"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

03.02.2022
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
55
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 Семей қаласы әкімдігінде кезекті отырыс өтіп, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына арналған міндеттер қаралды.

Қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлының айтуынша, өткен жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталған. Әсіресе, өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, алдыңғы жылғы деңгейден әлдеқайда жоғарылаған.

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде даму бар. Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында, инвестиция көлемі 9,1 млрд теңге болатын мультикультураларды қайта өңдейтін автоматтандырылған кешен енгізілді. Соның нәтижесінде жаңадан 240 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі де артып, айтарлықтай табыстарға жетіп отыр. Өсімдік өсіру шаруашылығындағы өндіріс едәуір көлемде өскен. Мұндай жоғары көрсеткіш мал шаруашылығындағы өндіріске де тән.

Жалпы 2021 жылы қала экономикасына 110,7 млрд теңге немесе алдыңғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 107,6 пайыз инвестиция салыныпты. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың өз қаражатының үлесі мол.

Құрылыс жұмыстарының көлемі де артқан. Жүз пайыз өсу қарқынымен 202,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны да артуда, оның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының үлесі айтарлықтай жоғары.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы шеңберінде 13,7 млрд теңге сомасына 606 жоба субсидияланған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек»  бағдарламасы аясында жүзден аса жобаға қолдау көрсетіліпті.

Өңірлік деңгейде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Оның шеңберінде қырықтан аса жоба қаржыландырылған.

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Суық бұлақ кентіндегі су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту жобасы енгізілді. Қалған үш жобаны іске қосу мерзімі биылғы жылға ауыстырылған. Жобаны жүзеге асыру барысында 336 жұмыс орыны құрылды.

«N Canon» жобалау компаниясы Восход кентінде 140 орындық балабақша құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың наурыз айының соңында беріледі деп жоспарлануда. Сол тәрізді Бобровка кентіндегі 320 орындық балабақша бойынша жобаны ағымдағы жылдың ақпан айында алу жоспарлануда. Сараптама қорытындысы биылғы жылдың сәуір айында беріледі деп болжанып отыр.

Биылғы жылы көлік инфрақұрылымы саласында 37,4 шақырым автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Ұзындығы 56 шақырымға жететін тоқсанға жуық көшеге қиыршық құм — тас қоспасы төселіп, тегістелді, 106 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Он екі оң жақ бұрылыс абаттандырылды. Қарағайлы тұрғын ауданындағы кварталішілік өтпе жолдардың құрылысы аяқталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да осы қарқынмен жалғаспақ. Атап айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі ауылға, оның ішінде: Мұқыр және Мұрат ауылдарындағы кіре беріс жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.

Жиын барысында қала әкімі Бақытжан Байахметов Семей қаласының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша алдын алу шаралары қабылданатынын айтты. Соның аясында кешенді жоспардың уақтылы іске асырылуы бақыланады.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫҚалалық әкімдікте

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС