"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР

08.04.2022
ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР

Жуырда Семейдегі Мәдениет сарайында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.

Әсіресе жастар көп жиналған осы жолғы жәрмеңкенің болатыны күні бұрын хабарланған-ды. Жәрмеңкеге 300-ден аса жұмыс іздеуші қатысты, олардың қатарында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар, жоғарғы оқу орындарының және колледждердің студенттері, NEET санатындағы жастар, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жарияланған тұлғалар, алиментшілер, аз қамтылған және басқа да санаттағы азаматтар бар.

Жәрмеңкеге қаладағы 30 кәсіпорын мен мекеме бос орындарды ұсынды. Олардың қатарында «Біріккен энергосервис компаниясы» АҚ, «БАСТ» Бөрілі кеніші, «Шығыс Қазақстан ұн — құрама жем комбинаты» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ӨК, «Семей құрылыс материалдары», «Daewoo Bus Kazakhstan», «СемАЗ», «Прииртыш бройлер құс фабрикасы», «Шығыс бройлер», «Семей сервис компаниясы», «Олжас», «Сәт транс», «Фирма Азия», «Роза ВВК», «Kondiz», «Семспецснаб», «Зеленстрой», «Семей тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және басқа да кәсіпорындар мен колледждердің өкілдері болды.

— Бүгін біз бос орындар жәрмеңкесіне қызметкерлер іріктеп алу мақсатында қатысып отырмыз. Бізге, «Семей тазалық» ЖШС-ға, жұмыс тәжірибесі бар заңгер, жүк тиеушілер, қоқыс көлігінің жүргізушісі және оператор қажет. Бұл — қоқыс шығарудан клиентке қызмет көрсетуге дейінгі жұмыстар. Әлеуетті қызметкер бірінші кезекте сыпайы болуы керек. Біз кездесулер өткізудеміз. Жастарына байланысты шектеулер жоқ, – деді «Семей тазалық» ЖШС кадрлар бөлімінің өкілі Айзада Мұратова.

Жұмыс берушілер барлығы 400-ге жуық бос орындар ұсынды. Олардың 180-ге жуығы жұмысшы және 200-ге жуығы мамандық иелерінің вакансиялары.

— Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық-төленетін жұмыстар, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс дәуір», сондай-ақ Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 — 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде одан кейін жұмыспен қамту мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстардан өту ұсынылады. Бүгін жәрмеңкеге қатысушыларға слайдтар мен буклеттер көрсетілді. Вакансиялар жәрмеңкесінің арқасында адамдар лайықты жалақысы бар жұмыс табады деп үміттенеміз, – дейді халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Дайырова.

Сонымен қатар жұмыспен қамту орталығының мамандары жәрмеңкеге қатысушыларға әлеуметтік мекенжай көмегін, тұрғын үй көмегін және жеңілдетілген несиелер алу мәселелері бойынша кеңестер берді.

Өз тілшіміз

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС