"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Марат САНДЫБАЕВ: СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

19.06.2022
Марат САНДЫБАЕВ: СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Марат Сандыбаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.

Марат Нұрланбекұлы 1965 жылдың 8 ақпанында Павлодар қаласында медицина қызметкерлері жанұясында дүниеге келген. Әкесі Нұрланбек Бөлекбайұлы да өңірге тарнымал дәрігер-хирург. Анасы Күлбәтіш Мұқажанқызы  дәрігер акушер-гинеколог болған. Ел анасы атанған дәрігер 20 мыңдай нәрестенің дүниеге келуіне қол ұшын  берген, жүрегі жайсаң, қолы шипалы адам еді.

Үржар ауданынан қанаттанған Марат Нұрланбекұлы Семей медицина институтын емдеу ісі бойынша аяқтаған соң әр жылдары облыстық клиникалық ауруханада анестезиолог-реаниматолог дәрігер,  ҚР Қарулы Күштерінің медициналық әскери бөлімі дәрігері,  Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

1998 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансері директоры қызметін абыроймен атқарып келе жатқан ақ халатты абзал жан өңір халқының, аты жаман ауруға шалдыққан науқастардың дертпен күресуіне , жалпы, медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып келді.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Үржар ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері атанған Марат Нұрланбекұлы сұхбат барысында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының жұмысы жайлы айтып берді.

— Ең алдымен Ядролық медицина және онкология орталығының қызметі, еліміздегі тұңғыш радионуклидтік терапия бөлімшесі жайлы айтып берсеңіз…

— Ядролық медицина және онкология орталығы – шығыс өңіріндегі ірі емдеу мекемелерінің бірі. Орталық миссиясы – онкологиялық қызметті дамытуға негізделген сапасы жоғары және қолжетімді медициналық көмекке қол жеткізу.

Онкологиялық орталықта 195 тәуліктік төсек қойылған. Жыл сайын стационарда 5000-ға жуық науқас ем алады. Алыстан келетін науқастар үшін 8 төсектік пансионат жұмыс істейді.

Мұнда онкологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі. Радионуклидтік терапия бөлімшесі елімізде алғаш рет ашылды, бұл біздің науқастарға заманауи жоғары технологиялық ем алуға мүмкіндік береді.

Радиойодтерапия дегеніміз — алыс таралған метастаздары бар дифференциалды қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеудің таптырмас әдісі. Дәл осындай технология тиротоксикоз үшін де қолданылады, тиротоксикоз үшін бұл әдіс емдеудің ең тиімді және қауіпсіз түрі болып табылады.

Қазіргі уақытта радиойодтерапия — радионуклидтік терапияның әлемде ең кең таралған әдісі, терапиялық радиофарпрепараттарды қолданумен байланысты барлық емдік процедуралардың 70 пайыздан астамы оның үлесіне тиесілі.

Қазақстанда жыл сайын 3 500 пациенттің ішінен қалқанша безінің қатерлі ісігі бар 600 науқас радиойодтерапия әдісімен емдеуді қажет етеді.

— Емдеу мекемесі елімізде, тіпті Орта Азияда теңдесі жоқ орталықтардың қатарында. Дегенмен, заманауи құрылғылар және білікті мамандармен қоса, науқастардың санасына әсер ету арқылы кешенді ем жүргізіледі  ғой…

— Әрине, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға паллиативті көмек көрсету және оңалту онкологиялық көмектің маңызды элементі болып табылады. Осы мақсатта онкологиялық орталықта 15 төсектік жалпы терапия бөлімі жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Сенің таңдауың» қоғамдық қоры мен Семей қаласы Ядролық медицина және онкология орталығы бірлесіп Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен онкологиялық науқастарға арналған арт-терапия кабинетін ашты.  Кабинет жұмысының басты мақсаты – онконауқастарға өздерінің жағымсыз эмоцияларын шығару үшін шығармашылықпен айналысып, эмоционалдық күйін тұрақтандырып, тиімді түрде сауығуға көмектесу, өз қабілеттерін іске асыра отырып, шығармашылық арқылы өздерін танытуға мүмкіндік беру. Аталмыш жобада классикалық және заманауи арт-терапияның, еңбек элементтерін қоса алғанда, изотерапия, фотосурет,  оригами, музыкотерапия сынды әр түрлі әдістері кеңінен қолданылады. Арт-терапия кабинетіне орталықтың стационарлық пациенттері және амбулаторлық онконауқастары да келеді.

2015 жылдан бастап орталықтың емханасында пациенттерді қолдау қызметі жұмыс жасайды. Пациенттерді қолдау кабинетінде онконауқастар мен олардың туыстарына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетіледі, әлеуметтік бейімделуге көмектеседі, кабинеттің мамандары орталық бөлімдерінің жұмыс сапасына қатысты ескертулер мен тілектерді тыңдауға қашанда дайын.

— Орталықтың мүмкіндігі, материалдық-техникалық тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі жайлы айтып берсеңіз…

— Орталықтың жыл сайын 42 000-нан астам пациентке консультациялық көмек көрсететін емханасы бар. Амбулаторлы-емханалық көмек, яғни консультациялар және диспансерлік бақылаулар бар. Ересек тұрғындарға онкохирург, онкогинеколог, лор-онколог, маммолог, онкоуролог, химиотерапевт, онкоэндокринолог, психотерапевт, ауырсынуға қарсы ем жүргізу дәрігері қызмет көрсетеді. Науқастар  радионуклидтті диагностика және сәулелі диагностика бөлімі, клинико-диагностикалық зертхана, ИГХ бойынша референс орталығы бар патогистологиялық зертхана, цитологиялық зертхана бөлімдері арқылы ем қабылдайды.  Соның ішінде эндоскопия, функционалды диагностика және  трепанбиопсиялы УДЗ, ЭКГ, МРТ бар сәулелі диагностика, цитологиялы клинико-диагностикалық зерттеу, ИГХ бар патогистологиялық зерттеу, сцинтиграфия сынды зерттеудің барлық түрі қолжетімді.

Марат САНДЫБАЕВ: СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

— Заманауи құрылғылардың мүмкіндігіне күмән келтіре алмаймыз. Орталық уақыт өткен сайын техникалық тұрғыда жаңарып, заманауи үдерістен қалмай дамып келеді. Мамандардың біліктілігін арттыру ісі қалай ұйымдастырылады? 

— Онкологиялық науқастарға профилактикалық, диагностикалық, емдік,  оңалту және паллиативті көмек көрсететін мамандардың кәсіби деңгейін арттыру үздіксіз жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық бейінді емес мамандар да дайындықтан өтеді. Соңғы жылдары орталықтың 80-нен астам қызметкері Австралия, Польша, Италия, Корея, Швейцария, Эстония, Хорватия, Португалия, Дания, Жапония, Ресей сынды әлемнің 20 елінде тағылымдамадан өтті. Онколог мамандардың біліктілігін жоғарылату мақсатында, әкімдіктің Семей өңірі бойынша білімділік бағдарламасына бөлінген қаражатқа 2017-2022 жылдар аралығында  43-тен астам маман Ұлыбритания, Батыс Еуропа, Жапонияның алдыңғы қатарлы клиникаларында, оқыту орындарында білімін жоғарылатты. Аталған бағдарлама аясында Жапония мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдарының қатысуымен онколог дәрігерлерге, онкологиялық бейіндегі патоморфологтарға, гематологтарға, эндоскопистерге арналып шеберлік сабағы өткізілді.

— «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді халқымыз. Қатерлі ісік ауруынан аулақ жүру үшін, алдын алу үшін қайтпек керек? Аурушаңдық деңгейі артып отыр ма, әлде төмендеп келе ме?

— Онкологиялық ауруларды ерте анықтауда скринингтік тексерулерден өту де маңызды. Қазір еліміздегі емханаларда 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында сүт безі обырын ерте анықтауға арналған, 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында колоректалды обырды анықтауға арналған және  30-70 жас аралығындағы әйелдер арасында жатыр мойыншығы обырын анықтауға арналған скрининг жүргізіледі.

Соңғы 5 жылдағы сырқаттанушылықты талдау өңірде онкопатологиямен ауыратын науқастардың абсолютті санмен де, көрсеткіштер бойынша да өсіп келе жатқанын көрсетеді. Қатерлі ісіктерге шалдығу бойынша сүт безі обыры бірінші, тері обыры екінші, өкпе обыры үшінші, асқазан обыры төртінші орында.

2021 жылдың соңында онкологиялық орталықтың бақылауында – бес және одан да көп жыл ішінде қатерлі ісікке шалдыққан 4348 пациент болды, бұл контингенттің жалпы санының 55,8 пайызын құрайды. Бұл есепте тұрған пациенттердің  56 пайызы 5 және одан да көп жыл өмір сүретінін байқатады. Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді, бұл, әрине, қуантарлық жағдай.

Обырдың ерте анықталуы өлім-жітімді едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы обырды емдеудің тиімділігі жоғары арнаулы әдістерін қолданады, бұл әсіресе аурудың бастапқы сатыларында жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге орталықтың жылжымалы мобидьді бригадасы ауруды ерте кезеңде анықтауға жол ашады.

— Жылжымалы мобильді бригада жұмысы жайлы да айта кетсеңіз… Тұрғындардың белсенділігі қандай?

— Скринингтік тексерілулерден үнемі өтіп отыру өте маңызды. Сондықтан Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы дәрігерлерінің жылжымалы мобильді бригадасы биылғы жылдың сәуір — мамыр айларында өңірдің 6 ауданы және Курчатов қаласы тұрғындарына кешенді медициналық қызмет көрсетті.
Алыс жатқан елді мекендердің тұрғындары көп жағдайда денсаулықтары сыр берсе де, дәрігерге уақтылы көрінуді кейінге шегере беретіні бар, бір жағынан, бара салғанға – жол алыс, кезек күтіп, сараптама жасату кезіндегі әуре-сарсаңнан да қашады. Медициналық қызметтің мобильді түрі ауылдағы денсаулық сақтау саласының тиімді дамуына ықпал етеді. Мобильді бригаданың негізгі мақсаты – шалғай елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, онкологиялық ауруларды ерте анықтау.
Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының жоғары білікті мамандары Бесқарағай, Бородулиха, Үржар, Аягөз  және Абай аудандарына, Курчатов пен Шар қаласына барды. Мобильді топ 1420 тұрғынға медициналық кеңес берді, 779 адамға УДЗ жүргізді  және 436 адам сүт безі ауруына тексерілді. Тексеруден соң 37 онкологиялық ауруға күдік анықталды. Жалпы, жыл басынан бері Семей өңірінің 6 ауданына және Курчатов қаласына, 4 қалалық ауруханаға консультативті-методикалық кеңес берілді.

— Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

24.04.2025
Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірде сальмонеллез және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) таралу деңгейі артқан....

Толығырақ...Details

Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандары салыну жоспарлануда

29.08.2024
Абай облысында 2024 жылы бірнеше саладағы жаңа нысандар пайда болады

Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық...

Толығырақ...Details

Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

21.08.2024
Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

Қадағалау және дер кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында облыста тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, пастереллез, лептоспироз, листериоз, құтыру және...

Толығырақ...Details

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

15.08.2024
Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы...

Толығырақ...Details

21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

18.07.2024
21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жарыс өтеді. Семей қаласындағы жарыс QAZAQ MARATHON...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

28.03.2024
Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

2023 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Абай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС