"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтар қанша айыппұл төлейді

28.03.2022
Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтар қанша айыппұл төлейді
2.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтар қанша айыппұл төлейді

Қазақстанда жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті талап болып табылады. Егер құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжат ретінде әдетте екі құжат қолданылады: жеке куәлік және азаматтың паспорты.

Оларды рәсімдеу құны жыл сайын өзгеріп отырады және кейбір жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған.

Осы орайда құжаттарды қалай және қашан ауыстыру керектігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы түсіндіріп өтті.

Жеке куәлік: құны мен айыппұл

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік 16 жастан бастап 10 жыл мерзімге беріледі. Жеке басын куәландыратын құжатты алу үшін 16 жасқа толған соң, ата -анасымен бірге ХҚО-ға жүгіну қажет. Бұл қызметтің құны айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне байланысты биыл 0,2 АЕК немесе 612,6 теңге.

Айта кетейік, құжаттың мерзімі өтіп, уақытында жеке куәлігін ауыстырмаған жағдайда 7 АЕК, яғни 21 441 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұл ретте құжатты ауыстыру мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда ғана айыппұл салынады. Ал өтініш ертерек (10 күннен бір айға дейін) берілген болса, тек ескерту жасалады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес).

Жеке куәлікті қалай ауыстыруға болады?

Жеке куәліктің жарамдылық мерзімі жақындаған уақытта қазақстандықтар тұрғылықты жеріне қарамастан жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) баруы қажет.

Онда ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК (612,6 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек.

Ал бірінші рет жеке куәлікті рәсімдейтіндер үшін:

  • туу туралы куәлік;
  • паспорт (болған жағдайда ғана);
  • ата-анасының біреуі халыққа қызмет көрсету орталығына бірге келу керек.

Паспорт қанша тұрады?

Елімізде паспорт тек ерікті түрде, азаматтың өтініші бойынша шетелде жеке басын растау үшін 10 жыл мерзімге беріледі.

Оны алу үшін биыл 8 АЕК, яғни 24 504 теңге төлеу керек. Қазақстан азаматы болып табылмайтын азаматтар жеке кәулік алу үшін де осы шамада ақы төлейді.

Паспорттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда ешқандай айыппұл салынбайды.

Құжаттарды жылдам алу үшін не істеу керек?

Негізінен елімізде жеке куәлік пен паспорт 15 жұмыс күннің ішінде дайын болады.

Егер құжаттарды қысқа мерзім ішінде алғыңыз келсе, онда қосымша ақы төлеп қызмет көрсету мерзімін тездетуге болады.

Қызмет құны мен құжатты беру уақыты өңірлерге байланысты:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында — бір жұмыс күнінде құжаттарды алу 4 983 теңгені, үш жұмыс күнінде алу — 2 752 теңгені құрайды;
  • облыс орталықтарында жеке куәлік немесе паспортты үш жұмыс күнінде алу үшін 4 983 теңге, бес жұмыс күнінде алу үшін 2 752 теңге төлеу қажет.
  • басқа қалалар мен аудан орталықтарында құжаттарды жеті жұмыс күнінде алу үшін 1 116 теңге төлеу керек.

Автор: Сәке Қанатұлы 

Мақалада: Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтар қанша айыппұл төлейдіЖеке куәлік: құны мен айыппұлЖеке куәлікті қалай ауыстыруға болады?Құжаттарды жылдам алу үшін не істеу керек?Паспорт қанша тұрады?

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС