл — мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен сенім. Жерге орналастыру — мемлекеттің жер саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы. Жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мен Қазақстанның тұрақты экономикаға, әлеуметтік салада, саясатта, мәдениетте және спортта жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өткім келеді. Өз ісінің кәсіби мамандары – еліміздің болашағы!- деді сұхбат соңында Е.Абдурашидұлы.

Жер қатынастары, геодезия және картография қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейміз!

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

9 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

9 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

9 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

9 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

9 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

9 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

9 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС