"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Елімізде электронды шылымға тыйым салу туралы шешім қабылданды

13.04.2022
Елімізде электронды шылымға тыйым салу туралы шешім қабылданды
363
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Себебі, олар бақылаусыз сатылады, әрі бағасы да жасөспірімдерге мейлінше қолжетімді. Қынжылтатыны сол, электронды сигареттер, вейптер жастар арасында сәнге айналды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл кеселді «эпидемияға» теңеді, тиісінше, онымен күрес те қатаң болатынға ұқсайды. Әйтпесе, вейп саудасы әбден бақылаусыз кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электронды сигарета, мини-кальян, бугенератор, вапорайзер немесе вейп – өте ұсақ тозаңды аэрозоль, қарапайым тілмен айтқанда бу тудыратын құрылғы болып табылады. ДСМ-нің байламынша, Қазақстанда «электрондық тұтыну жүйелерінің» (ЭТЖ), вейптердің таралуы және пайдаланылуы «эпидемия сипатына ие» болды. Себебі, олар бақылаусыз сатылады, әрі бағасы да жасөспірімдерге мейлінше қолжетімді. Қынжылтатыны сол, электронды сигареттер, вейптер жастар арасында сәнге айналды.

Министрлік анықтағандай, бұл проблеманы бірнеше фактор ушықтырып жатыр. Біріншіден, ол аумақтық тұрғыдан қолжетімді: ЭТЖ-вейптер әрбір дерлік ірі азық-түлік дүкенінен табылады, сауда орталықтарының кіреберісінде көбіне келушілерді осы өнім сатылатын стендтер мен дүңгіршектер қарсы алады. Екіншіден, олар арзан тұрады: бір вейптің құны 2 мың теңгеден аспайды: 1 девайстың бағасы орта есеппен 1 700 теңгеден. Салдарынан, оны жастардың, оқушылардың тұтынуы «геометриялық прогрессияда» өсіп барады. Мәселен, соңғы 6 айда ЭТЖ-вейптердің саудасы 372%-ға артқан. Әлеуметтік зерттеу барысында бұл өнімді тұтынушылардың негізгі бөлігі 21-ге толмаған жастар екені әшкереленді. Үшіншіден, саудагерлердің көбі құқықтық нигилизм танытып, темекі атаулыны ашық сатуға тыйым салатын заңнама талаптарын аяқасты етеді: бұл өнімдерді ашықтан ашық паш етеді. Балаларға да сата береді.

Нәтижесінде, шымылдырық ішіне жасырылатын темекі өнімдеріне қарағанда адамдар үшін енді сыртқы қабы көз жауын алатын вейптер анағұрлым тартымды көріне бастады. Төртіншіден, ЭТЖ-вейптердің елге бақылаусыз әкелінуі жолға қойылыпты. Бесіншіден, өндірушілер өз өнімінің шынайы құрамын қасақана жасырады, онда улы заттардың, тіпті никотиннің барын атап көрсетпейді. Мұның бәрі ЭТЖ-вейптерге толық тыйым салуға негіз бола алады: «Осыған байланысты вейптердің айналымына толық тыйым салу –мүмкін болатын жалғыз реттеу тетігі болып есептеледі» деген тоқтамға келді ДСМ.

Мұндай тыйым Денсаулық кодексіне түзетулер енгізетін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасында қарастырылған. Яғни, ол күшіне енуі үшін алда Үкіметке осы өнімді өндірушілердің, импорттаушылардың лоббиін және дау-жанжалын еңсеріп, Парламентте қорғап шығу қажет болады. Ең бастысы, ДСМ тиісті шешімге келіп отыр. Жалпы, министрлік пен оны қолдаушы қоғамдық ұйымдардың бұл салада күрес тәжірибесі зор: 2020 жылы олар дәл осылайша, шегілмейтін, яғни шайналатын темекі бұйымдары мен «темекісіз» снюстердің елдегі айналымына толық тыйым салынуына қол жеткізді. Салыстыру үшін айтсақ, соған қол жеткізе алмаған Өзбекстанда бүгінде «снюс эпидемиясы» өрши түсуде. Қазақстанда қазір 6 300-ден астам сауда орнында бір реттік вейптер сатылады. Соның ішінде 2 100 сауда орны оларды стенд-сөрелерде ашықтан ашық орналастырып сатады. Ғылыми қызметкерлердің халықаралық альянсы – HBSC-дің жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың кем дегенде 14%-ы және қыздардың 6%-ы вейптерді татып көрген. 11–15 жастағы ұлдардың 8,5%-ы және қыздардың 3,8%-ы электронды темекіні тұтынған. 2014 жылғы деректерімен салыстырғанда көрсеткіштер ұлдар арасында 3 есе (!), қыздар арасында екі есе өсті. Негізі, вейп, электронды сигареталарды өткізушілерді аяудың қажеті жоқ, тыйым салатын жағдайға жеткізген өздері кінәлі. Әлдекімнің еркесіндей, заңды елемей тайраңдады. Олардың бассыз ісіне тосқауыл қоймай, қарап отырса, биліктің пәрмені, қауқар-қайраны қайда?

Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығына сәйкес, ЭТЖ сұйықтықтарындағы никотиннің рұқсат етілген деңгейі 1 мг/см3 шамасынан аспауға тиіс еді. Алайда министрліктің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізген зерттеудің нәтижелері оларда никотиннің мөлшері 67,6 мг/см3 дейін жететінін көрсеткен. Яғни, рұқсат етілген деңгейден ондаған есе асып кеткен! «Вейптердің заттаңба-этикеткаларында жалған ақпарат басылады: өндірушілер никотиннің құрамы жөнінен тұтынушыны адастырады. Никотин тіпті «никотинсіз» өнімдерден де табылды», – деп мәлім етті ведомство. Мамандардың мәліметінше, вейп секілді өнімдерді тұтыну адамның жүйке жүйесіне және эндокринді жүйесіне теріс әсер етеді. Халықаралық түрлі зерттеулер көрсеткендей, жас адамдар никотинге тез тәуелді болып қалады. Бұл зат олардың бас миындағы қосылыстардың өзгеруіне соқтыруы мүмкін, салдарынан есейе келе биполярлы бұзылу, депрессия және басқа да психикалық дерттерге шалдығады. ЭТЖ-вейптер жасөскіндердің өкпесін қандай қорқынышты күйге жеткізетіні бейнеленген роликтер, зерттеу нәтижелері интернетте жетерлік. АҚШ-тың Берклидегі Лоренс атындағы ұлттық зертханасының мамандары осы электронды сигареталарды шегу кезінде адам бойына 31 қауіпті зат даритынын әшкереледі. Бу тудыру үшін құрылғының аккумуляторын қыздырған кезде аты жаман ауруға соқтыратын концерогендік заттардың шоғырлануы айтарлықтай артады.

Сондай-ақ өнімді әрбір клиентке қолжетімді әрі арзан ету үшін электронды сигарета, вейптерге арналған сұйықтықтарды көбіне кездейсоқ цехтарда, қолмен әзірлейді. Ондай заттың құрамы да белгісіз, гигиена мен санитарлық нормалар да сақталмайды. Ендеше ұлт саулығына, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді жоятын кез келді, тіпті ДСМ біршама кешігіп те қалғандай.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Елімізде электронды шылымға тыйым салу туралы шешім қабылданды

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

19 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

19 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

7 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС