"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

 «БІЗ ХАЛЫҚТАН ТҮСКЕН СҰРАҚТАРҒА ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ТИІМДІ ЖАУАП БЕРУІМІЗ КЕРЕК»

26.11.2021
СЕМЕЙ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда өткен Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде алғашқы болып күзгі-қысқы кезеңде су бұру арналары мен арықтардың су өткізуге дайындығы мәселесі қаралды.

Бүгінде қаланың 16 ауданында орналасқан су бұру арналары мен арықтардың ұзындығы 52 шақырымды құрайды.

Дайындық кезеңі — қоқысты тазарту, шөпті шабу, су бұру арналарын тереңдету жұмыстары тамыз айынан басталып, қазіргі уақытта жалғасуда. Жұмыс нысандары Кордон, Контрольный, Затон, Дальняя, Березовский кенттері, Татимов, Огородная, Паровозная, Садовая, Макаренко, Ақкөл көшелері, 7-8 тұйық көше, Дөнентаев, Белібаев, Мичурин, Фестивальная көшелерінде орналасқан.

Су жіберуді жақсарту және саяжай алабы ауданындағы тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін Шығыс кенті аумағында диаметрі 520 мм-лік құбырлар 700 мм-лік құбырларға ауыстырылды. Сондай-ақ Походная көшесінде құбырлар төселді.

Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан арықтарға түгендеу жүргізіліп, Амбулаторная, Терешкова, Сейфуллин, Фестивальная көшелерінде жаңа арықтар қажет екені анықталды. Арықтар тарту үшін 2022 жылы 8 миллион теңге көлемінде қаражат бөлуге өтінім жасалды.

Су бұру арналарын қадағалау бойынша жер учаскелерін өз бетінше иемденіп алу, су қорғау аймақтарында, сондай-ақ жер асты сулары бар аумақтардан жер беру сынды түйткілді мәселелер де бар. Жер иелері көбінесе арықтар өтетін аумақтарға кіргізбейтінін де айта кету керек.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жоғарыда аталған көшелерде осы жылдың соңына дейін қосымша суағарлар өткізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

— Егер осы жұмыстарды барынша жылдамдатуға және басқа жобалардан үнемдеу есебінен 8 миллион теңге іздестіруге мүмкіндік болса, онда оларды осы жылы аяқтау қажет. Бұл тұрғындардың жылдарға созылған проблемасы, сондықтан біз олардың қарапайым сұраныстарына жедел және тиімді жауап беруіміз керек, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Жер қатынастары және сәулет, қала құрылысы бөлімдеріне су қорғау аймақтарында жер учаскелерін сатуға жол берілмейтіні, бұл үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Кеңейтілген аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін бөлім басшысына қатысты әкімшілік жазалау шаралары қабылданатын болады.

 Семей қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ХАЛЫҚТАН

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

4 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

4 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

4 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

4 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

4 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

4 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

4 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС