"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

31.10.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкпекті

29-30 қазан күндері облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті және Ақсуат аудандарына жұмыс сапарымен барды. Аймақ бас- шысы алдымен жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ауылдардағы шаруа қожалықтары мен білім беру мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бүгінде Көкпекті ауданында 14 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағы арқылы облыстық, республикалық маңызы бар Омбы — Майқапшағай автожолы өтеді, сондай-ақ жергілікті жолдар 28 елді мекенді өзара байланыстырады. Өңірдегі 26 ауылдық округ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бұл 92,8 пайызды құрайды.

Ауданға жұмыс сапары барысында Нұрлан Ұранхаев алдымен өңір тұрғындарымен кездесіп, халықты толғандырған мәселелерге құлақ түрді.

Көкпекті ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей, Үлгілі малшы ауылдарында 6 жаңа дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған. Аудан әкімі өңір тұрғындарымен кездесуінде осылай деді.

— Облыс мектептеріндегі орын тапшылығы 9 мың 824 орынды құрап отыр.  Осы мәселені шешу мақсатында 5 мың 100 орынға арналған 9 мектеп салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 1700 орындық 4 жаңа мектеп іске қосылды. Аймақта кәсіпкерлікті дамыту бағытында да оң өзгерістер бар. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 45 907 болса, оның 1300-і Көкпекті ауданының аумағында орналасқан. Облыстағы бөлшек тауар айналымының көлемі 18 пайызға ұлғайып, 284,2 млрд теңгені құрады. Көкпекті ауданы бойынша бұл көрсеткіш – 2,5 млрд теңге.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

Абай облысы  — аграрлық аймақ. Осы саладағы қордаланған мәселелерді шешіп, өңірдің бәсекеге қабілетін арттыратын болсақ, өзімізді де, өзге өңірлерді де ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға, яғни 266 млрд теңгеден 314,4 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл орайда Көкпекті ауданының үлесі – 7,3 пайыз. Мал басының өсімі, ет, сүт, жұмыртқа өндіру көрсеткіші біршама артып келеді.

Кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан тұрғындары, негізінен,  ауыл шаруашылығын субсидиялау, әлеуметтік қызметтер алу мәселелері бойынша жүгінді. Осыдан соң Нұрлан Тельманұлы Көкпекті ауылындағы №785 сайлау учаскесінің жұмысымен танысып, алдағы сайлауға дайындықтың ойдағыдай жүріп жатқанына көз жеткізді.

Нұрлан Ұранхаев Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округке барып, ондағы Үкіліқыз ауылында 1996 жылы құрылған «Өрнек» ЖШС сүт-тауар фермасының жұмысын көрді. Мұнда өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Серіктестік басшысының айтуынша, бір сиырдан жылына 3500 литр сүт сауылады екен. Қожалықтың жер учаскелерінің жалпы ауданы 35 мың гектардан асады.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамытудың ел экономикасы үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 45 907 болса, оның 1300-і Көкпекті ауданының аумағында орналасқан», — деді облыс әкімі.

Осыдан соң аймақ басшысы Преображенка ауылына ат басын бұрып, «Өрнек» балабақшасының жағдайымен де танысты. 60 орынға арналған үш тобы бар мектепке дейінгі мекеме 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда жоғары және орта арнаулы кәсіптік білімі бар мамандар еңбек етуде.

Нұрлан Тельманұлы осыдан кейін Преображенка орта мектебіне аялдады. Қазіргі күні мектепте 1-11 сынып аралығында 204 оқушы білім алуда.  Сондай-ақ мұнда 2-5 жас аралығындағы балаларға арналған шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы жұмыс істеп тұр.

Аймақ басшысы Преображенка ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияға соғып, жай-күйімен танысты. Емханада алты қызметкер стационарды алмастыратын медициналық көмек, амбулаториялық-емханалық және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Амбулаторияның жоспарлы қуаты — ауысымына 40 адам.

Сапар соңында аймақ басшысы аудан әкімі Ділдабек Оразбаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақсуат

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданынан кейінгі жұмыс сапарын көршілес Ақсуат ауданында жалғастырды.

Нұрлан Тельманұлы аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Халықпен кездесу барысында өңір басшысына ауданда жүргізілген жұмыстар туралы баяндалды.

Кездесуге зиялы қауым өкілдері, аудан ақсақалдары, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Аудан басшысы Асхат Смаилов ауданның ауыл шаруашылығын өркендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс басшысының баяндамасын тыңдаған соң жергілікті азаматтар сөз алып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Тұрғындар ауылдық жерлерді дамытуға, жас мамандарға және бизнесті дамыту саласында мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты сұрақтар қойды.

Аудандық газеттің редакторы Е.Жұмаханов сауда дүкендерінде азық-түлік, басқа да тұрмыстық заттар бағасының қымбаттауы, Ақсуат аэропортын іске қосу, Ақсуат пен Семей арасында автобус бағытын ашу мәселелерін көтерсе, аудандық мәдениет үйінің директоры Ш.Көпшікбаева Көкжыра және Жәнтікей ауылдарына мәдениет нысаны қажеттігін айта келе, Екпін ауылындағы клуб үйі жөнделсе деген тілегін білдірді. Спорт ардагері Б.Оразғалиев Ақсуат ауылынан заманауи стадион салынса деген ұсынысын жеткізсе, Т.Кенжин мал өнімдерін өткізудің түйткілді мәселе болып отырғанына тоқталып, малдың жүні мен терісінің кәдеге аспай отырғанын еске салды, бұл жағдай ауыл шаруашылығын дамытуға кері әсер етіп отырғаны белгілі. Еңбек ардагері сонымен қатар Қарғыба су тоспасын іске қосу туралы сөз қозғап, елді мекендердің шекарасын белгілеу мәселесіне қатысты ойын айтты.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

Сонымен қатар Ақсуат пен Аягөздің арасындағы жолды жөндеу, Ақсуатқа шекаралық аудан мәртебесін беру, Ақсуат ауылының орталық көшесін кеңейту және айналма жол салуға қаржы бөлу туралы ұсыныстарын жеткізді. Ақсуат ауылының тұрғыны А.Иманғалиева Жәнтікей ауылдық округіндегі жер пайдалану мәселесін ретке келтіруді сұрап, зейнеткерлерге арналған шипажай салынса деген өтініш айтты.

Аудан халқымен кездесуді облыс әкімі өзі қорытындылап, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Кездесуден соң Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған салалық басқармалардың мамандары қатысты, олар өз кезегінде мәселелердің сол жерде шешілуіне ықпал ете алды.

Сол күні облыс әкімі аймақ басшысы алдағы кезектен тыс президент сайлауы бойынша Ақсуат ауылының мәдениет үйінде орналасқан № 935 сайлау учаскесінің дайындық жұмыстарымен де танысты.

Аймақ басшысы Екпін ауылындағы «Жансая» шаруа қожалығының 1000 басқа арналып салынып жатқан бордақылау алаңында болды. Сондай-ақ мал шаруашылығы көрмесін тамашалады.

Күмісхан Қабдрахманова иелік ететін «Жансая» шаруа қожалығында оның балалары Мақсат пен Алмас және он бес отбасының мүшелері еңбек етеді. Шаруашылықта еңбек адамдарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға жақсы көңіл бөлінген. Биыл шаруа қожалығы өз қаржысына бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Облыс басшысы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп, еңбек тиімділігін арттыруды көздеп отырған ағайынды Мақсат пен Алмас Әбішевтердің тың бастамасын толық қолдайтындығын айтты.

Нұрлан Тельманұлы аудан орталығында жаңадан салынған спорт кешенін, Ақсуат колледжін аралап көріп, онда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын білдірді.

Ақсуат колледжі 1976 жылы салынған. Мұнда оқу ғимараты, спорт залы, зертханалық ғимарат, жатақхана, асхана және акт залы бар.

Орта арнаулы оқу орны ауылдық жерде де, қалада да сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім береді. Қазір колледжде 180-нен астам студент оқиды, 80-ге жуық адам еңбек етеді.

Аймақ басшысына ғимаратты жөндеу, материалдық–техникалық базаны жаңарту және студенттер үшін қосымша жатақхана салу қажеттігі туралы, қаржыландыру бөлу туралы айтылды.

Осы орайда облыс әкімі жалпы білім беретін орта мектептердің жағдайына да тоқталды. Нұрлан Ұранхаев облысымызда оқушыларға орын жетіспейтінін, осы мәселені шешу мақсатында  5 100 орынға арналған 9 мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты. Ақсуат ауданында  да  1 мектеп салынатын болады.

Ақсуаттағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің жұмысымен танысқан Нұрлан Ұранхаев:

— Ауданда спортпен шұғылданушылардың үлесі 3500 оқушының 20 пайызын құрайды. Бұл, әрине, өте аз. Біз жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдайды жасауымыз керек, — деп атап өтті.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ мұнда 5 жолақты үлкен бассейн бар.

Спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталған болатын.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Хамза СӘТИЕВ
«Семей таңы»

Мақалада: АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

16.01.2023
КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ, «Семей...

Толығырақ...

65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

15.11.2022
65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

Өткен жұма, 11 қараша күні Абай облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен  келді. Министр алдымен облыс әкімі...

Толығырақ...

Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

01.11.2022
Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Semeytany.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысының...

Толығырақ...

БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

04.10.2022
БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Абай облысында баспана кезегінде 18 мыңға жуық адам тұр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл мемлекеттік...

Толығырақ...

Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

04.10.2022
Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының басшылығы, облыстың 2 қаласы мен 8 ауданынан анықталған делегаттар, мемлекеттік қызмет, ғылым-білім, мәдениет пен спорт, әлеуметтік...

Толығырақ...

Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды

30.09.2022
Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды

  Абай облысында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай Еңлік-Кебек кесенесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің...

Толығырақ...

Жаңалықтар

“Үкімет түбегейлі жаңару керек”: ЖСДП Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы шықты

3 минуты бұрын

Ринат Зайытов билікке не себепті келгенін ашық айтты (ВИДЕО)

3 часа бұрын

СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

5 часов бұрын

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 часов бұрын

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

21 час бұрын

Асхат Аймағамбетов мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

1 день бұрын

-22 градус аяз күтіледі: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

1 день бұрын

Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр — Президент

1 день бұрын

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС