"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

60,2 ШАҚЫРЫМ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

05.05.2022
60,2 ШАҚЫРЫМ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

60,2 ШАҚЫРЫМ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

 

Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында биылғы жылға жоспарланған жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Уәлиев айтып берді. Баяндамашы атап өткендей, қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы 756 шақырымды құрайды (қанағаттанарлық жағдайда – 25,4 %), оның ішінде асфальтбетон жабыны бар жолдар – 291,2 км (қанағаттанарлық жағдайда – 58,4 %), қиыршық тасты – топырақты жабыны бар жолдар – 464,8 км (қанағаттанарлық жағдайда – 5 %).

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының айтуынша,  2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қала жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3405,7 млн теңге сомасында ақшалай қаражат көзделген. Ағымдағы жылы жөндеудің барлық түрлері (күрделі, орташа және ағымдағы) жүргізіледі. Аталған қаражатқа жалпы ұзындығы 60,2 шақырым болатын 62 көшені – оң жағалауда – 16 көше, сол жағалауда – 18 көше, қаланың орталық бөлігінде 28 көшені орташа жөндеу жоспарланған.

– Автокөлік көпірінің жүргін бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда. Усть-Каменогорская көшесі (Шығыс кенті) бойынша Абай көшесінен 6-Линия көшесіне дейін жүргін бөлігі учаскесін кеңейту туралы шешім қабылданды. Жобаланатын жол учаскесінің ұзындығы 2 км, жобаның құны 1122,6 млн теңгені құрады. Қозғалыс жолақтарының саны 4, жүргін бөлігінің ені – 15 м. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Осы жобаны іске асыру қалаға шығатын параллель көшелер бойынша көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік береді,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Уәлиев .

139,8 млн теңге сомасына 15 оң жақ бұрылысты орнатуға конкурс жарияланды. Ұшақтар, Суық бұлақ кенттерінің негізгі көшелеріне құм-қиыршықтас қоспасын себумен қоса, жүргін бөлікті жоспарлау бойынша жұмыстар басталды.

Сонымен қатар Семей – Талица 2 ауылдық елді мекеннің жалпы ауданы 116823 шаршы метр жолдарын ағымдағы жөндеуге 500,00 млн теңге, Қайнар ауылындағы ұзындығы 1,4 км жолды ағымдағы жөндеуге 42,5 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме «Облшығысжол»ЖШС жұмыстарды бастады. 3 ауылдық елді мекендегі кірме жолды орташа жөндеуге, оның ішінде 2 елді мекенде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша (Мұрат ауылы, ұзындығы 5,5 км, Мұқыр ауылы, ұзындығы 3 км) және Жарқын ауылы, ұзындығы 7 км) мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2022 жылы қала көшелерінің 50,3 %-ы қанағаттанарлық жағдайда болады, асфальтбетон жабыны бары 87,6 %-ды, қиыршық тас жабыны бары 24,3 %-ды құрайтын болады.

Қала әкімі жұмыстың нақты мерзімін көрсетуді тапсырды. Жұмыс кестесі мақсатты индикаторларды көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ мердігерлерден жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды талап етеді.

– Бір ай ішінде аяқтауға болатын жұмыстар жыл соңына дейін, желтоқсан айына дейін созылмауы тиіс. Бір апта ішінде жөндеу жұмыстары атқарылатын көшелердің нақты тізімін дайындауды, онда қандай жұмыс түрлері орындалатынын, қаржыландыру бойынша нақты есептеулерді көрсетуді тапсырамын. Тротуарларды, әсіресе жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелерді жөндеуге ерекше назар аудару қажет, – деді Бақытжан Байахметов.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: 2 ШАҚЫРЫМ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ60

Ұқсас жаңалықтар

Семей қаласының жаңа гербі мен оның толық сипаттамасы бекітілді

24.06.2022
Семей қаласының жаңа гербі мен оның толық сипаттамасы бекітілді

Семей қаласы мәслихатының кезекті 25-ші сессиясында Депутаттар Семей қаласының гербі мен оның толық сипаттамасын бекітті делінген  Семей қаласының әкімі Бақытжан...

Толығырақ...

Семейде Ертіс өзененіне секірген бойжеткен құтқарылды

24.06.2022
Семейде Ертіс өзененіне секірген бойжеткен құтқарылды

Бойжеткеннің бетон плитадан өзенге секіру себебі белгісіз, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусымда Ертіс...

Толығырақ...

Семейде маусымның 28 күні көп балалы аналар конкурсы өтеді

24.06.2022
Семейде маусымның 28 күні көп балалы аналар конкурсы өтеді

Дамуында ерекшеліктері бар балалардың отбасыларын және көп балалы аналарды қолдау аясындағы сұраныстармен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Абай облысының әкімдігіне жүгінді. Бүгін...

Толығырақ...

СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

23.06.2022
СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жуырда Шығыс кентіне барып, су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі...

Толығырақ...

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

23.06.2022
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Новобаженов ауылдық округінің және Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қала басшысы тұрғындарды ауылдық округті дамытуға...

Толығырақ...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

21.06.2022
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Семейде жол төсемін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Биылғы жоспар бойынша қалада жалпы ұзындығы 60,2 шақырым болатын...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей қаласының жаңа гербі мен оның толық сипаттамасы бекітілді

18 сағ бұрын

Семейде Ертіс өзененіне секірген бойжеткен құтқарылды

19 сағ бұрын

Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің семинары өтті

20 сағ бұрын

Нұрымбет Сақтағанов Жарма ауданының әкімі қызметінен неге кеткенін айтты

20 сағ бұрын

Семейде маусымның 28 күні көп балалы аналар конкурсы өтеді

21 сағ бұрын

Марқұм Юрий Шатуновтың анасы Бәтима кім болған?

21 сағ бұрын

Демалыс күндері 45 градус ыстық болады

22 сағ бұрын

«Топас болсаң, Гарвард та көмектеспейді». Бердібек Сапарбаевтың шенеунік ұлы сұқбат берді

1 күн бұрын

Ұлттық қорға қатысты былықтар әшкереленуде

1 күн бұрын

Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа шекті бағасы енгізілді

1 күн бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС