"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗГЕ БҮЛІК ЕМЕС, БІРЛІК КЕРЕК

13.01.2022
БІРЛІК

фото: tengrinews.kz

27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Барыс жылының басында Жаңаөзенде газдың қымбаттауына байланысты басталған бейбіт шеру Қазақстанның басқа қалаларында, әсіресе, Алматыда жаппай тәртіпсіздікке, лаңкестікке ұласып, көптеген адам шығынына әкеліп соқты. Шерудің алғашқы күндері Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа оқ атуға тыйым салып, рұқсат бермеді. Ал содырлар (шет елдерден келген және өз ішіміздегі) болса әскерилер мен полиция қызеткерлерін, қарапайым халықты ұрып-соғып, өлтіруге көшті. Міне, сол кезде ғана Президент шұғыл және батыл шешім қабылдап, әскерилер мен тәртіп сақшыларына қару қолданып, содырларды ескертусіз атуға бұйрық берді. Осындай батыл шешімнің арқасында лаңкестердің жолы кесілді. Еліміздегі жағдайдың ушығуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан мүше болып табылатын ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Президенттің бұл шешімін де қолдаймыз.

Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа бірнеше үндеу жасап, осындай қиын кезеңде елмен, халықпен бірге болатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының батыл шешімдер қабылдауының нәтижесінде еліміздегі жағдай тұрақталып келеді.

Президент өзінің халыққа арнаған үндеулерінде елімізде болған лаңкестік оқиға жан-жақты зерттеліп, тексерілетінін, кінәлі адамдар жазаланатынын, күштік құрылымдар мен олар пайдаланатын құралдар жетілдірілетінін, жалпы, елімізді реформалау туралы өзінің платформасын ұсынатынын айтты.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыста және ауданымызда арнайы штабтар құрылып, жұмыс істеуде. Тарбағатай аудандық штабының бастығы — аудан әкімі Асхат Смаилов бөлім, мекеме басшыларын, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларын бірнеше рет жинап, төтенше жағдайға байланысты тапсырмалар берді. Аудандағы жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Құқық қорғау органдары мен мекемелер, ауыл әкімдері, ерікті жасақшылар тобы тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Бұл біздің амандығымыз үшін, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін қажет.

Ел болып Мемлекет басшысына қолдау көрсетейік!

Ержан ҚҰТТЫБАЕВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

ҚР білім беру ісінің үздігі

Мақалада: БІРЛІК

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

18.06.2026
Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

Абай облысында әскери міндеттілерді кезекті әскери жиынға шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

18.06.2026
Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Абай облысында мамыр айы бойы «Таза Қазақстан – Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

18.06.2026
Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

Цифрлық технологиялар дәуірінде ғылымды дамыту тек зерттеу жүргізумен ғана шектелмейді. Заманауи университеттер үшін ғылыми деректерді тиімді талдау, болашақтағы зерттеу бағыттарын...

Толығырақ...Details

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

8 часов бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

8 часов бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

8 часов бұрын

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

2 дня бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

2 дня бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

3 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС