"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОМИССИЯ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

28.12.2021
КОМИССИЯ ЕСЕБ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

 Шығыс Қазақстан облысында мұрағаттардан саяси қуғын-сүргін көріп, әлі күнге дейін ақталмаған 2847 адамның ісі табылды. Бұл жайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Жиында ШҚО әкімі Даниал Ахметов аталған комиссияның есебін тыңдады.

— Тарихшылар, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары үлкен әрі маңызды жұмыс атқарды. Мұрағаттардан ақталмаған 2847 адамның ісі табылған. Олардың 2666-сы оңалту шараларымен қамтылуы тиіс. Бүгінде комиссия барлық қажетті құжаттарды дайындап қойды. Өз туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін азаматтардың өтініштерінен кейін біз арнайы портал аштық. Онда қалдырылған әр өтінішті мамандар міндетті түрде қарастырады. Қазірдің өзінде 494 іс мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілмек, — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ комиссия мүшелері күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық зерделеген. Оның үстіне алғаш рет олардың нақты саны анықталмақ.

— Бұдан бөлек, мамандар Ұлы Отан соғысы кезінде концлагерьлерде болған шығысқазақстандық тұтқындардың істерімен жұмыс істеуде. Осы жұмысқа студенттерді, магистранттарды, волонтерлерді тарту қажет. Біз өз тарапымыздан оларды қажетті жабдықпен қамтамасыз етуге дайынбыз. Тарих ешқашан да ұмытылмауы және бұрмаланбауы керек. Бұл саяси кезең толыққанды зерттелуі тиіс, — деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі аймағымыздың тарихшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдардың үлкен әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Жалпы, аталмыш комиссияның басты міндеті — кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру. Осы кезеңге дейін жинақталған материалдарға жан-жақты әрі кешенді зерделеу жүргізілгеннен кейін, халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде жекелеген санаттарға қатысты қуғын-сүргін құрбандарын саяси ақтау іс-шарасы жоспарланып отыр.

Отырыс барысында комиссияның қызметін ұйымдастырудың міндеттері мен негізгі сәттері, оның 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспарын қорытындылау, қуғын-сүргін құрбандарының түрлі топтарын ақтау жөніндегі қызметті әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Сөз соңында айта кетелік, биылғы жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Қазіргі таңда комиссия мүшелері жер-жерлерде қызу қарқынмен жұмыс жүргізіп жатыр.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Мақалада: КОМИССИЯ ЕСЕБ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

10 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

10 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

10 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

10 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

11 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС