"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДАҒЫ ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

15.01.2022
ӘЛЕУМЕТТІК
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 13 қаңтар күні қала әкімі Бақытжан Байахметов жанар-жағармай және әлеуметтік азық-түлік бағасын реттеу бойынша кеңес өткізді.

Бүгінде қалада әлеуметтік нан мен жанар-жағармай жеткізу бойынша жағдай тұрақты. Қалада 30-дан астам нан өндіруші тұрақты жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірілері: «СемНан», «Тұмар» ЖШС және басқалары. «СемНан» күн сайын дүкендерге 110 теңгеден үш жарым мың бөлке әлеуметтік нан жеткізеді. Әкімдік сауда нүктелерімен жасаған меморандумға сәйкес, дүкендер нан үшін 5 теңгеден аспайтын үстемақы қосады. Нәтижесінде, аталған өндірушіден алынған нанның құны 115 теңгеден сатылады. Ал өзінің жеке наубайханалары бар «Апрель», «Адал» сияқты ірі супермаркеттерде нан бағасы одан сәл арзан. Оларда нан 95-100 теңге аралығында.

— Менің жеке парақшама тұрғындар нан жеткізу және газ, бензин, дизель отынының бағасы бойынша көптеген сұрақтар жазады. Бүгінде Семейде ұн тарту комбинаттары мен цехтары тұрақты жұмыс істейді. Бұл қаламызға сырттан нан әкелмеуге мүмкіндік береді. Әкімдіктің арнайы жұмыс тобы ұн мен нан бағасының құрамдас бөлігін есептеді. 38 пайыз — бұл жанар-жағармай шығындары, 18 пайыз — электр энергиясы. Оған қоса салықтар мен жұмысшылардың жалақысы бар. Мемлекеттік қолдау шаралары қазіргі бағаларды ұстап қана қоймай, олардың біршама төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, — деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Мемлекеттік реттеу аясында жанар-жағармай бағасы да тұрақтанды. Автожанармай құю желісінде «Гелиос», «Авантаж» және басқа да компаниялар А-92 маркалы бензинді литріне 177-180 теңге аралығында сатады. Газ — 60 теңге. Дизель отыны бағасының да айтарлықтай төмендеуі байқалады. Егер біраз уақыт бұрын оның құны 300 теңгеден асып кетсе, қазір — 260 теңге.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде осы қиын-қыстау кезеңде отандастарымызға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Бұл шешім — уақытылы әрі дұрыс. Сондықтан жергілікті атқарушы биліктің міндеті — Мемлекет басшысы мен үкіметтің барлық тапсырмаларын дәл әрі тиімді орындау,- деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Қала әкімі өз сөзінде қабылданған шаралардың нәтижесінде, тұрмыстық газ бағасы да төмендегенін атап өтті. 25 литрлік тұрмыстық газ қазір 1700-2500 теңге аралығында сатылуда. Ал 50 литрлік газ сыйымдылығының бағасы 5 мыңнан 3400 теңгеге дейін төмендеді.

Бақытжан Байахметов барлық жергілікті өндірушілерге семейліктерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, әкімдіктің тиісті бөлімдеріне шағын және орта бизнестің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасы бойынша жақын арада тұрақтандыру қорының өнімдері саудаланатын дүкендер мен сауда нүктелерінің желісі кеңейтілетін болады. Айта кетейік, тұрақтандыру қорының өнімдері базар бағасынан төмен.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Семей

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

8 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

8 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС