"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

22.02.2022
ОТБАСЫ
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламызда қоныс тойын тойлайтындар саны жылдан-жылға еселеп артып келеді. Өткен аптаның соңында ғана Семейдегі бірнеше отбасы жаңа баспананың кілттерін алды. Қаланың іргесіндегі Комсомол кентінде салынған үйлерге 20 отбасы қоныстанды.

Айта кетейік аталған кенттегі жеке сектордағы жаңа  үйлер «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған. Баспанаға қол жеткізген отбасылардың  15-і — көп балалы, қалғандары — толық емес отбасылар, ардагерлер мен зейнеткерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған халықтың әлеуметтік осал топтарынан.

Қазіргі таңда, Семейде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 12 535 отбасы тұр екен. Оның ішінде 1039-ы — көп балалы отбасылар, 4399-ы — әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар, 1682-сі — жетім балалар.

Бұл жолы жаңа пәтерге қол жеткізгендер сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерге қоныстанды. Ең бастысы, баспаналар мейлінше жайлы, барлық жағдай жасалған.

Соңғы уақытта әлеуметтік жағынан тартымды банктік бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алып жатқан отбасылар да аз емес. Мәселен, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Қарағайлы шағын ауданында 65 отбасы баспанамен қамтылды. Осы бағдарлама аясында, тағы 100 отбасы екінші нарықтағы тұрғын үйлерді алды. «Шаңырақ» және «Әскери баспана» бағдарламалары бойынша 25 пәтер кілті берілген. Сонымен қатар, тағы да 75 отбасы мемлекет есебінен бір миллион теңге көлеміндегі арнайы тұрғын үй сертификаттарына ие болды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Семейде тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен дамуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтарға Қарағайлы тұрғын ауданында 128 жалдамалы пәтер бөлінеді. Оның 32-сі көп балалы отбасыларға, 71-і халықтың әлеуметтік осал топтарына, 25 -і жетім балаларға берілетін болады.

Биыл сонымен қатар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 28 екі пәтерлі тұрғын үй салынады. Оларды «Бақытты отбасы» банк бағдарламасы бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Көп балалы және толық емес отбасылардан 56 отбасы тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген.

Сонымен қатар, «Шаңырақ» және «Әскери баспана» бағдарламалары бойынша тағы 30 пәтер беру жоспарланып отыр.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ОТБАСЫСемей

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

5 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС