"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?

09.09.2022
ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?
7.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Зайсанда әкім ауысты. 6 тамыз күні Зайсан ауданына жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов актив отырысында жаңа басшыны таныстырды.

Облыс әкімінің өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Зайсан ауданының әкімі лауазымына ДУЛАТ ЗАЙСАНБЕКҰЛЫ  ҚАЖАНОВ тағайындалды.

Сонымен Зайсанда тағы  да жаңа әкім…

Осы уақытқа дейін Зайсан ауданын СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ ЗАЙНУЛДИН басқарып келді. Өткенге сәл шегініс жасап көрелік…

2020 жылдың 19 ақпаны күні шығыстың Майқапшағай кеденіне жақын орналасқан Қытаймен шектесіп жатқан Зайсан ауданындағы Сарытерек және Айнабұлақ ауылдары тұрғындарының наразылыққа шыққанын көпшілік ұмыта қоймаған болар. Шекарадан өткендердің арасында  коронавирус дертін жұқтырып қайтқандар болуы мүмкін деген сақтықпен  жолаушыларды оқшаулау мақсатында  жергілікті ауруханада орын дайындалып жатқаны жайлы сыбыс наразылыққа түрткі  болған… Ауданның сол кездегі әкімі Серік Ақтановтың  шулаған топты сабасына түсіруге шамасы жетпегендіктен, Зайсанға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өзі келген болатын.Мәселемен егжей-тегжейлі танысқан Даниал Кенжетайұлы  Зайсанға жергілікті халықтың тілін таба алатын, елдегі шиеленіскен жағдайды шешуге қабілеті жететін азулы басшы қажет деген ой түйген сыңайлы.

Дәл сол кезде бұл  талаптан шыға алатын баламасыз кандидат тек Серік Зайнулдин еді.

Сол күннің ертеңінде  Үржар ауданына жеті жыл бойы басшылық жасап, абыройлы еңбек етіп жүрген Серік Зайнулдин Зайсанға  әкімдік қызметке жедел тағайындалған болатын. Сөйтіп Серік Зинабекұлы 2020 жылдың 20 ақпаны күні туған жеріне қайта оралған. Қайта оралған деп отырған себебіміз,  бұрын да, нақты айтқанда   2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданында әкім болды. 2013 жылдың маусым айынан  2020 жылдың ақпанына дейін 7 жылдан артық уақыт аймағымыздағы ең ірі аудан Үржарға басшылық жасады…

Серік Зайнулдин  қай ауданда болмасын басшылық қызметін абыроймен атқарып, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты орындауда  жеткілікті тәжірибе жинақтаған азамат. Біз Зайсанға келген басшылардың барлығын жергілікті тұрғындар Серік Зайнулдинмен салыстыратынын байқап жүрміз. «Секең әкім болып тұрғанда басқаша болатын…», «көше гүлге оранып тұрушы еді…», «қала мен ауыл Зайнулдиннің кезінде тап-таза болатын…» деген сияқты  сөздерді  жиі еститінбіз. Ал үржарлықтар елді мекендердің  гүлге бөленуіне мұрындық болған әкімге «Гүл Серік» деп ат та қойған. Қысқасы, бұл азамат тек Зайсан емес,  Шығыс Қазақстан  облысының халқы үшін жақсы әкімнің үлгісі болып келді.

Биліктің астауынан су ішкен басшылар да әр алуан болып келеді. Зайсанды басқарған әкімдердің әрқайсының жұмысына жеке-жеке тоқталып, сипаттама беру артық болар. Дегенмен осы уақытқа дейін  ауданға басшылық жасаған азаматтар — Темірбек Қасымжанов, Серік Ақтанов, жоғарыда аты аталған Серік Зайнулдин, жаңадан тағайындалған Дулат Қажанов, төртеуі де Зайсанның өз перзенті екенін айта кеткен артық болмас. Елге тұтқа, халқына қамқор болар осындай азаматтарды тәрбиелеген Зайсан жерін текті топырақ деп айтқан жарасымды-ақ болар еді. Өкінішке қарай әкімдерді ғана емес, талай батыр мен ғалымды, ақын мен  жазушыны дүниеге әкелген елдің береке-бірлігіне соңғы кездері сызат түсе бастағандай… Жайсаң мекен  Зайсан  елінде соңғы жылдары арыз деген кәсіптің «авторитеттері» пайда болды. Арыз жазу арқылы ел арасында өздерін «ақиқаттың жаршысы» етіп көрсетіп жүрген жазғыштардың алды шаршай бастағанымен артынан еріп келе жатқан шәкірттері ұстазынан да озып тұрған сыңайлы. Арыз жазғыштарға әлеуметтік желі, оның ішінде Фейсбук таптырмайтын құрал болды. Зайсандағы арыз жазғыштар соңғы кездері Секеңді де шаршатқан тәрізді… Таяуда  Зайнулдиннің руласы, ауылдасы, көршісі, бұрынғы қызметтесі деген сараптама жасалған ұзыннан-ұзақ  тізім  Фейсбукте жарқ ете қалды. Айналайындар-ау, бір ауданды мекендеп жатқан адамдардың әдетте не рулас, не ауылдас болуы  заңдылық емес пе?! Енді «сен біздің рудың адамысың» деп немесе «біздің ауылда туғансың» деп қызметке алмауы керек пе?

Ауылда сәл бір кемшілік жылт ете қалса сырт еткізіп телефонына түсіріп алып, айдай әлемге паш етіп, басшыларды жемқор, жалқау етіп көрсету де әдетке  айналып кетті. Арызқойдың жаңағы «еңбегіне» мың адам лайк басып, басшының  лайықты жазасын  беріп жатады. Міне, осындай түймедейді түйедей етіп көрсетіп,  ел ішінде  дау туғызатын жағдай Зайсанда жиілеп кетті. Ел арасында осындай  іріткі салушыларға сөзі өтетін  не бір ақсақалды қарияның, не бір ақ жаулықты ананың табылмағаны өкінішті-ақ!

Жаңадан тағайындалған әкім Дулат Қажанов та Зайсанның тумасы екенін айтып кеттік. Жас та болса бас болып, тәжірибе жинақтаған азамат Дулат Зайсанбекұлы Қажанов 1984 жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік менеджмент және жергілікті басқару» мамандығы, 2011 жылы «Экономика» мамандығы бойынша тамамдаған. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары,  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ерлер қайдан шығады!? Елім деп жүрегі алып ұшып келген тағы бір перзентін зайсандықтар  қалай қабылдайды деген ойдың да көңілімізді күпті етіп тұрғанын жасырмаймыз. Осы жерде Зайсанда ертеректе әкім болған бір досымыздың айтқаны есімізге түсіп тұр. Зайсанға басшылыққа келген азаматты құттықтауға бір топ ауыл ақсақалдары келеді. Ел мен жердің жағдайын айтып, ақ баталарын беріп, үлкендіктің үлгісін көрсеткен ақсақалдарға разы болған әкім, рахметін айтып шығарып салуға есікке жақындағанда, қарттардың көшін бастап келген біреуі  қалт тоқтай қалып: «Балам біз  Ж…ның да үстінен жазғанбыз, М…ның да үстінен жазғанбыз, ендеше бата берді деп еркінсіме, сенің де үстіңнен жазамыз..» деп лепіріп тұрған көңілін су сепкендей басқан көрінеді.

Ендеше, біз  Дулат Зайсанбекұлына  ең бірінші төзім тілейміз! Туған жердегі жұмысыңызбен  абырой биігінен көрініңіз  деген тілек айтқымыз келеді.

P.S. Әдетте жаңа әкімдерді таныстыру кезінде жаңа  әкім мен бұрынғы әкім қатар болатын  еді. Ал Серік Зинабекұлының жаңа әкімді тағайындау кезінде көзге түспегені көпшілікке түсініксіз болған сыңайлы. Ел ішінде «қандай қызметке кетті?» деген сауал да жоқ емес…

Риза АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма ...?Зайсан

Ұқсас жаңалықтар

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!   Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

7 дней бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС