"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Данияр ҚАДЫРОВ: Әлеуметтік желілердегі халықтың өтініш-тілектері де назарымызда

13.12.2022
Данияр ҚАДЫРОВ: Әлеуметтік желілердегі халықтың өтініш-тілектері де назарымызда
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

11 желтоқсан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Абай облысына келіп, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж қабырғасында аймақ жұртшылығымен кездесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Вице-министр Данияр Қадыров кездесу барысында қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып,  БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар мен жастарды қолдау тұрғысынан жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік шараларға тоқталды. Вице-министрдің айтынша, қазір БАҚ туралы жаңа заң, қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар Парламентте талқылану үстінде. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Данияр Қадыров сондай-ақ «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Сенат пен Мәжілісте мақұлданғанын айтты. Атап айтсақ, бұған дейін 14-29 жас аралығындағы азаматтар жастар санатында болса, өзгерістерге сәйкес, енді бұл көрсеткіш 14-35 жас аралығын қамтитын болады.

— Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құзыреттілігіне ақпарат саласы, азаматтық қоғам, дін, гендерлік теңдік, отбасы институты мәселелері және жастар саясаты кіреді. Біздің министрлік бұл салаларды бақыламайды, дамуына жағдай жасайды. Сіздермен сұхбаттаса отырып, нормативтік-құқықтық актілер әзірлейміз. Қазіргі таңда БАҚ туралы жаңа заң Парламентте талқылану үстінде. Бұл тұрғыда құзыретті мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, ҮЕҰ, сарапшылармен онлайн тікелей эфирлер ұйымдастырып, пікірлерін тыңдаудамыз. Қазақ тілді контентті, бағдарламаларды көбейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазір аудиторияның көзқарасы өзгеруде. Әлеуметтік желілердегі халықтың өтініш-тілектерін де назарға алып отырамыз. Екінші бағыт — азаматтық қоғамды, яғни волонтерлер қозғалысын, түрлі қоғамдық қорларды, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту.  Қазір Мәжілісте қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар қаралып жатыр. Сонымен қатар «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.  Өздеріңіз білетіндей,  қоғамдық бірлестік ашу үшін оның құрамы он адамнан кем болмауы керек. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бұл көрсеткішті екі адамға дейін азайтып отырмыз,- деді Данияр Қадыров.

— Жастарды тұрғын үймен, жалдамалы тұрғын үймен қамту бойынша жергілікті әкімдіктермен, «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жұмыстар жүргізудеміз. Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасымен әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленеді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылады,- деді вице-министр.

Кездесу барысында Данияр Қадыров қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

— Жоғарыда БАҚ туралы жаңа заң Парламентте қаралып жатқанын айтып кеттіңіз. Журналистер баспана алуда немесе әлеуметік қолдауда болсын үнемі қалыс қалып жатады. Осы мәселені ескерсеңіз екен. Екіншіден, жалақы тағайындалғанда журналистердің тәжірибесі мүлде ескерілмейді. Жаңа келген жас маман да, бірнеше жыл істеген тәжірибелі қызметкер де бірдей жалақы алады. Журналистердің мәртебесін қарастыруда осыған мән берілсе,- деді жергілікті журналистердің бірі. Вице-министр ұсыныстардың орынды екенін атап өтіп, басшылыққа жеткізетінін айтты.

“Айша бибі” қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Айман Боқбасарова қазақтың қолөнерін дамытуға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілсе деген тілегін білдірді.

— «Айша бибі» қазақ-мәдени ұлттық орталығын құрғаныма жиырма жылдан асты. Қазір елімізде қазақтың қолөнерін дамыту ісі бәсеңдеп тұр. Көрші Өзбекстан, Тәжікстан секілді мемлекеттерде бұл салаға мемлекеттік деңгейде қолдау бар. Деректерге сүйенсек, өткен ғасырда Семей облысынан ең көп қолөнер шебері шыққан. 248 ұлттық шебер болған екен. Қазір қаламызда 50 шақты ұлттық шебер бар. Мен он жылдан бері қалада қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырып келемін. Қолөнер де ұлттық өнердің ажырамас бөлігі. Сондықтан мемлекеттік деңгейде қолдау керек. Мәдени орталықтардың жетекшілеріне аз да болса жалақы төленсе деймін. Зейнеткерлік жасқа жеттім, жалақы төленбегендіктен, орнымды басатын адам таппай отырмын,- деді Айман Боқбасарова.

— Елімізде ұлттық қолөнер шеберлері өте көп. Әр өңірдің, әр ауылдың атақты шеберлері бар. Негіз,і бұл сұрақ Мәдениет және спорт министрлігіне қатысты екен. Әріптестеріме жеткіземін. Мен өзім бірнеше жыл Моңғолияда қызмет істедім. Ондағы қазақтарда ұлттық қолөнер өте жақсы сақталған. Дегенмен домбыра аспабын, киіз үйді жасауда Қазақстанның шеберлеріне жетпейді. Иә, дұрыс айтасыз, еліміздегі қолөнер шеберлерін шоғырландыру керек, жағдай жасау қажет.,- деді вице-министр.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, қаржыландырудың жетіспеуінен, ұйым көп жұмыстарға араласа алмайтынын айтса, «АМиДО» жастар ұйымының жетекшісі Эльзира Жүнісова әлеуметтік желілерде  жалған ақпараттар таратып, сенсация іздейтін блогерлер мен журналистерге  шара қолдануды өтінді.

Данияр Рамазанұлы кездесуден соң азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

21 час бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

21 час бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС