"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ақша сұрап, соққыға жығады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

06.05.2022
«Ақша сұрап, соққыға жығады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?
2.4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әскерилер арасындағы әлімжеттік күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Әсіресе марқұм болған Әлібек Қалыбайдың өлімінен соң әскери борышын өтеу міндетті болуы керек пе, жоқ па деген сауал жиі көтеріле бастады. Azattyq Rýhy тілшісі әскери міндетін өтеп келген азаматтарды сөзге тартып, олардан әскердегі әлімжеттік туралы сұрап көрді деп хабарлады turkystan.kz. 

Бір қызығы, олар әскерде әлімжеттік пен ақша бопсалау бар екенін мойындағанымен ашық әңгімелеп бергісі келмеді. Мәселен, аты-жөнін көрсетпеуді сұраған М. есімді азамат әскери борышын Петропавл қаласындағы 66/33 әскери бөлімшесінде өтеген. Оның айтуынша, әскерде таяқ жеу қалыпты жағдайға айналған. Тіпті, тәртіпке шақыратын дұрыс тәсіл саналады. Көбіне әскерге алты ай бұрын келгендер «молодой» сарбаздарды қинап, ақша сұрап, соққыға жығады.

«АДАМ БАСЫНА 3-5 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АҚША АЛАДЫ»

«Қарауылда қателік жіберсең, ұйықтап қалсаң, кешіксең қинайды. Противогаз кигізіп, тұншықтырады. Дембелдер міндетті түрде ақша сұрайды. Адам басына 3-5 мың теңгеден ақша алады. Сарбаздарды денесіне көгерген із түспейтін жерден ұрады. Көбіне басынан ұрады», дейді ол. Өзі де соққы кезінде басынан жарақат алғанын айтқан ол, әскери міндетін өтеп келген соң басын ұзақ уақыт емдетуге тура келген.

«Көп жағдайда дайындыққа ынталары жоқ икемсіз, әлжуаз сарбаздар көп таяқ жейді. Сержанттар дайындық кезінде ілесе алмай қалған сарбазды емес, түгел құрамды жазалайды. Осындай уақытта үлкен әскерлер түнгі уақытта келіп, сарбазға күш қолданады. Армиядағы әлімжеттіктің бары рас, басымыздан талай рет өтті. Сондықтан бұл салаға тәртіп керек», – деп еске алды ол.

Әскерге барудан қашатын жігіттер міндетін өтемес үшін түрлі айла қолданады. Кейбіреуінің айтуынша, медициналық тексеруден өткізетін комиссия мүшелеріне 200 мың теңге шамасында ақша беріп қалып қалған.

«Қазақстан армиясындағы тәртіпсіздіктер туралы көп естігеннен соң әскерге барудан қорықтым. Шынымды айтқанда, аман-есен барып келетініме ешқандай кепіл жоқ. Амалсыз осындай әрекетке баруыма туракелді», – дейді тағы бір кейіпкер.

КЕҢЕС ОДАҒЫ ТҰСЫНДА КІСІ ӨЛІМІ БОЛМАЙТЫН

Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, запастағы полковник Файзулла Қаменов әскердегі әлімжеттіктің себебін тәртіптің ақсауымен, сондай-ақ бақылаудың кемшіндігімен байланыстырады. Ардагердің айтуынша, мұндай мәселе Кеңес Одағы тұсында да көтерілген, бірақ әскердегі кісі өлімі сирек болған.

«Қазақстан тәуелсіздік алған уақытта әскери борышты өтеу мерзімі бір жарым жылдан бастап, қазір бір жылға қысқарды. Жас сарбазды бір жылда ештеңеге үйрете алмаймыз, соның өзінде қашып жатыр. Бірақ әскерде тәртіпсіздік бар екенін, әлімжеттік бар екенін білем. Бұл Кеңес Одағы кезінде де болған. Бірақ кісі өлімі болған жоқ еді. 22 жыл бойы арнайы «Арыстан» қызметін басқараған уағынан білемін. Әскери училищелерді университет, институт деңгейіне көтерсе де, келетін офицерлердің сапасы төмен. Әскерге келген баланы бірінші қарсы алатын взвод командирі, ол күндіз-түні басы-қасында жүруі тиіс. Жауынгердердің әзірлігіне, жеке құрамды жауынгерлік даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне бірден-бір жауапты қызметкер. Сондықтан, ең әуелі темірдей тәртіп болуы керек. Денсаулығы жарамайтын болса, военкоматтағы комиссия қайда қарап отыр? Бұрын ең мықты сарбаздарды таңдап алатын. Алдымен бойлары, денсаулықтары қаралатын. Қазіргі жас балалардың бірінші ниеті жоқ, екінші денсаулығы жоқ. Әскерге адам таба алмай жатқанда ертең елді кім қорғайды?», -дейді Файзулла Қаменов.

ҚАЙТЫС БОЛҒАН САРБАЗДЫҢ ОТБАСЫНА 500 АЕК КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Бұл орайда әскери борышын өтеуге келіп, артынша қайтыс болған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың оқиғасы қоғамда көп талқыланған мәселеге айналды. Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Боранбаевтың айтуынша, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі.

«Өкінішке қарай, биыл 22 сәуірде Маңғыстау облысында орналасқан әскери госпитальде әскер қатарына шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды. Болған оқиға жас сарбаздың отбасымен қатар, барша қарулы күш ұжымына ауыр тиді. Оқиғаға қатысты белгілі ақпараттарды ресми түрде бердік. Бүгінде тиісті сараптама алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Мерт болған жас әскердің ата-анасы мен туыстары арнайы келіп, әскери бөлімнің қызметімен танысты», – деді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қайғылы жайттың мән-жайы тергеу нәтижесінен соң белгілі болады.

«Қазіргі кезде белгілісі, сапта тұрған сарбаз басы айналып, есінен танып қалған. Ал толығырақ айта алмаймын, сондықтан істің ақырын сабырмен күтейік. Жас сарбаздың отбасына қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 500 АЕК көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Қорғаныс министрлігімен Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына оны жерлеуге 80 АЕК көлемінде қаржы бөлу қарастырылған», – дейді Серік Боранбаев.

СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН САРБАЗ САНЫ БЕЛГІСІЗ

Ал соңғы бес жылда әскер қатарында жүрген қанша сарбаз қайтыс болды, қаншасы жарақат алды деген сауалға Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев мардымды жауап айта алмады. Сондай-ақ, ол әскери әлімжеттікке түрлі ортадан келген сарбаздардың мінез-құлқы себеп болуы мүмкін дегенді алға тартады.

«Осы бес айдың ішінде алғашқы болып отырғаны осы оқиға ғана. Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, Шекарашылар қызметі біздің құзыретімізге жатпайды. Басшылары бар, бөлек әскери бөлім. Сондықтан статистиканы айта алмаймын», – деді Серік Боранбаев.

Оның айтуынша, әскердегі әлімжеттік пен оқыс оқиғаның алдын алу үшін бақылау күшейтіледі. Сондай-ақ, тексеру кезінде әр баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайы, отбасылық жағдайы мұқият зерттеледі.

«Жауынгерлік даярлық кезінде жұмасына екі рет психологтармен демалыс күндері тренинг өткізу жоспарланып отыр. Бақылау күшейеді. Командирлері, тәрбиешілер, сержанттар бар, өзіміздің жауынгерлік дос деген болады. Әр бала қоғамнан, отбасынан алған тәрбиесімен келеді. Жиналған 100 баланың әрқайсысы әр түрлі. Бір жылдың ішінде азғантай болса да ойларын, мінездерін өзгертіп, аман-есен жіберуге тырысамыз», – дейді ол.

Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары сөзінен түйгеніміздей, әскердегі әлімжеттікке түрлі ортадан құралған сарбаздардың өзі кінәлі сынды. Бір өкініштісі, қандай да бір келеңсіз оқиға бола қалған уақытта тиісті орындар мен жауапты тұлғалар ешуақытта кінәні өзіне алып, халықтан кешірім сұрауға бастамашы болған емес. Кешірім сұрауды жағдайды түзету құралы ретінде санап, шынайы жанашырлық танытқаннан гөрі, «қатаң бақылауға алынды» деген жаттанды жауаппен құтылғанды құп көреді.

Мақалада: «Ақша сұрапсоққыға жығады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

10 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

11 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС