"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр» – Киев мәлімдемесі

26.05.2022
«Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр» – Киев мәлімдемесі
212
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына 3 айдан асты (92 күн).

Сарапшылардың бағалауынша, 2022 жылғы 24 ақпанға дейін бұл елдің аумағының 7%-ы іс жүзінде Ресейдің қоластына көшкен болатын. Қазіргі кезде Украина жерінің 20%-дан астамын Ресей басып алған.

Күні кешеге дейін украиналық әскер дұшпанын тықсырумен болды. Енді Ресей Қарулы күштері қайтадан сұрапыл шабуылдарға ден қойып, қарсыласы «азат етілді» деп есептеген жерлерді қайта жаулауға көшті.

Өткен айда Кремль «арнайы әскери операцияның екінші фазасының» басты мақсаты ретінде әлем мойындамаған «ЛХР/ДХР» псевдореспубликаларын Луганск және Донецк облыстарының әкімшілік аумағы шекарасына дейін кеңейтуді жариялаған еді. Алайда бүгінде Мәскеудің тек осы шекаралармен шектелмейтіні аңғарылады.

Кеше РФ президенті В.Путин бұдан былай Украинаның Херсон және Запорожье облыстарының тұрғындарын жеңілдетілген және жеделдетілген тәртіппен Ресей азаматтығына қабылдауды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Құжат РФ құқықтық ақпарат ресми порталында орналастырылды және сол күннен бастап күшіне енді. Бұл ретте «ЛХР/ДХР» аумақтарын біріктіретін Донбасс өлкесінің тұрғындарына Мәскеу 2019 жылғы сәуірден бастап паспорттарын оңайлатылған тәсілмен берген болатын. Украина СІМ-і көршісінің бұл жарлығына да наразылығын білдірді және берілген паспорттарды мойындамайтынын мәлімдеді.

Сарапшылар пікірінше, әлгі шешім Кремльдің көршісінің Луганск, Донецк өңірлеріне қоса, тағы екі облысын Ресей құрамына қосуға кіріскенін білдірсе керек. Ал бүгінде Путин тек Луганск облысына ғана толық дерлік иелік етіп отыр (РФ дерегінше). Қалған үш облыстың қомақты бөлігі Киев қолында қалды. Мәселен, Запорожье облысының солтүстігі және орталығы – Запорожье қаласы әзірге оккупацияланған жоқ. Демек, кем дегенде осы үш өңірдің әкімшілік шекарасына шыққанша, соғыс үдей беретін сыңайлы.

Бұдан бөлек, ресейлік әскер Днепропетровск облысының аумағын да жаулай бастады.

Осының алдында Ресей әскері Украина Қарулы күштерінен қатты жеңіліп, жаппай шегініп жатқан еді. 16 мамырда украиналық әскер дұшпанды түре қуып, Харковь облысында Ресеймен арасындағы шекараға дейін жетті. Сол маңда ақпанда құлатылған шекаралық бағананы қайта тіктеудің рәсімі де ұйымдастырылды. Жарылыстан көз ашпаған жұрт бір рухтанғандай көрінген. Артынша жергілікті күштер кері шегінуге мәжбүр болды.

Жағдайдың күрт өзгеруіне не ықпал етті?

Ұлыбританияның Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің корольдік институтының аналитигі Самуэль Кренни-Эванстың айтуынша, Ресей тарапынан соғысқа тек «контрактниктер», яғни майданға өз еркімен аттанған әскерилер, ЧВК-шылар және шетелдік жалдамалылар қатысуда. Украина болса, Отан қорғаушыларын мобилизациялады. Оларға тек әрбір жойылған жаудың техникасы мен ұшақтары үшін ғана төлейді. Алдыңғы шептегілерге 100 мың гривен сыйақы қарастырылған.

Ал Мәскеу Украинадағы «арнайы операцияға» қатысуға тілек білдіргендерге 300 мың рубль еңбекақы төлейді. Егер қаза тапса, ата-анасы, туыстарына 5 миллион рубль өтемақы беріледі. Ресейліктер үшін бұл түске кірмейтіндей орасан сома.

Росстат дерегінше, РФ тұрғындарының 11%-ы не кем дегенде 16,1 миллионының тұрмысы «кедейшілік шегінен» де төмен. Нәтижесінде, Украинаға аттануға ынтыққан еріктілерде қазір есеп жоқ көрінеді. Әлеуметтік желілерде олардың ұзын-сонар тізімі бейнеленген видеороликтер жетіп артылады.

Ендеше, майдан даласындағы жағдайдың күрт өзгеруінің бірінші себебі – Мәскеу қару ұстағандардың жаңа толқынын жедел түрде қатарға қоя алды. Осы мақсатқа барлық военкомат, әскери базалар жұмылдырылды, сондай-ақ көліктегі «контракт бойынша әскери қызметке іріктеудің мобильді қосындары» федерацияның барлық түкпірлерін аралап жүр. Бұған қоса, Ресей контракті бойынша ақылы әскери қызмет ету жасын 65-ке дейін көтеретін болды. Мұндай шешімді РФ парламенті құптады. Бұрын ресейліктерге – 40 жасқа дейін, ал шетелдіктерге 30 жасқа дейін ғана контрактімен армияда қызмет етуге рұқсат етілетін.

Өз кезегінде, Киев төл армиясының қатарын толықтырудың қарқыны жөнінен қарсыласына ұтылып қалды. Би-би-сидің хабарлауынша, 13 мамырда Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников соғыстың ұзаққа созылатын фазасы басталғанын жариялай келе, армия санын 1 миллионға жеткізуге уәде етіпті. Ол міндет әзірге іске аса қоймады. Әрине, украиналықтар арасында Отанын қасық қаны қалғанша қорғауға дайын ұландар саны көп, бірақ кілтипаны сол – оларға ұстататын қару жоқ екен. 24 ақпан күні таңалакеуім шақта соғыс жарияламай, тұтқиылдан соққы берген Мәскеу жоғары дәлдікті зымырандарымен Украинаның көптеген қару-жарақ қоймаларын, әскери базаларын жарды.

Батыс әлемі Украинадан теріс айналған ба?

Ресми Киев енді «көмегін кешіктірді, қару-жарақ жеткізілімін созбалаңға салды» деп батыстық серіктестерін айыптап жатыр. Президент В.Зеленский кешегі мәлімдемесінде қатты сын айтты.

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович 30-31 мамырға Еуроодақ елдерінің саммиті жоспарланғанын қаперге салды. Онда Ресейдің мұнайын сатып алуға эмбарго енгізілуге тиіс еді. Алайда ол жөнінен ұжымдық Еуропа ымыраға келе алмауда.

«Ол аз болғандай, Украинаға көмек мәселесінде Еуропаның бірлігі бұзылып, кейбір ел бөле-жарыла бастады. Франция, Италия, Германия және Венгрия соғысты тоқтату жөнінде Кремльмен келіссөздер жүргізуді ұсынды. Бұл үшін олар Путиннің сұрағанын беру, яғни барлық басып алған украиналық облыстарды соған қалдыру керек, сонда бітімге келіп, жаңа Еуропаны құруға кірісеміз дейді. Өзге елдер және Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен басқа ұстанымда табандайды, яғни Украина майдан даласында жеңіске жетуі, агрессор стратегиялық тұрғыдан жеңілуі керек, келіссөздер содан кейін болады. Осылайша, Еуропа салмақты дағдарысқа маңдай соқты», – деп бағалады ол.

Салдарынан, әскери көмек сұйылып кетіпті.

«Ленд-лиз бен еуропалық көмек аясында мамырда қолымызға көп қару мен техника тиеді деген үмітіміз ақталмады. Бұған бірінші кезекте Германияның түрлі сылтаумен қару-жарақ беруді созбалаңға салуы тікелей ықпал етті. Бундестаг өткен айда бізге ауыр, сауытты техника жіберуге дауыс берді, Германия Үкіметі жібермей қойды. Олар уәде еткен Leopard танктері, Marder БМП-лары, Gepard өздігінен жүретін зениттік қондырғылары келгенде, ұрыс даласындағы жағдай мүлдем басқаша болатын еді. Үш ай бойы соғысқан украиналық әскер әбден қажыды, техникаларының көбі жойылды, істен шықты. Ресей авиациямен, артиллериямен үстемелете төмпештеуде. Біздің әскери позицияларымызды жау Искандер, Ураган, Смерчтермен қашықтан бомбалауда. Ал олардың позицияларын талқандауға біздің қолымыздағы қарудың көбі жарамайды. Салдарынан жауынгерлеріміз қынадай қырылып жатыр», – деп қапаланды Алексей Арестович.

Оның мәліметінше, тіпті АҚШ тарапының өзі уәде етілген дүркін атыс реактивті жүйелерін жібермеген. Саны аз батыстық гаубицалар майдандағы жағдайды көп өзгерте алмапты.

Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі өз елін «ең ауыр ай күтіп тұрғанын» жария етті.

«Ресей әскері қазір майдан даласында тактикалық табысқа қол жеткізіп жатыр. Онысы оперативті жеңіске дейін өсуі әбден мүмкін. Қарсылас бұған дейін тастап шығуға мәжбүр болған Сумы, Чернигов, тіпті Киев облыстарын қайтадан басып алу туралы сөз қозғай бастады. Егер Ресей әскері ірі жеңістерге жетсе, оған Беларусь армиясы қосылуы мүмкін. Яғни, биылғы наурыз айының басындағы ахуалға кері оралып барамыз. Батыс әскери көмегін тез әрі қажетті көлемде көрсетпесе, Украинаның жағдайы қиындай береді. Бірақ біз қайтпаймыз, соғысты жалғыздан жалғыз жалғастыратын боламыз, соңғы солдатымыз қалғанша, жерімізді жанқиярлықпен қорғаймыз», – деді ол ресейлік блогерге сұхбатында.

Соғыс барысының күрт өзгертуі Шығыс Еуропа елдерін шошынтты. Кеше Словакия Премьер-Министр Эдуард Хегер «Ресей Украинаны тізе бүктірсе, содан кейін Словакияны басып алуға бар күшін шоғырландыруы мүмкін» деген қаупін жеткізді.

«Украина соғыста жеңуге тиіс. Әйтпесе, Украина жеңілсе, келесі құрбан Словакия болады. Агрессия өрістеуде, адамдар қырылып жатыр. Украина біздің құндылықтарымызды қорғау үшін өз қанын төгуде», – деген Хегердің мәлімдемесін CNN ұсынды.

Түбі, діні, түрі бір қос ел арасындағы қан-қасап қырғын өкінішке қарай, әзір бітпейтінге ұқсайды.

Жанат Ардақ

Мақалада: "Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр" – Киев мәлімдемесіКиевсоғыс 2022

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

1 день бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

1 день бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС