"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ…

12.05.2022
КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ...
3.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шекара маңындағы ауыл, жағдайың қалай?

 

КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ…

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы шекара маңындағы өңірлерді дамыту мақсатында ішкі ресурстар мен әлеуметтік бағдарламалар тетіктерін жұмылдыруға ерекше назар аударып отыр. Шекара маңының жалаңаш қалмауы — мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе. Бұл орайда біздің аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның шығысындағы шекаралас аудандарда құрылыс — жөндеу жұмыстарын қарқынды. Үржар,  Зайсан, Күршім аудандарында  ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, ауылдарды абаттандыру сияқты атқарылып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Дегенмен халықты алаңдатып отырған жағдайлар да жоқ емес… Бүгінгі таңда Зайсан ауданындағы  8 елді мекенді газбен жабдықтау жұмысының созылып кеткендігі жергілікті халық тарапынан наразылық туғызуда.

Зайсандықтар көгілдір отынды  2013 жылдан бастап тұтына бастады. Бүгінгі таңда, Зайсан қаласымен бірге, ауданның тоғыз ауылы газбен жылыту мүмкіндігіне қол жеткізіп, қалғаны кезегін күтуде. Өз жерлерінен шығып жатқан байлықтың игілігін әлі күнге көре алмай отырған ауылдар соңғы кездері тіпті үміт үзе бастағандай… Газ  тарту жұмысының кешіккеніне байланысты  ел ішінде әңгіме көп. Қытайдың сұранысын қамтамасыз ету  үшін қасақана  баяу жүргізіліп жатыр деген болжам айтушылар да жоқ емес.

Аталған мәселе ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Роман Скляр  және  энергетика министрлігінің  өкілдері қатысқан  жиында қаралды.

 

КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ...

— Қазір «Тарбағатай Мұнай» компаниясы Зайсан қаласы мен ауданға қарасты ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр.  Жоспар бойынша, 2024 жылға дейін Зайсан ауданындағы қалған сегіз ауылға газ тарту жұмысы аяқталу керек. Бүгінгі таңда қолда бар газ қоры ары кеткенде 12-13 жылға ғана жетеді. «Тарбағатай Мұнай» компаниясының айтуынша,  экспортты тоқтатқан жағдайда олардың үлкен шығынға ұшырауы мүмкін. Бұл тығырықтан Қытайға экспортталатын 75 миллион кубометр газбен ғана  шығу мүмкіндігі бар. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС тарапынан  даму жоспары  мен Зайсан ауданының тұрғындарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы кепілдіктің жоқтығы бүгінгі проблемаға себеп болып отыр. 2015 жылдан бері «Тарбағатай Мұнай» газ бағасын алты рет көтерген,- дейді облыс әкімі  Даниал Ахметов. 

Аймақ басшысының айтуынша, ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Роман Склярдің қатысуымен өткен жиыннан кейін Энергетика министрлігіне газ өндіруші компанияның  барлық келісімшарттары мен міндеттерін қарау мәселесі тапсырылды. Таяу уақытта кәсіпорын жетекшілері мен салалық министрлік өкілдері Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың тарапынан туындап отырған сауалдарға жауап береді.  Сондай-ақ  Зайсанды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында  екі жақты меморандум жасау қажеттігі де айтылды. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, «Тарбағатай Мұнайға» газ экспорттауға тыйым салынады.

Бүгінгі таңда көгілдір отынның игілігін көріп отырған зайсандықтар: «Көмір сатып алмайсың, пеш жағып, күл шығармайсың. Тамызық дайындап әуре болмайсың. Ал бұрын 10 тонна көмір жағатынбыз. Қазір сол бейнеттен құтылдық»,- деседі.

Ал көгілдір отынның игілігінен әлі күнге үміткер сегіз  ауылдың бірі — қойнауынан Алтын адам табылған киелі мекен — әйгілі Шілікті. Бірде Тарбағатайдың, бірде Зайсанның құрамына еніп,  екі ауданды тел емген Шілікті мен газ  тартылатын магистральдың арасы — небары 50 шақырым ғана. Жергілікті тұрғандар тарапынан арасын тау бөліп тұрғандықтан қиындық бола ма деген қауіп те жоқ емес.

Риза АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПТІҢ ИГІЛІГІ ДЕСЕК ТЕ...

Ұқсас жаңалықтар

БІР СҮРІНІП, БІР ТҰРЫП, ДАҚ ТҮСІРМЕЙ АРЫНА, ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ «СЕМЕЙ ТАҢЫ» ТАҒЫ ДА!

18.10.2022
БІР СҮРІНІП, БІР ТҰРЫП, ДАҚ ТҮСІРМЕЙ АРЫНА, ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ «СЕМЕЙ ТАҢЫ» ТАҒЫ ДА!

1997 жылы облыстарды оңтайластыру саясаты басталған бетте «Семей таңы» ешкімге керексіз болып қалды. Баспаханаға қарыз, бірнеше ай бойы еңбекақы алмаған...

Толығырақ...Details

ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?

09.09.2022
ЗАЙСАН,   «ЕРІМ» ДЕЙТІН  ЕЛ  бар ма …?

Зайсанда әкім ауысты. 6 тамыз күні Зайсан ауданына жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов актив отырысында жаңа...

Толығырақ...Details

ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?

12.05.2022
ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?

Журналистік сараптама ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?      Рас-өтірігін кім білсін, кейбір дерек көздеріне сүйенсек,  адамзат баласы қой малын...

Толығырақ...Details

Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?

17.02.2022
Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?

Осы аптада ҚР Президенті Әкімшілігі, облыс әкімі  және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен  Нұрымбет Аманұлы САҚТАҒАНОВ Жарма  ауданына, ал  бұрын  осы...

Толығырақ...Details

«ВЕСТИ СЕМЕЙ» — ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕРЗЕНТТЕРІНІҢ БІРІ

15.02.2022
Риза Асанқызы

2002 жыл. Ол кезде Семей қаласының әкімі марқұм Қайрат  Тұрлыханов болатын. Көпшілік бауыры Дәулетті білгенімен, Қайрат жайлы көп айтыла бермейді....

Толығырақ...Details

Даниал АХМЕТОВ: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ КЕРУЕН ТАРТҚАН 30 ЖЫЛДА БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІМІЗ АЗ ЕМЕС

07.12.2021
Даниал АХМЕТОВ: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ КЕРУЕН ТАРТҚАН 30 ЖЫЛДА БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІМІЗ АЗ ЕМЕС

2021 жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек... Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы армандап, көре алмай кеткен Тәуелсіздік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСТЫ

3 дня бұрын

«Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті

3 дня бұрын

Құрметті Жаңасемей ауданының тұрғындары мен қонақтары!

3 дня бұрын

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

4 дня бұрын

ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК

4 дня бұрын

Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

4 дня бұрын

21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

4 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

5 дней бұрын

Семей қаласында жаңа өндірістік цех ашылды

5 дней бұрын

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС