"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАҒАЙЛЫ ҚАНАТЫН ЖАЯ ТҮСПЕК

30.03.2022
ҚАРАҒАЙЛЫ ҚАНАТЫН ЖАЯ ТҮСПЕК
81
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАРАҒАЙЛЫ ҚАНАТЫН ЖАЯ ТҮСПЕК

Семей қаласы әкімдігінің отырысында тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялау мәселелері қаралды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Қарағайлы шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға арналған негізгі алаңдар анықталды. Болашақта 293 гектар аумақта 36 мыңға жуық адам тұрады деп жоспарлануда.

Бүгінде мұнда жалпы ауданы 215,344 мың шаршы метр (2738 пәтер) болатын 39 үй пайдалануға берілді.

2022 жылы қалада жалпы ауданы 367,4 мың шаршы метр болатын 75 үйдің (4396 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде  38 несиелік үй, 2 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйдің және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ-мен бірлесіп 4 коммерциялық үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ жеке инвесторлар 31 көп қабатты үйдің құрылысын жүргізуде.

Биыл жеке инвесторлар есебінен 7,490 мың шаршы метр, халық есебінен 74,5 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 263,800 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (өткен жылдың көлеміне қарағанда 130,5 пайыз өсіммен 2276 пәтер).

2023 жылға жалпы ауданы 185,9 мың шаршы метр (2120 пәтер) 38 үйдің құрылысы жоспарлануда.

51 құрылыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның 18-інде мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

ҚАРАҒАЙЛЫ ҚАНАТЫН ЖАЯ ТҮСПЕК

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жылу профициті бар аудандарда (сол жағалау) қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды.

— Тұрғын үйді пайдалануға беру кесте бойынша жүргізілуі тиіс. Келесі аптада құрылыс учаскелері мен жобалардың ағымдағы жағдайын анықтау үшін құрылыс учаскелерін аралап, қажет болған жағдайда, бюджетті нақтылау кезінде оларды қаржыландыруға қосуды тапсырамын, — деді Бақытжан Байахметов.

Келесі кезекте әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын субсидиялау мәселесі қаралды.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларымен және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Қала әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 58 өкімімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселесін зерделеу үшін жұмыс тобы құрылды.

Қағидалардың 7-ші және 8-ші тармақтарына сәйкес, 40 маршруттың ішінен 38 маршрутқа есептеулер ұсынылды, № 52 және № 49 маршруттарды қоспағанда, олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар тізбеге енгізілді.

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Семей қ. КҚПБ» ЖШС және «Таксомотор паркі» ЖШС, «Семавтопарк» ЖШС, «Авто Транс Семей» ЖШС арасында үш жақты субсидиялау шарты жасалды.

2022 жылы 38 әлеуметтік маңызы бар маршрутты субсидиялау үшін 3 922 245,1 мың теңге қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2022 жылдың 21 ақпанында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызды бағыттарды субсидиялауға бюджеттік өтінім берді. Өтінім әлі қолдау тапқан жоқ. Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өз орынбасарларына осы мәселені шешу үшін облыс орталығына баруды тапсырды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне осы жылдың соңына дейін тасымалдаушылар қанша автобус сатып алуды жоспарлап отырғандығы туралы ақпарат дайындау тапсырылды.

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТЕЛЕГРАМНАН ОҚЫҢЫЗ!

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАРАҒАЙЛЫ ҚАНАТЫН ЖАЯ ТҮСПЕКқарағайлы семей

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

4 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

4 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

4 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС