"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ВЕСТИ СЕМЕЙ» — ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕРЗЕНТТЕРІНІҢ БІРІ

15.02.2022
Риза Асанқызы
99
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2002 жыл. Ол кезде Семей қаласының әкімі марқұм Қайрат  Тұрлыханов болатын. Көпшілік бауыры Дәулетті білгенімен, Қайрат жайлы көп айтыла бермейді. Қайрат Болатұлы ақ көңілімен айналасына шуақ шашып тұратын ұлтжанды азамат еді. Семей қаласына басшылыққа келгендегі алғашқы таныстығын біздің редакциядан бастап, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі болған атасы Тұрлыхан Қасеновтің шығармалары «Социалды Шығыс», «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газеттерінде жарияланып тұрғанын мақтанышпен айтқан. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағындағы әкім мен журналистердің сол 20 жыл бұрынғы жылы жүзді кездесуі әлі есімде.

Бір күні Қайрат Болатұлы мені шақырып алып: «Мемлекеттік саясатты қазақ тілінде халыққа жеткізетін «Семей таңы» бар. Өкінішке орай, облыстарды оңтайластыру саясаты кезінде бұрынғы облыстық «Иртыш» газеті жабылып қалған екен. Сондықтан орыс тілінде шығатын бір басылым керек. Соны өзіңіз қолға алсаңыз…» — деп ұсыныс жасады. Қала бюджетінің тақыл-тұқыл кезі… Жеке редакция ашуға мүмкіндік жоқ. Бірақ әкімнің тапсырмасын орындау керек… Сөйтіп, «Семей таңы» газетінің  базасында жаңа басылымды қолға алуға дайындықты бастап кеттік.

2002 жылдың ақпан айының ортасында «Семипалатинские вести» деген атпен  газеттің алғашқы саны жарық көрді. 2007 жылы қаланың аты «Семей» болып өзгеріп, орыс тіліндегі атауы алынып тасталғандықтан «Вести Семей» деп өзгерттік.

Бір қарағанда, 20 жыл аса көп уақыт та емес. Алайда тәуелсіздігін алғанына ол кезде небары 10 жылға таяу ғана уақыт өткен жас мемлекеттің тәй-тәй басқан қадамдарын халыққа жеткізудегі басылымның еңбегін айтпай кетуге болмас. Газетте әр жылдары Петр Якименко, Лев Коциенко, Наталия Дроздецкая, Людмила Савченко, Айгүл Биданова, Самат Секенов, тағы да басқа қаламы қарымды журналистер еңбек етті. Тәуелсіз елімізбен бірге басылым да есейді. Бүгінгі таңда аға ұрпақтан қалған игі істі Шынар Рысакова бастаған жас журналистер жалғастыруда. Олардың қатарында Виктория Донковцева, София Янцен сияқты болашағынан үміт күттіретін жастар бар. «Вести Семей» қазір өзінің тұрақты оқырмандары бар халыққа танымал газеттердің біріне айналды.

«Тәй–тәй басқан қадамын» деген сөзді айта отырып, сол 2002 жылы өзімнің өмірімде болған басты жаңалықты айналып өте алмаспын. Жаңа газет жарық көргеннен кейін бір айдан соң қызым Нұрай дүниеге келді. Жаңа туған сәбиім мен жаңа шыққан газет — қос перзентіме бірдей көңіл бөлу керек болды. Жауапкершілік жүгі ол кезде оңай болмағанмен, қазір сол шақтарды сағына еске аламын. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдаған қызым Нұрай бұл күндері Семей медицина университетінің 3-курс студенті. Мамандық таңдау жайлы сөйлескенімізде менің тарапымнан: «Журналист болуға қалай қарайсың?» — деген сауал болғанын да жасырмаймын. Алайда ол дәрігер мамандығын таңдады.

Бұл күндері «Вести Семей» мен қызым Нұрай бірге есейіп келеді. Ендеше, 2002 жыл мен үшін ерекше жыл болғанын түсінген боларсыздар, ардақты оқырман!

Қазір біздің еліміз ғана емес, бүкіл адамзат баласы күрделі жағдайды бастан кешіріп отыр.

Қиын кезде халықтың саналысы атқарушы биліктен гөрі төртінші билікке, дәстүрлі БАҚ-қа көбірек арқа сүйейді. Өйткені әлеуметтік желі толған жел сөз. Онсыз да ширығып отырған халықты желіктірмей, салмақты сөз айтып, сабырға шақыратын, ақиқатты жеткізетін дәстүрлі БАҚ екенін көзі ашық, көкірегі ояу оқырман түсінеді… Талай өтпелі кезеңнен сүрінбей өткен қазақ бұл өткелден де өтер. Тек елдігімізге сызат түсірмесек болды деген тілек бар…

Бүгін «Вести Семей» газетінің жарыққа шыққанына 20 толуымен әріптестерімді құттықтаймын! Құрметті «Вести Семей» газетінің ұжымы! Жазарымыз бітпесін! Ең бастысы оқырман көңілінен шығатын басылым болу үлкен жауапкершілік, үлкен абырой екенін естен шығармайық!

Құрметпен, РИЗА АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: Риза АсанқызыТөртінші билік

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

7 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

8 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

8 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

8 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС