"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Майдангерім — мақтанышым!

06.05.2021
Майдангерім — мақтанышым!
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл толды. Майдан жылдарында қаншама тағдыр қыршын кетті. От пен оқта өмір кешкен қаншама майдангердің жары мен анасы жол жаққа телмірумен күн кешті…

Әкесіз өскен жетімек балалық шақ, тартысқа түскен тағдыр, азап пен тауқыметке толы өмір — мұның бәрі зұлмат соғыс жылдарының көрінісі. Сөнген үмітті тұтандырып, келешекке сенім ұялатқан ұлы ұғым, көптен күткен қуаныш «Жеңіс» сөзі болған еді.

Отанды азат ету жолында Үржар ауданынан да талай боздақ соғысқа аттанып кетті.

Олардың көбі бүгінде бұл өмірде жоқ… Санаулысына ғана осы бейбіт күнді көру бақыты бұйырыпты. Солардың бірі – Үржар ауданының тұрғыны Иван Салманов.

Иван Ефимович Салманов 1914 жылы 11 қарашада Ворошиловград облысы Трехизбинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға шақырылып, 59-атқыштар дивизиясының құрамында П.Т.Р. ротасында Запарожье мен Мелитопольды азат етуге қатысты. Майдан шебінде екі жарақат алып, ІІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. «І дәрежелі Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Будапешті басып алғаны үшін» медальдарымен және 2015 жылы Жеңіс күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталды.

— Мен майдан шебіне 18 жасымда аттандым. Ол кезде жастықтың жалындап тұрған шағы еді. Соғыста жер, мемлекет таңдамаймыз. Қайда жібереді, сонда бармыз. Отан үшін, ата-анамыз бен бауырларымыз үшін жан аямай барымызды салдық. Соғыста екі жарақат алып, елге оралдым, — дейді Иван Салманов.

Иван Салманов елге оралған соң Ворошиловград ауылшаруашылық институтына түседі. Оны 1950 жылы тамамдаған соң Қазақстанға, Жаңа Шүлбі ауданына жұмыс бабымен ауысып келеді. Әрі қарай Үржарға қоныс аударып, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Үржар ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызмет етеді.

— Соғыстан кейінгі елдің жағдайы тым ауыр болды. Халықта ішерге ас, киерге киімі жоқ. Осының бәрі майданнан оралған жауынгерлерге оңай болмады. Оқ пен оттың арасынан келген майдангерлер отбасын асырау үшін бірден еңбекке араласты,- дейді ардагер.

Еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған. Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері атағын алған. 1986 жылдан бастап республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

— Қазір біз тыныш, аспаны ашық, болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ азаттықтың қалай келгенін тарихтан біледі. Олар тәуелсіздіктің қадірін біледі деп ойлаймын. Қаншама елді алауыздық жайлаған қазіргі уақытта тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан халқымыз шынымен де бақытты,- дейді ардагер.

Аналар да, балалар да жыламасын, жеріміз жұтамасын. Ұлан-ғайыр кең даламызды соғыс өрті шарпымасын. Бұл — барлық адам баласының арман-тілегі. Бейбітшілік жасасын!

Аяжан БИЯХМЕТОВА ,«Семей таңы»

Мақалада: Иван СалмановҮржарҰлы Отан соғысы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

22 часа бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

22 часа бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

7 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

7 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС