"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли Аягөз халқымен жүздесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді

06.12.2025
Берік Уәли Аягөз халқымен жүздесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли бүгін Аягөз қаласында аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің даму барысын, алдағы жоспарларды және халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылады. Жиынның басында аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаров 2024-2025 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Аягөз – облыстың мал шаруашылығы мен егіншілігі дамыған жетекші аудандарының бірі. Мұнда ірі қара малдың облыстағы жалпы үлесінің 16,3 пайызы, ұсақ малдың 18,1 пайызы шоғырланған. Ауыл шаруашылығының 2031 жылға дейінгі өңірлік инвестициялық жобалар картасына сәйкес, Аягөз ауданында жалпы құны 9,8 млрд теңгені құрайтын бес жоба жүзеге аспақ. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында облысқа инвестиция тарту мәселесі де кеңінен сөз болды. Биыл өңір бойынша инвестициялық жобалар саны 29-дан 97-ге дейін өсіп, инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге жетті. Аягөз ауданының өзінде жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын, шамамен 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін алты ірі жоба жүзеге асырылуда.

Инфрақұрылымды жаңарту – аудан үшін басым бағыттардың бірі. Биыл Аягөз қаласындағы жылу жүйесі жаңартылып, «Орталық» қазандығына қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш жаңа қазандық орнатылды, сондай-ақ 3,9 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Су жүйесін жаңарту жұмыстары да кезең-кезеңімен жалғасуда. Байқошқар, Қорық және Ай (Мыңбұлақ) ауылдарының 2 мыңға жуық тұрғыны биыл таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Білім беру саласында да бірқатар оң өзгерістер бар. Биыл Бозтаев атындағы мектеп-гимназия, №7 орта мектеп және Қадыржанов атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар ауданның 16 білім ошағында ағымдағы жөндеу жасалып, пән кабинеттері жаңартылды, жаңа жабдықтар орнатылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Аягөз қаласында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында Аягөз аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасы күшейтілуде. Медициналық мекемеге жаңа жабдықтар сатып алынып, реанимациялық бөлімнің аумағы кеңейтілді, қосымша ғимарат салынды. Магниттік-резонанстық томограф орнату үшін жеке корпус құрылысына қаржы бөлінді. Келесі жылы ауданға бес жедел жәрдем көлігін беру жоспарланып отыр.

Кездесу барысында тұрғындар ауыл инфрақұрылымы, жол, ауыз су, жарықтандыру және әлеуметтік нысандардың жұмысына қатысты өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтар қойды. Аймақ басшысы әрбір сауалды мұқият тыңдап, нақты жауап берді.

«Бүгін сіздермен кездесіп, атқарылған жұмыстардың есебін ұсынып, көкейлеріңіздегі сұрақтарға жауап беру үшін келіп отырмын. Бұған дейін де Аягөзге бірнеше рет арнайы келіп, әлеуметтік нысандарды аралап, ауылдардың тыныс-тіршілігімен таныстым. Ауданның жағдайын да, сіздерді алаңдататын мәселелерді де жақсы білемін. Аягөз – облысымыздағы халқы ең көп аудандардың бірі. Сондықтан осында екі күнге келіп, сіздермен жан-жақты әңгімелесуді жөн көрдік. Жол, ауыз су, жарықтандыру сынды мәселелер кезең-кезеңімен, жүйелі түрде шешіледі. Ауданның дамуы менің жеке бақылауымда болады», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС