"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

17.05.2022
ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров 5 маусымда өтетін республикалық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына келіп, мәслихат депутаттарымен кездесті.

— Мемлекет басшысы суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы білуі керек. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс,- деді Ерлан Саиров.

Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары сөз алып, сауалдарымен қатар өтініштерін де жеткізді. Халық қалаулылары жайылымдардың игілігін жергілікті жұрт емес, өзге өңірлерде тұратын қалталылар иемденіп отырғанын, шекаралық аудандарда жол, ауыз су сынды түйткілдердің толықтай шешімін таппай отырғанын айтты. Депутаттардың сөзінше, шет аймақтардағы 83 ауыл қазіргі уақытта қаңырай бастаған. Осы мәселелерді шешуді мейілінше жеделдету қажет деген тілектерін білдірді.
— Марқакөлді алып қарасақ та ондаған жыл ішінде тұрғындардың үдере көшкенін байқаймыз. Алайда, жергілікті жұрт, негізінен, малмен күнелтетіндіктен, жайылым тапшылығы әлі де аңғарылады. Елді мекен аумағында бос жер анықталса, құжат жүзінде иесі бар болып шығады. Сонда неліктен мұндай мәселе Заңнамаға сәйкес шешілмейді? Жер жекеменшікке берілуі тиіс деп ап-анық жазылған ғой, — деді Ұлан ауданынан келген аудандық мәслихат депутаттарының бірі.
Бұл ретте Парламент Мәжілісінің депутаты тұрғындардың заңнаманы өз пайдасына жарата алмай жүргендерін алға тартты.
— 2022 жылдың 1 қаңтарында жайылымға қатысты түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Негізі, көп дүние жергілікті басшылық деңгейінде шешілуі қажет. Министрлік деңгейінде көтерілген мәселе еді, күні бүгінге дейін жүзеге асырылмай жатқаны жұмбақ. Кейде мұны аудан әкімдіктері қасақана қолдамаулары мүмкін, — деді Ерлан Биахметұлы.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров демократия ұғымы сөз етілгенде әлеуметтік теңдік мәселесі қатар жүруі керектігін айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта ел басшылығы мемлекеттік институттарды өздері жүзеге асыруларына еркіндік беруде. Мемлекет қазынасын һәм билікті қоғамға қайтару жоспары күн тәртібінен түспеуі тиіс.

— Еліміздегі экономикалық иеліктер санаулы адамдарға ғана қызмет етпеуі қажет. Республика көлемін алсақ, осы үрдіс оң шешімін тапқанның өзінде де қаржының әрі қарай дұрыс жұмсалуы екіталай. Қаражат адамдарға ғана емес, облыстардың аймақтарына да жетуі тиіс. Жұмыс сапарымен Зайсан, Тарбағатай аудандарына барғанымда жөнделмеген жол, тартылмаған интернет мәселесі әлі өзекті екенін байқадым. Шекаралық аудандарды дамытамыз деп жатқанымызбен, іске асып жатқаны шамалы. Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан аудандарынан 30 жыл ішінде тұрғындардың 60-65%-ы көшіп кеткен. Бұл жерде қаншама саяси қателіктер кеткені жасырын емес. Осы ретте сол саяси олқылықтарды мойындауымыз керек, — деді Ерлан Саиров.

Іссапар аясында Ерлан Саиров AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында болып, бірқатар қоғамдық кеңес мүшелерімен, жастармен кездесіп, олардың жалпыхалықтық референдумға қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

7 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

7 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС