"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жапон елінің ғалымы, профессор, алаштанушы Томохико Уямамен кездесу өтті

27.09.2022
Жапон елінің ғалымы, профессор, алаштанушы Томохико Уямамен кездесу өтті
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
26 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан Университетінде «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жапон елінің ғалымы, Хоккайдо университетінің славян-еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры, алаштанушы Томохико Уямамен кездесу өтті

Кездесуге университет басшылығы, профессор оқытушылар құрамы мен білім алушылары – докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар жапон ғалымымен жүздесуге қаланың зиялы қауым өкілдері – ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, Алаш қозғалысы мүшелерінің ұрпақтары келді

Кездесу барысында Томохико Уяма өзінің Алаш қайраткерлерінің қызметін зерттеу жұмысы туралы, Жапон елінің архивтеріндегі Алашора үкіметіне қатысты құжаттар жайында, Алаш қайраткерлерінің жапон үкіметімен арадағы қарым-қатынастары туралы баяндады. Әлімхан Ермеков, Райымжан Мәрсеков, Міржақып Дулатов сынды Алаш қайраткерлерінің қызметіне қатысты жапон архивтерінен табылған құжаттардың мазмұны, Алашорда үкіметінің тарихын зерделеудің маңызы туралы танымды да қызықты әңгіме өрбітті

Әсіресе Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жоғары білімді заңгер, Семей географиялық қоғамы бөлімшесінің белсенді мүшесі, Семей округтік соты мен Омбының сот палатасында қызмет еткен қайраткер, Семей облыстық земство басқармасының төрағасы болған Райымжан Мәрсековтің Жапон үкіметіне жазған хаттары туралы тың мәліметтермен бөлісті

Кездесуге қатысқан Райымжан Мәрсековтің ұрпақтары – інісі Шериязданның жиен-немересі Кәкімжан Қойгелдин, қызы Гүлхасылдан туатын жиен-немересі Сара Қайырбекова, осы Гүлхасылдан туатын Мараттың ұлы, яғни шөбере-жиеншары Эльдар Қайырбековтер ғалымға шапан жауып, құрмет көрсетті

Ал Алаш қозғалысының жетекшісі, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімін иеленген Университет басшылығы Ғылыми кеңестің шешімімен алаштану ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі мен жапон-қызық ғылыми қатынастарын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Томохико Уямаға университеттің құрметті профессоры атағын берді.

Мақалада: алаштанушы Томохико Уямамен кездесу өттіЖапон елінің ғалымыпрофессор

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС