"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды. Қазақстандықтар не білуі тиіс?

16.05.2022
4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды. Қазақстандықтар не білуі тиіс?
361
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін, 16 мамырда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Tengrinews.kz тілшісі 4 пайызбен несиеге көлік алу үшін не білу керек екенін баяндайды, — деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы.

Бағдарлама шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге 10 миллион теңгеден аспайтын бағаға көлік ала алады. Бастапқы жарна 0 пайыздан басталады. Несие 7 жылға дейін қаржыландырылады. Жалпы жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл «ӨКМ Операторы» шотынан алынатын ақша.

10 миллион теңгеден қымбат көлік таңдауға бола ма?

Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие қарастырылған. Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтқан.

Несие кімге және қандай шарттар бойынша беріледі?

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысы ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке қарайтынын білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.

Кезекке қашан тұру керек?

Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілетіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және тағы басқалары.

Бағдарлама бойынша қандай көлік маркалары бар?

Негізі жеңілдетілген автонесие бойынша мына көліктер түседі: Chevrolet, Hyundai, Škoda, JAC, KIA, Lada және Renault. Дегенмен, бұл көліктердің барлық маркасы қолжетімді емес, осының ішінде 10 миллионнан асып кетпейтіні ғана саудада болады. Қазір әлемдік экономикалық ахуалға байланысты көптеген көлік бағдарламадан шығып қалуы мүмкін.

Әзірге 10 миллион теңгеге дейінгі жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын автокөліктер тізімі мынадай:

Жеңілдетілген автонесиені қанша қазақстандық ала алады? 

Сарапшы әрі Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында орташа статистикалық қазақстандықтың жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысу мүмкіндігін бағалаған болатын.

«Бір қарағанда, бөлінген 100 миллиард ғажайып сома болып көрінуі мүмкін. Шындығында, бір қазақстандыққа орта есеппен 10 миллион теңге бөлінетінін ескерсек, бұл бағдарлама 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Қазақстандағы көліктерге деген сұранысқа келер болсақ, былтыр нарықта 120 мың жаңа көлік, оған қоса, менің ойымша, 500-600 мыңдай ескі көлік сатылды. Осы 10 мың көлік қазақстандықтардың көлікке деген нақты сұранысын қанағаттандыра ала ма?», — деген еді сарапшы.

Қарапайым қазақстандықтың мүмкіндігі қандай?

«Күрт тапшылық жағдайында жүз мыңдаған өтініш беруші арасында 10 000 автокөлік «ұтыс тізбегінен» өтуі керек деп айта аламыз. Бұл бағдарлама бойынша автокөліктердің сатылуын болжау мүмкін емес, мұндай жағдайда екінші деңгейдегі банктер бұл кезекте тұрған адамдарды алғашқы он мыңға жақындата бастайды. Қайталап айтамын, 10 мың Алматы үшін өте аз, ал бұл несиелерді бүкіл елге тарату керек. Қандай мүмкіндіктер бар? Менің ойымша, мүмкіндік өте төмен», — деген еді Автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Бағдарлама көлікке дефицитті арттырып жібермей ме?

Эдуард Эдоков анонсқа дейін Қазақстанда автосалондарда көлік алуға деген кезек көп болғанын еске салды. Оның ойына, бағдарлама қосылса автокөлік алу одан да қиындай түседі.

«Энергия тасығыштар мен металл бағасының өсуі, электр чиптерінің тапшылығы, логистика мәселелері, пандемиядан кейінгі афтершоктар — мұның бәрі бүкіл әлем бойынша автомобиль өндірісіндегі осы негізгі проблемалардың барлығы ешқайда кеткен жоқ, ал оған енді көліктердің ай сайын бағасы өсіп, тапшы болатыны да қосылады», — дейді ол.

Жеңілдетілген көлік несиесі не үшін керек?

Қаржыгер Нұрмұхамед Маманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында несиенің бұл түрі ескірген көлік үлесін азайту үшін қажет екенін айтқан.

«Жеңілдетілген автонесие Қазақстан нарығына керек басты механизмдердің бірі екені белгілі. Неге десеңіз, оның арқасында еліміздің көлік нарығындағы бірнеше мәселені оңай шешуге болады. Мысалы, Қазақстандағы 100 көліктің 64-і ескірген, яғни бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына және жол апатының көбеюіне әкеліп соғады. Енді осы ескі көліктердің нарықтағы үлесін азайту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы таптырмас мүмкіндік болып тұр», — дейді ол.

Еске салайық, бүгін жеңілдетілген автонесие беру басталуы керек еді. Сол үшін су жаңа көлік алғысы келгендер ұзын-сонар кезекте тұр, бірақ автосалондарда бұл несие шартына сәйкес келетін көліктер жоқ. Банктер де өтінім қабылдауды әлі бастамады.

 

Мақалада: 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды. Қазақстандықтар не білуі тиіс?

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

8 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

9 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС