"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тыныштық тек түсімізге кіретін болды

01.06.2021
Тыныштық тек түсімізге кіретін болды
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігіне  қатысты БАҚ құралдары мен әлеуметтік желіде жарық көріп жатқан жарияланымдар әр түрлі ойларға жетелейді… Александр Блоктың сөзімен айтқанда, тыныштық тек түсімізге енетін болды («Покой нам только снится»).

Биағамыздың, Бейімбет Майлиннің сөзімен айтқанда, даудың басы Дайрабайдың  қай көк сиырынан басталды? Жыл басында Семейде жолаушылар тасымалы мен  жылу, тұрмыстық қалдықтар мәселесіне байланысты шу болды. Бұл кеше мен бүгін туындаған әңгіме емес, бұрын да болған, алдағы уақытта да болады. Жиналмай қалған қоқыс, жылынбай қалған үй, аялдамада түнеп қалған халық жоқ… Мәселенің барлығы бюджеттен бөлінетін  қаржының күшімен шешіліп жүр. Қанша қаржы бөлінсе де жетпейді… Осы «жетпейді» бір топ депутаттың ҚР Президентіне  хат жазуына себеп болды.

Мемлекет басшысының өзіне!!! Басты тақырып — АҚША БЕРМЕЙДІ!

Алайда өздерінің талаптарының орынды екендігін дәлелдеп жатқан олар жоқ. «Егер бермесеңдар, Президентке жазамыз!» деген қорқыту мен үркіту…

Semey Bus ЖШС айналасында талай әңгіме айтылып жатыр. Соңғы үш ай уақыттан бері  көпшілік жеке бастарының мүддесін қорғаған топтың әр түрлі әңгімесін тыңдаудан  жалыға да бастады. Аталған мәселені үлкен драмаға айналдырып отырған кәсіпкерлер өздерінің лас ойындарына автобус жүргізушілері мен кондукторларды да тарта бастады. Проблема көп. ММСҚ, зейнетақы қоры, еңбекақының мезгілінде төленбеуі т.т. Қарапайым халыққа барлығына билік кінәлі деп ақталып жүргендер өздерінің  кемшіліктерін өзгелерге аударуда… Ақиқатты соттан іздеуден басқа амал қалған жоқ…

Жылу. Семей қаласы үшін ең маңызды тақырып! Биліктің беделін түсіру үшін бұдан асқан тақырып болмаса керек. ЖЭО-3 құрылысы неге басталмай жатыр,  инвесторларға неге жер бөлінбеді деген әңгіменің тереңіне бойлап жатқандар аз… Жоғарғы сот үлкен көлемде алынатын несиеге  жерді кепілдікке  қоймақшы болған  күмәнді топқа қарсылық танытқан  биліктің қадамын қолдады.

Тұрмыстық қатты қалдықтар —  жауыр болған тақырып. Қоқыстың жиналмауына біресе қажетті техникалардың жоқтығын сылтау етсе, ал енді бірде  келісімшартқа қол қоймаған тұрғындарды, тіпті қоқыстың шашылып қалуына қаңғыбас иттер мен адамдарды кінәлаумен келе жатқан бұл қызметтің  мәселесіне нүкте қойылар емес… Келісімшартқа қол қоймаған  қала тұрғындары сапалы қызмет талап еткендері үшін айыпты ма?!

Семейдегі жол мәселесі — сақалды тақырып. Жол жөндеуге ақша бөлінудей–ақ бөлініп жатыр. Кәсіпорындар конкурс арқылы миллиардтаған тапсырысты ұтып алуда. Жыл сайын қанша  көлемде жолдардың жөнделгені жайлы есеп  берілуде. Алайда тақырып күн тәртібінен түскен емес. Неге биыл жөнделген жолдар келесі жылы жарамсыз болып қалады? Себеп не? Әлде сапаның төмендігі мен ұйымдастыру жұмысының  әлсіздігінен бе?

Көгалдандыру жұмысына байланысты  проблемаларды жіпке тізбей-ақ қоялық… Барлығы жоспарлы, алынған міндеттеме аясында шешілуге тиісті мәселелер. Конкурсты ұтып алған кәсіпорындар өздеріне алған міндеттемелерін орындаулары керек.

Бүгін сөз қылған тақырыптарға жауапты — «Гордорстрой» ЖШС және басқа да кәсіпорындар меншігі болып саналатын Әйкелевтер жанұясы мен сол жанұяның командасы, олардың достары. Олардың билікте де, депутаттар қатарында да, әр түрлі партияларда да өз адамдары бар. Соңғы кездері қоғамның белсенді тобын да өздеріне тарта бастағандары байқалады. Қоғам белсенділері мен депутаттар жағдайды өршітіп, әлеуметтік желі арқылы әділдік іздеп, «жанайқайларын» жеткізуде. Бұлар шын мәнінде қарапайым халықтың қамын ойлап отыр ма, қалай ойлайсыздар? Олардың негізгі мақсаттары — бюджет қаржысын көбіреп қармап қалу.

Өзіміздің жеке пікірімізге Сіздерді тәуелді ету мақсатын көздеп отырған жоқпыз, құрметті оқырман! Жағдайды түсіндіру — біздің міндетіміз, ал қорытынды жасау өз еріктеріңізде. Сырттай бақылай отырып, біздің түйген ойымыз — кәсіпкерлердің қалтасы толған үстіне тола түсу керек сияқты.

Ал әзірше тыныштық түсімізге ғана кіріп тұр…

 Р. Маулханқызы

Мақалада: «Гордорстрой»ӘйкелевтерқоқысСемей

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

23.03.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция...

Толығырақ...Details

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

23.03.2026
Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күні Абай облысында ауқымды экологиялық акциялармен жалғасын тапты. Өңір жастары табиғатты қорғау, тарихи мұраны сақтау және...

Толығырақ...Details

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

22.03.2026
Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

Абай облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Той-думан тек 22 наурызбен шектелмей, мерекені ұлттық жаңғыру...

Толығырақ...Details

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

22.03.2026
Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

Semeytany.kz - Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде 21-22 наурыз күндері дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы «ABAI OPEN» республикалық турнирі өтіп...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым....

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

22.03.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

2 дня бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

2 дня бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

3 дня бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

3 дня бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

3 дня бұрын

Абай облысында құрылысқа бақылау күшейіп 3 мыңнан астам өтініш қаралды

4 дня бұрын

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

5 дней бұрын

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

5 дней бұрын

Жайық. Ертіс. Айтыс

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС