"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қартайғанда қараусыз қалғыңыз келмесе…

04.04.2022
Қартайғанда қараусыз қалғыңыз келмесе...
188
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ертең мені осы балаларым асырайды» — қазақы менталитеттегі кісілердің көп айтатын сөздерінің бірі. Алайда, соңғы уақыттарда қартайған ата-анасын артық салмақ көріп, оны жалғыз қалдыратын перзенттер пайда бола бастады. Осыдан келіп қарттар үйіне қажеттілік туындады. Ауыр, жүрек ауыртатын шындық. Дүниеге келуін аңсап, алғаш қолыңа алғанда жүрегің жарылардай қуанып, ендігі өміріңді соған ғана арнап, барыңды соған беріп өсірген перзентіңнің қайырсыз жан боп шықса, үлкен қайғы. Алайда, бір жағынан бұған ата-ананың да өз үлесінің болатынын мойындау керек.

Ендеше, қартайған шағыңызда қараусыз қалғыңыз келмесе, бала тәрбесінде мына 5 ережені ту етіңіз.

Мінсіз болуға тырыспаңыз, шынайылық маңызды 

Өз бойыңызда қандай да бір кемшілік бола тұра, баланы дұрыс тәрбиелеймін, тек жақсы үлгі көрсетем деп, мінсіз ата-ана рөлін ойнамаңыз. Өйткені, бала шынайылық пен жалғандықты сезеді. Мұны тікелей өзін алдау деп түсініп, іштей реніш пайда болады. Оған қоса, қалағанына қол жеткізу үшін ол да «рөл ойнауды» үйренеді. Одан да шынайы болғаныңыз дұрыс. Балаңызды да барлық кемшіліктерімен, қателіктерімен, бар қалпында қабылдаңыз. Жағымдымен қоса, жағымсыз эмоцияларын да (жылау, ашулану, қызғану, мұңаю, т.б.) шығаруына мүмкіндік беріңіз. Осындай ашық, шынайы қарым-қатынас қана арада үлкен сенім орнатады.

Жеке шекарасын аттамаңыз

Баламен өмір бойғы жақын, ашық қарым-қатынас үшін ең керегі – сенім. Сенімге ие болудың тағы бір жолы – өмірінде болып жатқан оқиғалармен, сезімдерімен, ойларымен еш қысылмай бөлісуіне мүмкіндік беру. Айтқысы келгенде уақыт бөліп тыңдаңыз, жаза басқаны үшін жазғырмаңыз, сұраса ғана ақыл-кеңес беріңіз, сұрамаса, дұрыс жауапты, шешімді өзі табатындай етіп сүйемелдеңіз, бір нәрсені бірлесіп істегісі келетін ниет білдірсе, келісім беріп, қалауын жүзеге асырыңыз. Сондай-ақ, баланың жеке шекарасын бұзбаңыз. Мысалы, бөлмесіне рұқсатсыз кірмеңіз, заттарын ақтармаңыз. Білгіңіз келген нәрсені өзінен сұраңыз, айтқысы келмесе, қыстамаңыз, жауапты басқа жақтан да іздемеңіз. Достарының алдында намысына тиетін, абыройын түсіретін сөз бен ісе жол бермеңіз. Осындай әрекеттер балада ата-анасына деген терең сенім, құрмет орнатып, оның жойылмауына себеп болады.

Барлық жағдайда баланың жағында болыңыз

Үлкендердің бәрі дерлік балалардың тілалғыш болғанын, айтқаннан шықпауын, қарсы сөйлемегенін, ешкіммен ешқандай конфликтке түспегенін қалайды. Алайда, кішкентай болса да олардың өзінше қайнаған өмірі бар. Олардың да басынан түрлі оқиғалар өтіп жатады, мәселелер туындайды. Әлбетте, конфликт те болмай тұрмайды. Сондайда өзін ақтау, дұрыстығын дәлелдеу мақсатында сөйлегісі келген баланы көбіне тыңдамаймыз, ауыз аштырмаймыз, себебі, сенбейміз. Дәл осы әрекетіңіз бала санасында суық лебін қалдырып, қартайғанда алдымнан шықпасын десеңіз, жасамаңыз. Керісінше, қандай жағдайда да балаңызға жақ болып, оны түсінуге тырысып, кінәсі жоқ жерден ақтап алыңыз. Айыбы болса, жүгін бөлісіп, кінәсін жуып-шаюына көмектесіңіз. Бірдеңе бүлдіріп қойса, бірге қалпына келтіріңіздер. Біреуді ренжітіп қойса, бірге кешірім сұраңыздар. Сонда өскенде ол да әркез сіздің жақтаушыңыз болады.

Қоғамнан қорғаштамаңыз

Басын қиындық, мәселе атаулыдан сақтап, қоршаған ортадан болуы мүмкін барлық зардаптың алдын алып, барынша өбектеп, әлпештей беру бала үшін пайдалы емес, керісінше зиян. Өмір болған соң қара жолағы да болмай тұрмайтынын, кейде басқа қиындық түсетінін, онымен лайықты күресу керегін, адамдар арасында «ала да, құла да» болатынын – бәрін кішкентайынан көріп, біліп өсуі керек. Сонда ғана баланың бойында әділдікке ұмтылу, шыншылдық, мейірім, қамқорлық, өзін және әлсізді қорғай алу сияқты жақсы қасиеттер қалыптасып, шыңдалады. Үлкейгенде ата-анасының қанатының астына тығылып өскен, өз басын алып жүре алмайтын қатарластарына қарағанда әлдеқайда мықты болады. Өзіне ғана емес, ата-анасы үшін де жауапкершілік арқалап, әлсіздерге қорған, тірек болып, сынақтарға сынбай төтеп бере алатын перзент болып шығады.

Жақсылы-жаманды сезімдерін бірдей қабылдауды үйретіңіз

Бала өскен сайын өмірдің оған ұсынатын сынақтары да көбейе береді әрі салмағы да ауырлай түседі. Бір күні жалғандықтың, келесі бір күні опасыздықтың, тағы бірде жауапсыз махаббаттың, т.б. ащы дәмін татады. Сәйкесінше, оларға жауап ретінде бойында негативті эмоциялар, сезімдер орын алады. Осындай сәттерде саналы адам ретінде жаман болса да өз эмоциясын, сезімдерін қабылдап, мойындап, бастан кешіріп, өткеріп салу маңызды. Көп адамдардың мұндайда сағы сынып, алдағы уақытта жасықтық, ешкімге сенім арта алмау, өзне сенімсіздік, қорқақтық сияқты өміріне кері әсер ететін мінез-құлықтар қалыптасып қалады. Ал мұндай мінездермен еркін, бірнеше адам үшін жауапкершілік арқалап, бірнеше кісіге қамқорлық жасай алатын мықты тұлға шығуы екіталай. Сондықтан, балаңызға басынан қандай жағдай өтсе де, қандай сезімдерге бөленсе де, қыңқ етпей қабылдап, бастан кешіруді, соңыра өзін қайта қалпына келтіруді (құласа, қайта тұруды) үйретіңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,  ERNUR.KZ

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Бала тәрбиесі туралыҚартайғанда қараусыз қалғыңыз келмесе...

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 минуты бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

23 часа бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

23 часа бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

7 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС