"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ – ОНЫҢ ПЕШЕНЕСІНЕ ЖАЗЫЛҒАН ТАҒДЫРЫ

20.01.2022
АБАЙ
62
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Мынау өлмепті, тірі екен»

Осы бір тіркес – Қайымның түрме азаптарының куәсі. Иә, ол өлген жоқ! №14 камераның дәмін татып, адам төзгісіз азаптаулардан кейін ес-түссіз қалса да есін жиғанда осы сөзді естіді… Мынау өлмепті, тірі…

Оны Тәңірі қолдады. Абайы үшін, қазағы үшін тірі қалды. Фәни дүниенің сексен сегіз жылы нәсіп етілді маңдайына. Абайды, оның айналасын түгендеу үшін. Себебі Абай оның пешенесіне жазған тағдыры еді.

«Абайымнан түк қалмайды…»

Иә, ол мойындаса, алаш зиялыларындай, Абайды да айта алмайтын мылқауға айналатынымыз күмәнсіз еді.

«Егер мен мойындасам, Әуезов кетеді. Әуезов кетсе, Абайымнан түк қалмайды…».

Әрбір аяусыз ұрып-соққан сайын ішінен осы сөздерді күбірледі. Ішкі дауысы оны алдағы жарқын күндерге жетеледі. Ол мойындамады. Ол Абайын сатпады. Ол Мұхтарын қолдады. Қазағын қорғады.

Ол Алаш ойымен тамырланды

Алаш аңсарын, алаш аманатын жеткізу үшін жаралғандай. Себебі Қайым алаш арыстарының әңгіме-дүкенін рухына сіңіріп өсті. Ол – алаштықтардың қазыналы ойларын құйып алған қормалы. Елдің танымал ақын – әншілерінің сағаттап отырып ән мен жырға толтырған өнер базарының куәсі болды.

Абайдың көзін көрген жандармен дастарқандас, дәмдес болды, талай сырға қанықты. Зиялылар бас қосып кеңескен әңгіме-дүкен бала Қайым зердесінде жатталып, көкірегінде шежіредей қатталып, кемелдікке жетеледі. Өмір тәжірибесінде үнемі сәуле беріп, ұлтжанды болып өсуіне себеп болды. Себебі Қайым алаш идеясының мирасқоры еді.

Әкесінің тілегі Қайымға аманат еді

Қайым отызыншы жылдардың зобалаң-сұмдықтарын басынан өткерді. Әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы халық жауы атанды, көмусіз, атаусыз қалды. Ол Қайымның дарқан көңіл, парасаты болып өсуіне зор ықпал жасаған жан еді. Ол өзінің адал еңбегімен жиған дәулет-байлығымен ұлт руханиятына демеушілік қылды. Халық жауы атанып, ескерусіз қалған әкенің «ұлтым» деген жалғыз тілегі перзентіне аманат еді. Қайым әке аманатына адал болды, әке аңсарын орындады.

Оларды телқоңырдай жақындастырған Абай еді

«Мұхтарды сат, диссертацияны зорлап жазғызды, ғылыми еңбектеріңнен бас тарт, жазаң жеңілдейді». Бұл – Қайымның сегіз ай тергеуде жатқанда естігендері. Тергеушілердің лажсыздан ойлап тапқан әрекеттері еді. Әдебиетті саясаттың құлы еткен қоғам Қайымды өз үдесінен шығара алмады. Себебі ол жалған айта алмады. Осы мінезі оны Карлагтың қан шеңгеліне тоғытты.

Иә, ол ғұлама Мұхтардың жанторсығы атанды. Тіпті жазықсыз айыптауларда «Әуезовтің көлеңкесі» деушілер де болды. Ол, шын мәнінде, Мұхтардың ғылымдағы сенімді серігі, рухани інісі еді. Ал оларды телқоңырдай жақындастырған Абай еді.

«Тарта гөр Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңе мен еркін сыям!»

Туған топырақтың қадірін бұдан артық қалай жеткізуге болады екен. Темір торлы тас қамау тұтқыны Қайымның өмірге құштар жанын шабыттандырған, жігерін жүдетпеген қуат туған жерге деген махаббаты еді. Қайым азаттық күнге аңсарын қазақтың қара өлеңінен тапты. Ақын рухының тәу етері – туған жері. Жазықсыз жала жабылып, торықса да, үміт, мақсұт үстем. Алған бетінен қайтпауға бекемдігі туған жерге деген сағыныштан тамыр алады.

«Бүгінде ұйқым тыныш, себебі рухым таза»

Қайымды айналасындағылары сатса да, сағы сынбады. Азапты тартса да, қиындықта мұқалмады.

Жай жүрсем, табалады ұтылды деп,

Қатты бассам, күндеді құтырды деп,

Орта жүрсем, онда да көре алмады-ау,

Бұл өзі ақылды адам сықылды деп.

Өз заманының адам түсініп болмас әсірелігіне таңырқап, жанындағылардың құнсыз тірлігіне күйінсе де, Қайым ұлттық мүддені жеке бас қамынан жоғары қойды. Қайым – қайталанбас тұлға, жаратылысы ерен жан.

 

Ақмарал СМАҒҰЛОВА

Шәкәрім университеті, ф.ғ.к.

Мақалада: АбайРуханият

Ұқсас жаңалықтар

МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН

28.04.2022
МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН

МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН Шәкәрім университетінде ақын, «Абай» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратбек Қабиденұлы Оспановтың 60...

Толығырақ...

СЕМЕЙДЕ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТЕДІ

25.04.2022
СЕМЕЙДЕ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТЕДІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 18:00-де Семей қаласында Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің...

Толығырақ...

«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

31.03.2022
«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Таза сессия» акциясы...

Толығырақ...

ҰЛЫ АҚЫН МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

26.03.2022
ҰЛЫ АҚЫН МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ЕЛОРДА ТӨРІНД

Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл   Өткен аптада, Нұр-Сұлтан қаласында Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ғұлама ғалым, кемеңгер жазушы...

Толығырақ...

СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

23.03.2022
СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

Семейліктер карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті. Негізгі мерекелік шаралар Орталық алаңда ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап алаңда...

Толығырақ...

АУЫЛ ТЫНЫСЫ ЖӘНЕ ӘКІМ ЕСЕБІ

20.03.2022
АУЫЛ ТЫНЫСЫ ЖӘНЕ ӘКІМ ЕСЕБІ

Семей қаласы әкімі Бақытжан Байахметовтің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Шаһар басшысы бұл жолы Шүлбі, Новобаженово, Приречный ауылдық округтері...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты

1 күн бұрын

Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет

1 күн бұрын

Оқушылар келесі жылдан бастап жаңа пән оқиды

1 күн бұрын

Талдықорғандық үш жасар Нұртасқа әлемдегі ең қымбат препарат салынды

1 күн бұрын

Белгісіз біреулер Құлсарының әкімін ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатып фотоға түсірген

1 күн бұрын

Соңғы қоңырау тек үздік оқушыларға арналған: Көкшетаудағы оқушылардың ата – аналары түсініктеме талап етті

1 күн бұрын

«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты

1 күн бұрын

Дәрігер маман құлпынайдың күтпеген пайдалы қасиетін айтты

1 күн бұрын

«Терезені ұстап тұрған» – астанада 3 жасар қызды құтқарған Сәбитке көмектескен үшінші жігіт табылды

1 күн бұрын

1,6 есе көп: Қазақстандықтар салықты көбірек төлей бастады

2 күн бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС