"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРЫЗ АЛДАҒЫ ЕКІ АПТАДА ӨТЕЛЕДІ

15.01.2022
ҚАРЫЗ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында өткен жылы 2835 отбасы, немесе 12880 адам, атаулы әлеуметтік көмек алды. Осы жылдың басында аталған тізімге тағы 300-ге жуық отбасы қосылады. АӘК құжаттарды қабылдау мерзімі 31 қаңтарға дейін жүзеге асырылады. Төлемдер 10 ақпанға дейін жүргізіледі.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, төлемдер бойынша 43 отбасы алдында мемлекеттің қарызы бар. Бұл — желтоқсан айында тиісті құжаттарды кеш тапсырған отбасылар. Арнайы комиссия құжаттарды 10 күн ішінде қарайды. Аталмыш отбасыларға бұл қарыз алдағы екі апта ішінде өтелетін болады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметовтің төрағалығымен өткен арнайы жиында айтылды. Осы мәселелер бойынша қала тұрғындары өтініштерін әкімнің жеке парақшасына да жазған болатын.

— 2 миллион 200 мың теңге сомасындағы бұл қарыз 2 апта ішінде өтелуге тиіс. Әлеуметтік төлемдер бойынша көп кідірістер болмауы керек. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміттеніп отырған  тұрғындармен заңгерлік көмек, кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деп тапсырма берді қала әкімі Бақытжан Байахметов Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне.

Бұрынғы АӘК алушылар үшін барлық құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ. Тек алимент бойынша табыстар мен төлемдер туралы анықтаманы жаңарту ғана талап етіледі.

АӘК мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Ол инфляция коэффициентіне сүйене отырып есептеледі. Бүгінде Қазақстанда ол 36 018 теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттен басқа да қолдау көрсетіледі. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың әрқайсысына шамамен 9 мың теңге мөлшерінде азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдар ай сайын үйлеріне жеткізіледі. Сондай-ақ жаппай оқыту желісі бойынша оларды балабақшаларға, жазғы лагерьлерге тегін қабылдап, мектеп формасы және аяқ киіммен, кеңсе тауарларымен тегін қамтамасыз етеді. Осыған қоса, аталмыш балаларға мектеп асханаларында тегін тамақтану, үйірмелер мен спорт секцияларына тегін бару және қоғамдық көлікте тегін жол жүру қарастырылған.

Жалпы алғанда, Семей қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 686 бала бар.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ҚАРЫЗ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

8 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

8 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС