"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу мәселесін талқылады

21.04.2022
Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу мәселесін талқылады
70
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тараз қаласында Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Шу, Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын пайдалану жөніндегі комиссияның отызыншы отырысы өтті. Жиынға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-минстрі Серік Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, Қырғыз елінен келген тиісті ведомство өкілдері және өзге де су шаруашылығы саласының мамандары, ардагерлері қатысты.

Отырысқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев тең төрағалық етті. Бірнеше сағат созылған кездесуде тараптар 2022 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады.

Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу мәселесін талқылады

Жиынды ашқан Серік Салауатұлы өткен жылы вегетация кезеңінде біршама қиындықтар туындағанын, сондықтан екі елдің күш біріктіріп жұмыла жұмыс жасауының маңыздылығын айрықша атап өтті.

– 2021 жылы екі елді де құрғақшылық айтарлықтай қыспаққа алды. Қыста тауға қардың аз түсуі және көктем-жаз мезгілдерінде жауын-шашынның жаумауы тығырыққа тіреді. Дегенмен қанша шиеленісті болғанымен, өткен жылы вегетациялық кезеңді ойдағыдай аяқтай алдық.

Алда жауапты кезең күтіп тұр. Биыл қыста қар болар-болмас жауғанымен, көктем басталғалы жауын-шанның түсуі өте жақсы. Сондықтан биыл өткен жылдағыдай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Ең бастысы жамбылдық шаруалардың судан тарықпауы – екі елдің ықтымақтасып, бірігіп әрекет етуіне тікелей байланысты. Біз бірігіп, келісе отырып жұмыс істесек ешқандай мәселе туындамайды, – деді Серік Салауатұлы.

Ал Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев ешқандай келіспеушілік туындамас үшін өзендер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар жиында су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ойларын, ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимдерін келісті және 2022 жылғы вегетациялық кезеңге мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін бекітті.

Тараптар сондай-ақ вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және трансшекаралық өзендердің басқа да су шаруашылығы мәселелерін талқылады.

Жиын соңында вегетациялық маусымның графигі мен отырыс хаттамасына қол қойылды.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу мәселесін талқылады

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

16 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

16 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС