"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕГІН САЛЫП, ІРІ ҚАРА МАЛ ӨСІРЕДІ

27.09.2022
ЕГІН САЛЫП, ІРІ ҚАРА МАЛ ӨСІРЕДІ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үлкен Нарындағы (бұрынғы Большенарым) май зауыты кеңестік уақытта дәурені жүріп тұрған бірегей өндіріс ошағы еді. Тоқсаныншы жылдардың топалаңынан соң, облыс пен республиканы қойғанда, сол кездегі бүкіл кеңестің ауқымында атағы аспандап тұрған зауыттың жұмысы біржолата тоқтайды. Сапалы сүт өнімдерімен елді қамтамасыз еткен үлкен кәсіпорын әлі де көптің есінде.

Бертіндері аудандағы іскер азаматтардың біразы кешегі май зауытының жұмысын жандандырып, осындай өндіріс ошағын аудан аумағында қайтадан ашуға ниет білдірген-ді. Көп жағдайда қаржы мәселесі қолбайлау болғандықтан, кәсіпкерлердің ойлаған жобалары тұралап қалып жүрді. Соңғы уақытта бұл жұмысты Новохайрузовка ауылының тұрғыны — «Самай» шаруа қожалығының басшысы Мәлік Зияда қайта қолға алуда. Осылайша, ол отандық өнімді шығарып, оның сапасын арттыруға, көптің назарын отандық өнімдерді тұтынуға аудартуды басты мақсат етіп отыр.

Сүт өңдеу зауытын ашуды Мәлік Зиядаұлы осыдан алты-жеті жыл бұрын ойластырған. Ол үшін кәсіпкер «Самай өндірісі» ЖШС-ін құрады. Бұдан кейін Новохайрузовкадағы бұрынғы МТМ ғимаратын сатып алып, оның тиісті жобалық-сметалық құжаттарын әзірлейді. Зауыттың жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайды.

— Бұрынғы МТМ-нің бос тұрған ғимараты мүшкіл халде еді. Қабырғаларын тұрғызып, төбесін жаптық, еденін бетондадық, ішкі қабырғаларына жөндеу жүргіздік, есік-терезелерін орнаттық. Үлкен Нарындағы бұрынғы май зауытының ескі болса да әлі де істеп тұрған құрылғыларын іздеп тауып алдық. Өздеріңіз білесіздер, кезінде Үлкен Нарындағы май зауыты атағы дүркіреп тұрған өндіріс орны еді. Ол бетке ұстар өнім шығарып тұрды. Сүт өңдеу зауытын ашудағы ой да осы болатын. Ауданымызда сүт өнімдерін шығаруды қайта жандандыру арқылы табиғи таза әрі сапалы өнімдермен жергілікті халықты қамтамасыз еткіміз келеді, — дейді Мәлік Зияда.

Іскер азамат сүт өңдеу зауытының бір бөлігін шұжық шығару цехы ретінде жасайтындығы айтады. Бүгінде қажетті құрылғылардың бір бөлігі зауытқа әкелініп, орналастырылған, қалған қажетті құрал-жабдықтарды кәсіпкер алдағы уақытта жеткізбек. Кәсіпкер сүт өнімдерінің бес-алты, шұжықтың екі-үш түрін өндіруді мақсат етуде.

— Барлық жұмыстың бүгінгі таңда 70 пайызын атқарып қойдық. Ендігі қалғаны зауыттың бетонды-мрамор еденінің бетін тегістеу, одан бөлек, жарығы мен суын кіргізіп, кәріз жүйесін жүргізу бар. Ең бастысы – тиісті жобалық-сметалық құжаттарды тосып отырмыз, күні ертең дайын боп қалады. Су кіргізу үшін зауыт маңынан 1,5 млн теңгеге су ұңғымасын (скважина) қаздық. Қазір оны қайта қазу керек, себебі біреулер қастық жасап, ұңғыманың аузын таспен бітеп тастапты.

Сүт өңдеу зауыты ашылған уақытта, бұнда жиырмаға тарта адамды жұмыспен қамтуға болады. Онда жұмыс істейтін тиісті мамандарды да қарастырып қойдық деуге болады. Сүтті жергілікті тұрғындардан, сондай-ақ көршілес Алтай ауданына қарасты Средигорное ауылынан жеткізіп отырамыз. Қазір олармен бұл жөнінде өзара келісіміміз бар, — дейді кәсіпкер.

Мәлік Зиядаұлының айтуынша, бүгінде сүт өңдеу зауытын ашуға ол 80 млн теңгедей өз қаржысын жұмсаған. Алдағы атқарылар бар жұмыстарға әлі де осындай көлемде қаражат қажеттілігін айтады ол.

— Зауыттың жұмысы жүріп кету үшін қаражат мәселесі тежеп тұр. Мәселен, әлі де біраз қажетті құрылғылар мен аяқталмаған жөндеу жұмыстарына қаржы қажет. Сол үшін мемлекет тарапынан гранттық немесе жеңілдетілген несие түріндегі қолдау берілсе дейміз. Бастаған жобамызды қайткен күнде де соңына дейін жеткізу керек. Бұл — өзім емес, аудан тұрғындарының игілігі үшін жасалып жатқан жұмыс.

Бізге (елімізге) сүтті сонау Белоруссиядан әкеледі. Өзімізде таза әрі сапалы өнімді неге шығармасқа? Аудан тұрғындары өзімізден шыққан өнімдерді пайдалансын дейміз. Кезіндегі атағы дүркіреп тұрған бетке ұстар өнімдерді қайтадан жаңғырту керек. Осылайша, еліміздің атын шығарамыз, — дейді Мәлік Зиядаұлы.

Сөз басында айтқандайын, Мәлік Зияда Новохайрузовкада «Самай» шаруа қожалығын басқарады. Ал болашақ сүт өңдеу зауытын ол «Самай өндірісі» ЖШС-і деп тіркеген. «Самай» шаруа қожалығын сонау 1998 жылы құрған. Шаруашылықтың басты бағыты –егіншілік пен мал шаруашылығы.

— Біз үйде бес ағайынды боп өстік. Үлкен ағамыз дүниеден өтіп кетті. Қалған төртеуіміз «Самай транзит» ЖШС-ін құрдық. Кейіннен оның филиалы ретінде «Самай өндірісі» ЖШС-ін аштық. Сүт зауыты аталған серіктестік негізінде жұмыс жасайтын болады, — дейді М.Зияда.

Кәсіпкер басшылық ететін шаруашылыққа келер болсақ, бүгінде қожалық иелігінде 600 гектар егістік, 800 гектар жайылым және 150 гектар шабындық жер бар. Егістік алқаптарына шаруашылық бидай, арпа, күнбағыс, сұлы сияқты дәнді-дақылдар егеді. Биылғы орақ науқанында қожалық басшысы бидайдың әр гектарынан 10-15 центнер өнім түсірсе, күнбағыстан 20 центнерден өнім алатындығын айтады.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында қожалықта бүгінгі таңда 50-ге тарта жергілікті тұқымды ірі қара мал басын өсіріп отыр. Алдағы уақытта ірі қара санының сүтті бағытын арттыруды мақсат етуде ол.

Қожалық сондай-ақ биыл иелігіндегі ауыл шаруашылық техникасын жаңартуда. Жалпы алғанда, шаруашылық еншісінде екі комбайн, үш-төрт бірлік МТЗ тракторлары, сонымен қатар Қытайда және Германияда жасалған «Ловол» және «Дойч фар» атты екі-үш бірлік жаңа тракторлары бар. Келер уақытта шаруашылық басшысы бір-екі бірлік американдық комбайндарды алу жоспарда бар екендігін айтады.

«Самай» ШҚ-да бүгінде он-он бес адам еңбек етеді. Қожалық басшысының айтуынша, жазғы маусымда жұмысшылардың жалақысы 300 мың теңгеден кем емес болса, қысқы уақытта оларға 60 мың теңге көлемінде орта айлық жалақы төленеді.

Сөз соңында айтарымыз, новохайрузовкалық іскер азамат Мәлік Зияданың бастамасы әбден құптарлық. Көбінде мал шаруашылығымен айналысып отырған ауданымыз үшін бұл үлкен жаңалық болары анық.

Тимур СМАҒҰЛОВ

Мақалада: ЕГІН САЛЫПІРІ ҚАРА МАЛ ӨСІРЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

КӘСІП АШЫП, НӘСІП ТАБУДА

04.10.2022
КӘСІП АШЫП, НӘСІП ТАБУДА

Жақында үлкеннарындық жеке кәсіпкер Асқар Нұрқасынов ауылдың шығыс бөлігіндегі республикалық маңыздағы жолдың бойында заманауи көлік жуу бекетін ашып, аудан орталығы...

Толығырақ...

АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

27.09.2022
АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

Бірлігі жарасқан Топқайың ауылында да биыл ілкімді істер қолға алынуда. Елді мекенде биыл су жаңа ауылдық клуб бой көтеруде, сондай-ақ...

Толығырақ...

«ЖАСЫЛ АЛАҢ» ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІНДЕ

20.09.2022
«ЖАСЫЛ АЛАҢ» ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІНДЕ

«ЖАСЫЛ АЛАҢ» ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІНДЕ Өсіп келе жатқан жас буын ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, аймақтағы туристік қозғалысты дамыту мақсатында Катонқарағай мемлекеттік...

Толығырақ...

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТІГЕДІ

05.07.2022
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТІГЕДІ

Құдай қосқан қосағы қасында. Ана атандырған шекесі торсықтай ұлы аялы алақанында. Тұрақты жұмысы, қалыпты тұрмысы бар. Екінші сәбилерін де күтіп...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

21 час бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

1 день бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

1 день бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

1 день бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

1 день бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

1 день бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

2 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

2 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС