"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

10.05.2022
СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Гуслевті Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап, Қарағайлы шағын ауданынан пәтер кілтін табыстады. Отанымызды жанқиярлықпен қорғаған майдангерге ерлігі мен батырлығы үшін алғыс білдіріп, отбасына амандық, денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Константин Степанович Гуслев 1924 жылы 17 қыркүйекте Ресейде, Ставрополь өлкесі Апанасенков ауданы Дивное ауылында дүниеге келген. Туған жерінде он жылға жуық уақыт тұрып, Үржар ауданының Тасбұлақ ауылына қоныс аударады. 1942 жылы әскер қатарына шақырылады. Төрт ай жаяу әскер училищесінде оқып, бірден майданға аттанады.

1943 жылы Константин Степанович Курск шайқасына қатысып, Поныря селосында ауыр жараланады. Сауығып шыққаннан кейін Иркутск қаласында ІІМ-нің арнайы әскерінде қызмет етеді. Отты жылдардан кейін Алматы қаласында бір жыл бухгалтерлік курста білім алып, Үржар ауданына қайтып оралады.

Соғыстан аман оралған майдангер елдің экономикасын көтеру жолында тер төге еңбек етті. Константин Гуслев 1960 жылы Үржардан Долон ауылына қоныс аударып, осында бас бухгалтер болып өызмет етті. 1961 — 1999 жылдары Семияр совхозының алғашқы құрылған күнінен бастап оның таратылған уақытына дейін есепші болып жұмыс істейді. Сондай-ақ облыстық басқарманың төрағасы болды, ардагерлер кеңесін басқарды.

Майдангер соғыста көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін және бейбіт күндегі қажырлы еңбегі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды. Совхоз директоры болған уақытта шаруашылығы жақсы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Өнім үздігі» медаліне ие болды. Сондай-ақ  «Қарулы Күштерге 50 жыл», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл», «Жуков медалі», «Ерлігі мен жанқиярлығы үшін» медальдарымен, Даңқ орденімен, Ұлы Отан соғысы орденімен, екі мәрте «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған.

Константин Степанович қала басшысына бағалы сыйлығы үшін алғыс айтып, барша жерлестерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Айгерім СӘРСЕНҚАЛИҚЫЗЫ

 

Мақалада: СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

10 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

11 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС