"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЗАҒАҢНЫҢ ҚАЛБАТАУЫНДА

28.07.2022
ӘЗАҒАҢНЫҢ ҚАЛБАТАУЫНДА
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әзағаң өзінің Қалбатауына қанына біткен қарапайымдылығынан да сан есе кішірейіп, аласарып, аңғалданып, сәбише арсалаңдап келіп кетуші еді-ау. Бұл жолы өзі жоқ, сандаған көзі – оқырмандары бар еді.   Алматыдан әдейі келіп ата-баба рухына тағзым етіп, ас беріп, Құран хатым түсірту қамын күйттеген ұлы Жаннұр, келіні Ғалия бастаған ұрпақтары –  немерелері мен шөберелерінің   бұл тағзым ғұрпына сүйсінген жергілікті басшылар өз тараптарынан жөпелдемеде ойластырылған жедеғабыл  ілкімді іс-шараларымен желпінтіп әкете қойғанына қалайша сүйсінбессің. Мұндай іңкәрлік сезім өздерінің тума талантына көрсетілген  қошемет, ықылас екендігі сезіліп, дүйім жұрттың қолдау, қолпаштауына ұласып кете барғаны қандай жарасты еді, ауыл бірлігінің айшықты берекесі еді.

Жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ жерлестерінің жүрек қалауымен дүбірленген дәркемді  істер  өз-өзінен қиюласып, нақ бір айлар бойы дайындық жасалғаннан бетер өреленіп, өркештеніп, өрісін кеңге сала берді.

Жарма ауданының орталығы Қалбатауда кәрі-жастың жүрегін бұлқынтпай қоймайтын, жасыл аймағына келіп саф ауасына тоймайтын, барельефтегі «Махаббат, қызық мол жылдар» деп алаулатқан жазудың оң қапталындағы «Әзілхан Нұршайықов» қолтаңбасымен қоса тұлғаланған өр тұлға бейнесін жатса-тұрса да ойлайтын  оқырмандардың аңсап келетін бір көрнекі орны  «Махаббат аллеясы» аталады. Ғайыптан осы жерде жас жұбайлардың ақ некесі қиылатын болып, куәлік тапсырылар сәтте бізден бата сұралғанын махаббат жыршысы Әзағаңның аманатындай сезініп, кірпігімізге жас шыланды… Әзағаңның «Мәңгілік махаббат қуанта да біледі, жылата да біледі» деген сөзі есімізге оралып, еліміздің жас отауына Әзағаң мен Халиманың махаббат бақытын тіледік.

Халық жазушысы атындағы көшеде жүргенімізде бір қонақ кенет: «Әне, әне ұшып барады, самалмен ойнап барады, тұлымшағы желбіреп»,- деп дауыстап жіберген жақтан еш нәрсе көзімізге шалынбай дағдарып қалсақ, әлгі егделеу кісі «ауада қалқыған махаббатты айтамын» деп ду күлдірмесін бе бәрімізді. Шынында да, бұл көшеде болсын, орталықтың басқа жерінде болсын тұрғындардың бәрі махаббатпен желпінгендей, мейірімді, мейірбан жүректерін қолдарына мәпелеп ұстап бара жатқандай әсерге бөлейтінін қайтерсіз. Махаббат жыршысының ауданында махаббат кезіп жүр екен… Бұл ненің құдіреті, бәтір-ау! Жауабы көкірегіңізде  сайрап тұр ғой…

Орталық саябақтағы майдангерлер аллеясының кіреберіс сол қапталында тұғырға қондырылған  сержант Әзілхан Нұршайықовтың зеңбірегі (халық сол кісіге телиді) сонау Отан үшін шайқастың дабылын қағып, бейбіт өмірдің маңызын үстемелей ұғындырып тұрғандай. Бұл жерден жұрт тебіренбей өтпейтіндей: қатулы қабақ Бауыржанның өсиет сөздері еске алынады, ақиқат пен аңыздың кезекпе-кезек алмасқан қағидаттары  сан тарапқа сүйрелейді… Отанның оттай ыстық екендігін әр санаға шегелей түседі.

Жұртшылық көп жиылып, естеліктерімен бөлісіп, Құран хатым түсірілген астан соң аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кітап көрмесі тамашаланды. Одан әрі жалғасқан «Аңыз адам – нағыз адам…» атты конференцияны аудандық мәслихат хатшысы М.Оспанбаев ашып, жазушының жүз жылдық тойының туған жерінде бастау алғанын қанағат сезімімен атап өтті.  Белгілі ғалым, профессор С.Қорабай халық жазушысының ақындық әлеміне талдау жасады, майданнан арнайы келіп «Жамбылға хат» өлеңін оқып беріп, ұлы жыраудың  батасын алғанын есіне алып, есімін осындағы орта мектепке беру қажеттігіне тоқталып, Семей қаласында да мәңгілік есте қалдыру шараларының жүзеге асатынынан үміт етті.  Режиссер А.Азаматов болса «Махаббат, қызық мол жылдар»  пьесасының өмірге келуінен сыр тартып, «Шабыт» шығармашылық орталығының жетекшісі, жоғарғы санатты ұстаз Ж.Рахметова жазушымен кездескен сәттерінен тұшымды естелік айтып берді. Ауған соғысының ардагері Қ. Пірмашев  оққа ұшқан досының қойнындағы «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабының паршаланған он сегіз бетін авторға әкеп көрсеткендегі тылсым сәттерді баяндағанда зал толы жұрттың күңіренісі жан күйзелесін тудырды. «Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы эпистолярлық жанр өрісі» деген тақырыпта біз де әңгіме өрбіттік. Әзағаңның жарияланбай жатқан қаншама хаттары бар, соларға көңіл бөлінсе екен.

Екінші күні Әзағаңды қолдан «жаңа тудырып» алғандай күй кештік. Бірлік ауылындағы өзі оқыған орта мектептің шағын мұражайында болып, тың құжаттармен таныстық. Немересі Дина мен Алма   атасы туралы мазмұнды деректер, суреттер жинақталған баннер сыйлады. Әлі де тосын сыйларымен бөлісетінін мәлімдеді. Осындағы жазушы көшесінің  бойымен кеуде кере тыныстап, жаяулап өткенімізде  ауыл әкімі Н.Нұрғалиев ауыл саябағында  жазушыға ескерткіш ашпақ талпыныстарына қолдау көрсетуді өтінді. Жарайды дедік, Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұ.Есдәулетовке жеткізейік дедік. Мүмкін, одақ ұсынысымен Абай облысының орталығында жазушы  мерейтойы әрі жалғасатын шығар дедік. Біле білгенге жаңа облыстың рухани азығын еселейтін кезең енді туған шығар дедік. Біздікі деу ғана ғой…

Әзағаңның ерекше мейіріммен жырлайтын Ақбұзау ауылына тақап енгенімізде алдымыздан ел жалауын көтеріп, ауыл атын асқақтатқан жалаушаны желмен желбіретіп атқа қонған бес-алты жігіт ойнақтатып шыға келсін. Әзағаңның үлкен портретін кеуделеріне тоса ұстаған тұрғындар ән-жырға басып, шашу шашып, ақ дәмін ұсынып, құртын ащылата тіске басқызып, бал қымызын ұртатты. Жазушыны жетпіс жасында осылайша күтісіп алған екен… Одан әрі ауылға аттылармен жарыса ендік. Атам қазақтың аш қарын,  белі үзілердей жіңішкерген тазылары да ойнақты салды дейсің қуанып. Қонақ күтсе, осылай жаны қалмайтын қазағым-ай!

Ақбұзаудың ежелгі атауы – Амангелді. Бұл кісі Әзағаңның атасы, соғыста ерлікпен жан тапсырған әкесі Нұршайықтың, оның інісі  Ниғаптың әкелері екен. Ертеректе ақ бұзау жоғалып, ел дүрлігіп іздеп, өлігін тауыпты,  соны еске түсіретін оқиғалы ауыл өз есімін соған тәрк етіп жіберіпті. Неткен мәрттік!

Ауыл деген аты ғана, үйлері аз, әр төмпешік орны «біз де ошақ көтергенбіз» дерліктей өткенінен өрім өретін тарих тәбәрігі екен. Мұндағы асыл қазынаға – баяғыда жас Әзілхан сүйікті Халимасын жетелеп әкеп келін ғып түсірген үйдің, бүгінгі тым қораш кейпіне ақ сарай көргендей  жұлқына ентелестік. Есігі жоқ үңірейген аузынан ішіне бас сұғып едім, тауық қорасындай тар бөлменің бір бұрышынан кішкене кереует көрінгендей боп, жүрегім әлде мұздады, әлде маздады, тұла бойым тітіркеніп кетті… Өмір осынысымен құнды екен ғой… Анадай жердегі жас ғашықтар шөлін қандырған шеген құдықтан су тартып іштік. «Тәтті»,- деді шөліркеген Халима шөбере. Сонау қиядан, Америкадан  бабасының асына келген асыл тұяқ бұл. «Тәтті»,- деді бір кейуана, «Әзілхандардың таңдайын жібіткен су болғасын іштім»,- деп тастай екендігіне қарамастан сіміріп жібергесін.

Осы махаббат мекені жүдеу күйінде қала берер ме екен?! Басқа ұлт болса  қалпына келтіріп, жайнатып, мұнтаздай етіп, мақтанышпен ұстап, болашаққа аманаттар  еді-ау деп амалсыздан бармағымызды тістедік.

Енді бүгінгі әңгімеміздің түйініне келіп те қалған сыңайлымыз. Әзағаңның кіндік қаны тамған жер Мұқыш ауылының ескі көңдерінің  орнын басып тұрмыз. Қиыршық тасты оба секілді дөңестенген тұстарын бізді бастап жүрген ауыл ақсақалдары барлап тұрып: «Міне, үйінің орны дәл осы жер екенін Әзілхан тап басып бізге көрсеткен»,- деп аяқ ұштарын қадап, тұралап тұрып алды.

Расында да былай болыпты. Ертеректе бір келгенінде Әзағаң бала кезінде қиядан төмен сырғанағанда аяғы кеп дәл үйінің қабырғасына тірелетінін  еске алып, соның етегіндегі үйіндіні «осы біздің үй болған» деп айқайлап жіберген екен. Бұл үйде ол жеті жасына дейін өмір сүріпті.

Табиғаты әсем, қыратты, ойпаң, еңісті, сонадайдан тау сілемдері бураның өркештеріндей жамырай андағайлаған келісті жер екен. Сонау төменде ерте заманда айнадай көл жарқырап жатқан-мыс. Қазір тартылып,  тандыры кепсе де аумағын қалың көк майса жапқан жасыл бұйрат көзге қызық. Қырат үстіне, баяғы бала Әзілхан шанамен төмен сырғанайтын биікке көтеріліп, маңайыма зер салдым. Әзілханның жазушы, ақын болмасына, жанының мөлдір, көкірегі нұрға тұнған тұнық, әр нәрсеге махаббат көзімен қарамауына ешқандай хақы қалмағанына  имандай сендім… Табиғат ана өз талантын бауырына осылайша басып өбектеп, ер жеткізіпті-ау!..

… Дәл осы үйінің орнына  бір белгі қойса, артықтық етпес еді деген ауыр жүк арқалап, жолға түстік.

Қайсар ӘЛІМ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мақалада: ӘЗАҒАҢНЫҢ ҚАЛБАТАУЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

15 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

22 часа бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

22 часа бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22 часа бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

22 часа бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

2 дня бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

2 дня бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС