"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы Үржарға келді

19.04.2021
Аймақ басшысы Үржарға келді
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов жұмыс барысымен Үржар ауданында болды.

 Облыс басшысы алдымен аудан орталығындағы әуежайдың ұшу-қону алаңының ені мен ұзындығын кеңейтуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 19 сәуірден бастап Үржардағы әуежай қалпына келтіру жұмыстарына байланысты жабылады, ал туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны артады.
Құрылыс жұмыстары үш ауысымда, яғни, бір мезетте терминалда, басқа ғимараттарда және ұшу-қону жолағында жүргізіледі.

Бастапқыда әуе қатынасын үзбеу үшін уақытша қону жолағын салу ұсынылған. Алайда оның құны 5,6 млрд. теңгені құрағандықтан, бұл жоба іске аспады. Осы күнгі кездесу барысында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы әуежай ғимаратын қайта жөндеуге көмек ретінде мамандар жіберетінін жеткізді.

Даниал Кенжетайұлы әрі қарай Мақаншы ауылына жол тартты. Мақаншы — бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың жаңа бағдарламасына енген 16 ауылдың бірі.

Аймақ басшысы мұнда күрделі жөндеуден өткен 140 орынға арналған балабақша ғимаратында болды. Мекеменің материалдық-техникалық жағдайын және жалпы дайындық жұмыстарын қарап, оң бағасын берді. Балабақшада бүлдіршіндер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.

Аймақ басшысы Үржарға келді

Даниал Кенжетайұлы осыдан соң ауылдағы жөндеуден өткен 60 орынға шақталған жұқпалы аурулар бөлімшесінің жұмысымен танысты. Бұл ғимарат 7 жылдан астам уақыт бос тұрған еді. Қазір мұнда оттегі станциясы, реанимациялық палаталар және дәрігерлерге арналған уақытша жатақхана бар.

Көптеген жылдар бойы аурухананың жанында тағы бір корпус бос тұр. Оны жақын арада жөндеп, күндізгі стационары бар емдеу-дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл аурухана 15 мың мақаншылықтан бөлек жақын маңдағы 16 ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Одан бөлек, биыл қараша айына дейін Мақаншыдағы су құбыры құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілмек.

Даниал Кенжетайұлы Үржар аудандық орталық ауруханасына да соғып, 2020 жылы аудандық орталық ауруханада атқарылған бірқатар жұмыстармен  танысты. Ауруханадағы рентген, компьютерлік томография кабинеттерін көрді.

Аймақ басшысы Үржарға келді

— Үржардағы аудандық аурухана туристік маусымның ашылуына дайын деп сеніммен айта аламыз. Бүгінде мұнда оттегі станциясы мен ПТР-зертхана бар. Компьютерлік томограф және рентген-аппараты орнатылып, күрделі нейрохирургиялық операциялар жүргізілуде. Үржар аудандық ауруханасының мамандары Израиль, Литва және Ұлыбритания клиникаларында оқудан және практикадан өтті. Жалпы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады,- деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Даниал Кенжетайұлы сапар соңында аурухана ұжымына зор денсаулық тілеп, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Аяжан БИЯХМЕТОВА, «Семей таңы»

 

 

Мақалада: Облыс әкімі Үржар Ахметов

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 день бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 день бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

7 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

7 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС