"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАҒАМНАН УЛАНБАС ҮШІН

24.08.2022
ТАҒАМНАН УЛАНБАС ҮШІН
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО санитарлық дәрігерлері жеміс-жидек, көкөніс өнімдерінен уланудан қалай сақтану керектігі, сондай-ақ сапасыз жеміс-жидектерді сатып алу фактілері орын алған жағдайда қайда және қалай шағымдануға болатындығы туралы ақпарат берді. Басқа елдерден импортталатын, сондай-ақ Қазақстан аумағында өсірілген барлық тағамдық жеміс-көкөніс өнімдері сатылымға түскен кезде тауарға ілеспе құжаттармен және оның қауіпсіздігін растайтын құжаттармен (өнімнің сәйкестігі туралы декларация) қоса жүруге тиіс. ШҚО СЭБ департаментінің мәліметі бойынша, облыс орталығындағы жеміс өнімдерін сататын ең сенімді орындардың бірі – «Дина» көтерме-бөлшек сауда кешені. — Мұнда тауарларға кіріс бақылау «Полисертико» ЖШС зертханасымен бірлесіп жүзеге асырылады, онда пестицидтердің қалдық құрамына талдау жүргізіледі. Дәл осы жерден тауарға ілеспе құжаттармен және декларациямен қамтамасыз етілген көкөністер, жемістер мен жидектер қаланың сауда нүктелеріне тарайды, — дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары. Нитраттар – өсімдіктердің қоректік элементтері болып табылатын азот қышқылының тұздары. Уланудың алдын қалай алуға болады? Біріншіден, маусымда жергілікті өндірушілердің топырақта өсірілген көкөністеріне артықшылық берген жөн. Екіншіден, тым үлкен емес және жылтыр емес жеміс-көкөністерді таңдау керек, өйткені олар нитраттардың көп мөлшерін жинауға бейім. Нитрат өнімдерінің белгілері: дәмінің тәтті болмауы және қарбыз немесе қауынның піспеген тұқымдарының болуы, дәмі мен иісі (қияр, қауын) айқын емес, өсімдіктің ортаңғы бөлігінде тамырлы тін, қарбызда сары талшықтардың болуы. Қауіпсіз бақша өнімдері тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында пісіп-жетіледі, бұл алмұрт пен шабдалыға да қатысты. Қияр, алма, қызанақ және қырыққабат өнімдерін шілде айында да сатып алуға болады. Пестицидтер мен гербицидтер – арамшөптерді, зиянкестерді, өсімдік қоздырғыштарын жою үшін және өсімдіктердің ылғалдығы мен өсуін реттеу үшін қолданылатын заттар. Адам ағзасына үлкен мөлшерде түскенде улы әсер етуі мүмкін. Көкөністер мен жемістердегі пестицидтердің мөлшерін тек зертханалық зерттеулер арқылы ғана анықтауға болады. ШҚО СЭБ департаменті жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың алдын алу және болдырмау мақсатында сатып алынған көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында міндетті түрде сумен мұқият шаюға кеңес береді және ешбір жағдайда сатып алған жерде бірден жеуге болмайды. Әсіресе балаларды қадағалау керек. Қарапайым гигиена ережелерін сақтамау асқазан ауруларына, тіпті дизентерия, А гепатиті, энтеро және ротавирустық ауыр ішек инфекцияларына шалдықтыруы мүмкін. Жеміс пен көкөністі тек рұқсат етілген, сауда үшін арнайы бөлінген жерлерден ғана сатып алу керек, қала көшелерінен, автомобиль жолдарының бойынан алуға болмайды. Сондай-ақ сатушыдан тауардың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін декларацияны көрсетуді сұрау артық болмайды. Сапасыз жеміс-жидектерді сатып алған жағдайда жеке немесе заңды тұлға өтініш беретін болса, шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялануына байланысты, өтініш сатып алу орны мен күнін анықтауға болатын түбіртекпен, фото немесе бейнематериалдармен расталуы тиіс. Немесе дәрігерге көмекке жүгінгені туралы анықтаманы немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қоса берген жөн.

Шығыс Қазақстан облысы санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаменті

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

2 дня бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

2 дня бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

2 дня бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

2 дня бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

2 дня бұрын

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

3 дня бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

5 дней бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС