"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

01.02.2022
САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
83
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланды.

 «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде саяси кеңестің 92 адамнан құралған жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейін «Nur Otan» партиясы саяси кеңесіндегі өзгерістер туралы жариялаған еді.

Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55 пайызға жаңарған. Осыған дейін айтып өткеніміздей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Саяси кеңестің алдыңғы тізімінде 100 адам болған, жаңа тізімге енбегендер қатарында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бұрынғы Премьер-Министр Асқар Мамин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бар.

Ал жаңа мүшелер қатарында – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошановтар бар.

Бұл ретте «Nur Otan» партиясы өз саяси кеңесіндегі өзгерістер туралы айтып берді.

Атап айтар болсақ, «389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды», — деп жазылған партия хабарламасында.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдердің үлесі 33,7 пайызға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, яғни 13 пайызға дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.

Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артса, ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамында Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин мен төрт дүркін әлем чемпионы, «Әлем Барысы», «Қазақстан Барысы» турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы, Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров та бар.

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамымен «Nur Otan» партиясының сайтынан танысуға болады.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

7 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

7 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС