"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қара жорға», бешбармақ, үйір-үйір жылқы: Ресейде тұратын қандастар салт-дәстүрді қалай сақтаған?

04.05.2022
«Қара жорға», бешбармақ, үйір-үйір жылқы: Ресейде тұратын қандастар салт-дәстүрді қалай сақтаған?
3.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Омбы облысы –  Ресейдің Қазақстанға ең жақын аймағы. Мұнда тұратын қандастар қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанады. Ауылды жерде тұратын халық көбінесе мал шаруашылығымен айналысады. Қымыз ашытып сатады және той, мейрамдарда ет асып, меймандарға ұсынады. Одан бөлек, жергілікті тұрғындар қазақ тілін еркін меңгерген. Орыс ауылдарында тұратын қазақ қандастардың өмірі жайлы «Қандастар» деректі фильмінде көрсетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бозан ауылында туып-өскен Самат Рахимовтың айтуынша, жергілікті халық салт-дәстүрді берік ұстанады. Тойлар тек қазақ тілінде өтеді, қазақша әндер шырқалады, ұлттық би де биленеді. Бұған Қазақстаннан келетін қонақтардың өзі таңданатын көрінеді.

«Қазақстанда болып жүрмін. Бірақ Омбы облысында қазақтың дәстүріне күшті мән береді. Дастархан жаю, ет ұсыну, қонақ күту, тойға өте қатты мән береміз.

Екі жыл бұрын досымның баласы үйленді. Омбыда тойда болдық. Досымның екі жолдасы келді. Біреуі Степногоркскіден, біреуі Ақтөбеден.

Тойдың орта кезінде орыс бишілер тобы «Қара жорға» биледі. Сонда ақтөбелік кісі: «Сендер жарайсыңдар. Беташар қалай өтіп жатыр?! Қазақша тілектер, әндер айтылып жатыр. Мен өте риза болдым. Сендер Омбыда орыстың ортасында тұрып, қазақтың дәстүрін ұмытпай, оның үстіне орыстарды «Қара жорға» билеткендеріңе өте риза болдым», – деп кетті.

Ұмытпау керек. Әрі қарай жалғастыру керек. Тілімізді, дәстүрімізді ұмытсақ, олсыз өмір жоқ. Адасып кетеміз», –   дейді Самат мырза.
Самат Рахимов болашақта балаларының тек қазақтан қыз алғанын қалайды. Қанның тазалығы жайлы шаңырағында жиі сөз етеді.

«Ертең балам орыстан қыз алса, біздің қанымыз бұзылып кетеді. Мен содан қорқамын. Әр ұлт өзімен болса, таза болады. Шатастырғанды жек көремін.

Әйтпесе орыстарды да, немістерді де сыйлаймыз. Кім болса да, бүкіл ұлтты сыйлаймыз. Омбы облысында түрлі ұлттар бар. Әсіресе, көрші ауылда немістер тұрды. Әкелерім сол кісілермен сыйласып, қонаққа барып тұратын. Көбісі Германияға көшіп кетті», – дейді ол.

Сол сияқты Артықшыл ауылының тұрғыны Абылайхан Дүйсембаев та Самат Рахимовтың пікіріне қосылды.

«Біз Ресейде тұрсақ та, қазақ дәстүрін ұмытпаймыз. Осы ауылда 85 үй бар. Түгел қазақтар тұрамыз. Балаларымыз қалада, Омбыда, Қазақстанда тұрады. Ал біз енді осында қаламыз. Әке-шешеміз осында жатыр, қайда барамыз?» — дейді өзі.

Ол осы күні қызы Сандуғашты Қуаныш есімді қазақ азаматына ұзатты. Бұл өңірде ислам жоралғылары да жақсы сақталған.

«Санди қызымызды тұрмысқа беріп жатырмыз. Некесін қию үшін Омбыға мешітке жіберіп жатырмыз», –  дейді ол.

Ал күйеу жігіт Қуаныш Сүлейменов сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді.

«Сандуғаш бір совхозға мұғалім болып келді. Оны бір газетке «жас маман келді» деп шығарды. Көріп, ұнатып қалдым. Аты-жөнімен ғаламтордан тауып алдым. 5 рет жаздым. Сосын жауабын берді. Танысып, телефонын алдым», – деп ағынан жарылды ол.

Сол сияқты жергілікті тұрғындардың бірі Жалғас Құлболдин мал шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда туыстары бар. Елге көшіп келуге шақырады екен. Алайда ер азамат туған жерін қимайды.

«Қой ұстаймыз. 80 бас қойымыз, 30 бас жылқы, 10 бас қара мал бар. Қазақтың қанында бар шығар. Әр қазақтың арманы – Қазақстандағыдай үйір-үйір мал ұстау. Бірақ қанағат, қайыр. Алланың бергенін ұстаймыз.
Туыстар Қазақстанға шақырады. Бірақ бала кезден осында өстік. Негізі Қазақстанға қайтамыз деп ойладық. Атам, нағашыларым Қазақстанда тұрады. Жылқы ұстайды», –  дейді ол.

Қазақша жетік білетін Жалғас тілді қайдан меңгергенін айтты.

«Тілді апамыз үйретті. Қазақстаннан келгендер қалай таза сөйлесіңдер деп таңғалады. Онда кей қазақтар қазақша білмейді. Сол апамыздың арқасы»,  – дейді ол.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: "Қара жорға"бешбармақүйір-үйір жылқы: Ресейде тұратын қандастар салт-дәстүрді қалай сақтаған?

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

11 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

11 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС