"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІР СҮРІНІП, БІР ТҰРЫП, ДАҚ ТҮСІРМЕЙ АРЫНА, ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ «СЕМЕЙ ТАҢЫ» ТАҒЫ ДА!

18.10.2022
БІР СҮРІНІП, БІР ТҰРЫП, ДАҚ ТҮСІРМЕЙ АРЫНА, ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ «СЕМЕЙ ТАҢЫ» ТАҒЫ ДА!
3.5k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1997 жылы облыстарды оңтайластыру саясаты басталған бетте «Семей таңы» ешкімге керексіз болып қалды. Баспаханаға қарыз, бірнеше ай бойы еңбекақы алмаған қызметкерлер, салыққа берешек… Семей өңірінің ғана емес, сонау Алаштың үнін халыққа жеткізген газет екі айдай уақыт шығуын тоқтатқан сәтті көпшілік ұмыта қойған жоқ. Бүгін 1998 жылдың 15 ақпанын, газеттің қайта шықан күнін, «Семей таңының» екінші туған күні деп еске аламыз. Дәл сол нөмір оқырмандарға:

«Бір сүрініп, бір тұрып, Дақ түсірмей арына,
Оқырманға жол тартты, «Семей таңы» тағы да!»

деген ұранмен жеткен еді. (Бұл жолдардың авторы — сол кезде газеттің жауапты хатшысы болған марқұм Рахметолла Смағұлов). 1997 жылдың сол 15 ақпаны әлі есімізде… Газетті сағынып, редакция- ға ағылған, қуанған оқырмандар легі көпке дейін толастамаған. Сол кезде біраз қиындықтарды бастан өткерсек те бүгін газеттің жабылуына жол бермей сақтап қалғанымызды мақтанышпен еске аламыз (орыс тілінде шыққан облыстық «Иртыш» газеті жабылып қалды)

БІЗДІҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІМІЗ — ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА «СЕМЕЙ ТАҢЫН» АМАН-ЕСЕН ЖЕТКІЗДІК! ГАЗЕТІМІЗ БҰРЫНҒЫ МӘРТЕБЕСІН ҚАЙТА АЛДЫ.

«ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС деген атаумен қайта құрылған медиахолдинг құрамында «Семей таңы», «Вести Семей», «Біздің Бесқарағай» газеттері және аймағымыздың әр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа күнбе-күн, оқиға орнынан YouTube желісі арқылы жеткізіп отыратын жаңалықтар редакциясы, Facebook, Instagram, Telegram желі- леріндегі парақшалары, СММ бөлімі жұмыс істейді. «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттері ШҚО құрамында болған 25 жыл бойы бүгінгі Абай облысындағы оқырмандарынан қол үзген жоқ. Бұл орайда бізді әрдайым қолдап келген газет оқырмандарына айтар алғысымыз шексіз! Сондай-ақ біздің газетті жатсынбай, үнемі байланыс- та болған Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан мен Тарбағатай, Күршім аудандарындағы оқырмандарымызға да разылығымызды білдіргіміз келеді.

Семей өңірімен ежелден ауылы аралас, малы қоралас болып келе жатқан бұл аудандардағы оқырмандарымыздан алдағы уақытта да қол үзгіміз келмейді. Еліміз алғаш тәуелсіздігін алған жылдардың ең қиын да күрделі кезеңдерінде газет — оқырмандарына, оқыр- ман қауым бізге арқа сүйеді… Елдегі ағайын тарапынан редакцияға хат жолдап, көмек сұраған сәттер де жиі болып тұрады… Мысалы, ШҚО Зайсан ауданындағы Саржыра ауылы тұрғындарының жер мәселесіне байланысты көмек сұраған арызы негізінде біздің тілшілердің араласуымен заң бұзушылық анықталып, тиісті қорытындының шығарылуына редакция- ның ықпал еткенін бүгін айта кеткен артық болмас. Оқырман өтініші біз үшін қашанда маңызды, ардақты ағайын. «Семей таңы» ұлт мүддесі таразыға түскен сын сағаттарда тасаны паналамай, ойын ашық айтуымен де халыққа жақын. Газет бетінде Семейдің тарихына қатысты талай салмақты ой айтылды. Біздің газет қазақтың тарихи-рухани астанасындағы көшелерді кеңес көсемдері- нен тазарту жолында талай істерге бастамашы болып жүр. Кез келген маңызды мәселені өздеріңізбен бүкпесіз, ашық талқыға салып, үнемі ой бөлісу — газеттің негізгі ұстанымы. Бүгін жаңа заман қажеттілігіне сай жұмыс істеу — уақыт талабы. Газеттің қағаздағы нұсқасымен шектеліп қалу аздық етеді. Бұл орайда жас буынға сенім артамыз. Бүгінгі таңда редакцияның шығармашылық ұжымы жас мамандармен толыға түсуде. Алға қойған жоспар көп. Ең бастысы, енді ғана тәй-тәй басып, қайта құрылып жатқан облысымыздың кемшілігі болып жатса, сынауға асық- пай, аймағымыздың жаңа тарихын Сіздер мен Біздер бірге жасайық!

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР!

Құрметпен, Риза АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: БІР СҮРІНІПБІР ТҰРЫПДАҚ ТҮСІРМЕЙ АРЫНАОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ «СЕМЕЙ ТАҢЫ» ТАҒЫ ДА!

Ұқсас жаңалықтар

ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?

09.09.2022
ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?

Зайсанда әкім ауысты. 6 тамыз күні Зайсан ауданына жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов актив отырысында жаңа...

Толығырақ...Details

ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?

12.05.2022
ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?

Журналистік сараптама ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?      Рас-өтірігін кім білсін, кейбір дерек көздеріне сүйенсек,  адамзат баласы қой малын...

Толығырақ...Details

КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ…

12.05.2022
КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ...

Шекара маңындағы ауыл, жағдайың қалай?   КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ...   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы шекара маңындағы өңірлерді...

Толығырақ...Details

Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?

17.02.2022
Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?

Осы аптада ҚР Президенті Әкімшілігі, облыс әкімі  және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен  Нұрымбет Аманұлы САҚТАҒАНОВ Жарма  ауданына, ал  бұрын  осы...

Толығырақ...Details

«ВЕСТИ СЕМЕЙ» — ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕРЗЕНТТЕРІНІҢ БІРІ

15.02.2022
Риза Асанқызы

2002 жыл. Ол кезде Семей қаласының әкімі марқұм Қайрат  Тұрлыханов болатын. Көпшілік бауыры Дәулетті білгенімен, Қайрат жайлы көп айтыла бермейді....

Толығырақ...Details

Даниал АХМЕТОВ: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ КЕРУЕН ТАРТҚАН 30 ЖЫЛДА БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІМІЗ АЗ ЕМЕС

07.12.2021
Даниал АХМЕТОВ: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ КЕРУЕН ТАРТҚАН 30 ЖЫЛДА БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІМІЗ АЗ ЕМЕС

2021 жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек... Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы армандап, көре алмай кеткен Тәуелсіздік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында соңғы қоңырау 23–24 мамырда өтеді

2 часа бұрын

“Re.Women” әйелдер қауымдастығының алғашқы кездесуі өтті

8 часов бұрын

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНЕН ӨШПЕК ЕМЕС 

2 дня бұрын

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары қорғалуда

2 дня бұрын

Орталық Азия жаһандық климаттық қаржыландыру мақсатына қол жеткізу үшін күш біріктіруде

2 дня бұрын

Иорданияға тікелей рейс ашылады

2 дня бұрын

ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

2 дня бұрын

Семейде жайма-көше саудасы бірнеше есе азайды

3 дня бұрын

Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық байқау

4 дня бұрын

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС