"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНДА ҚАТАҢ ШЕКТЕУ БОЛМАЙДЫ

25.01.2022
КӘСІПКЕРЛЕР
92
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұмада облыс әкімі Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдерімен, атап айтқанда қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлермен кездесті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шағын және орта бизнес секторына қатысты қатаң карантиндік шектеулерді қайта қарауды тапсырған болатын. Осыған орай аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы облыстағы шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетуді қолға алды. Облыс әкімі дәмханаларда, асхана мен мейрамханаларда, караоке-барларда, түнгі клубтарда, бильярд және банкет залдарында жұмыс уақыты бойынша шектеулер болмайтынын айтты. Тек толымдылығы бойынша 50 пайыздан аспауы қажет. Жаппай отбасылық іс-шараларда жүз адамнан, клубтарда жетпіс және караокеде елу адамнан артық болмауы шарт.

Кеңес барысында бизнес өкілдері барлық қызметкерлер екпе алғанын, ғимаратқа кіргізу Ashyq қосымшасының «жасыл» мәртебесі бойынша ғана жүргізілетінін айтты. Діни нысандардағы халықтың сыйымдылығы да елу пайыздан аспауы тиіс. Бұл жеңілдіктер облыс халқының толықтай вакцина алуының және ревакцинация шараларының қарқынды жүргізілуінің арқасында мүмкін болды.

— Бүгінгі таңда 142 мың адам қайта егілді, 1-ші ақпанға қарай бұл көрсеткіш 238 мыңды құрайды. Жасөспірімдер мен халықтың басқа да санаттарын Pfizer препаратымен егу жалғасуда. Біз балаларымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, сондықтан, 9-11 сыныптарды қоспағанда, мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуда, ал балалардың ойын-сауық орталықтары жабық. Мен кәсіпкерлерге еліміздегі қайғылы оқиғалар кезінде түсіністік танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін. Барлық мәселелерді ортақ келісім арқылы шешетінімізге сенімдімін,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Облыс жаңалықтары

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

8 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

8 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС