"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЫНДАР ЕГЕМЕНДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

30.11.2021
АҚЫНДАР
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 26 қараша күні Шәкәрім университетінде Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбымен ақындар айтысы өтті.

Сөз барымтасында қаламыздың азулы ақындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын, осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімізді, Семейдің бүгінгі тыныс-тіршілігін жырға қосып, бір-біріне тосыннан сауал қойды. Жыр шеберлерінің өнерлеріне халықаралық конкурстардың лауреаты, облыстық филармонияның бас режиссері Серәлі Құсманұлы, Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай, айтыскер ақын Дәулет Сметов, ақын Қарлығаш Әділханқызы қазылық етті.

— Алаштың ақсүйек өнері, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында бүгін сіздермен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Барлықтарыңызды алда келе жатқан Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен құттықтаймын! Жыл басында қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, әдебиет пен мәдениетке, өнерге қолдау көрсету ниетімен азын-аулақ қаржы қарастырып, ауқымды шара жоспарлаған едік. Бірақ пандемия кедергісін келтірді. «Ештен кеш жақсы» демекші, жыл соңында «Қазақстан жастарын қолдау» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Ақындарымызға сәттілік тілеймін,- деді Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай.

«Абай» атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров та ақындарға жылы лебізін білдірді.

— Ән мен жырдың бесігі, Алаштың рухани астанасы — қасиетті Семей жерінде, Абай елінде бүгін үлкен дүбірлі думанның куәгері болмақпыз. Ең алдымен осы айтыстың өтуіне мұрындық болып отырған қалалық ішкі саясат бөліміне алғысымызды білдіреміз. Мұхтар Әуезов: «Қазақтың қанына біткен екі егіз өнері бар. Бірі — қазақтың күресі, бірі — қазақтың айтысы»,- деген екен. Айтыс – қазақтың қанына біткен қасиетті өнер, сөз барымтасы.

Бүгін айтыстың алдаспанындай жарқыраған ақындар әділқазылық етіп отыр. Алла ақындарымыздың аузына шұрайлы сөз салсын. Өнерлеріңіз өрісті, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз келісті болсын. Осында қазақ өнерін сыйлап келіп отырған жастарды көріп, көңілім толқып тұр. Сіздердей жастар барда ұлттың байрағы құламай, қаймағы бұзылмай жасай береді деп ойлаймын,- деді Аслан Ғафуров.

Сөз аламанында І орынды Айбек Жеңісқазин қанжығасына байласа, ІІ орынды Қуандық Кенжебекұлы, ІІІ орынды Мирас Зекенов пен Жасұлан Мақаев иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.

 А.САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: АҚЫНДАР

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

8 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

8 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

8 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

8 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

8 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

8 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

8 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС