"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН КЕЛГЕН МЕРЕКЕ

11.11.2022
ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН КЕЛГЕН МЕРЕКЕ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қараша — еліміздің қаржыгерлерінің, экономиканың нақты секторында еңбек ететін қызметкерлердің кәсіби мерекесі.

Бұл күннің мереке ретінде таңдалуы бекер емес, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлттық валюта – теңгені айналымға енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Дәл сол жылы 15 қарашада елімізде алғаш рет ақша реформасы жүргізілді, қазақ даласының ұлы тұлғалары  — әл-Фараби, Абылай хан, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқан бейнеленген алғашқы теңгелер жарыққа шығып, айналымға түскені тәуелсіздіктің шынайы көрінісі болды. Теңгенің айналымға енгізілуі — біздің жас тәуелсіз мемлекетіміздің жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды.

2017 жылғы 31 қазанда ҚР Үкіметінің №689 қаулысымен 15 қараша — Ұлттық валюта — теңге күні әрі қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып болып бекітілді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қаржыны мемлекеттік басқаруда, салық және қазынашылық жүйесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елдегі құндылықтарды есептеу, жинақтау, өңдеу құралы ретінде теңгенің маңыздылығы жылдан-жылға артып келеді. Халықтың төл теңгемізге деген көзқарасы, сенімділігі артты. Банктерде теңгелік салымдардың мөлшері бірнеше есе өсіп, шетелдік валюта салымдары төмендеп келеді. Теңгенің төлем қабілетін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар облыс көлемінде де қолға алынуда. Бағаны тұрақтандыру, азық-түлік қорын құру, жергілікті тауар өндірушілерді кеңінен қолдау, көтерме-бөлшек базарлар жүйесін кеңейту, жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға көп көңіл бөлінуде.

Осындай келелі істерді жүзеге асыруда қаржыгер мамандығының қаншалықты маңызды екендігі бәрімізге мәлім. Бұл — үлкен жауапкершілік пен біліктілікті талап ететін жауапты қызмет.

Бүгінгі күні қайта құрылған Абай облысының бүкіл қаржы жүйесінде бюджет процесінің, салық, кеден және банк заңнамасының қыр-сырын шебер бағдарлай отырып, батыл іс-қимылдар жасауға қабілетті білікті қаржы мамандары жұмыс істеп отыр деген сенімдемін. Облысымыздың қаржы қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер жай ғана күрделі емес. Ол міндеттер бізден жоғары кәсібилікті, стандартты емес шешімдерді, барлық жинақталған тәжірибеміз мен білімдерімізді орынды пайдалануды талап етеді.

Халықтың өмірін жақсарту облысты дамытудың бірінші кезектегі мақсаты болып табылатынын атап өткен жөн. Сондықтан ақшалай ресурстарды сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсаудың тиімділігін басқару, барлық деңгейдегі бюджеттер үшін кіріс көздерін дамыту және қаржылық жағдайды бақылауда ұстау облысымыздың қаржы қызметкерлерінің ел алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін.

Құрметті қаржыгерлер, қымбатты әріптестер, ардақты ардагерлер!

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз — Қаржыгерлер күнімен құттықтаймын! Сіздердің әрқайсыларыңыздың адал еңбектеріңіз облысымыздың және тұтастай алғанда бүкіл Қазақстан Республикасы экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға қосар үлестеріңіз деп білемін. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, жемісті еңбек, кәсіби табыс пен тұрақтылық тілеймін!

Н.Б.ТАУШОВ,

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

Мақалада: Қаржыгерлер күні (Ұлттық валюта күні)ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН КЕЛГЕН МЕРЕКЕ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

19 часов бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

19 часов бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

19 часов бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

19 часов бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

19 часов бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

19 часов бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

4 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

4 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

4 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС