"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

19.01.2023
ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Апта сейсенбісінде Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, ХІІІ сессиясы өтті. Сессияға Абай облысы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мәслихат сессиясының күн тәртібіне сегіз мәселе қойылыпты. Абай облысы мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынылған шешім жобасы» туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Роза Құдайбергенқызы айтып өтті. Аталған шешім жобасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтары бойынша қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен (2 млрд 375 млн теңгеге) бюджет көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Шығыстардың негізгі бөлігін Семейде 150 орындық оңалту орталығының құрылысын аяқтауға жұмсау жоспарланып отыр.

  • Облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді бастауға 204 млн 934 мың теңге мөлшерінде, сондай-ақ бюджеттік мекемелерді ұстау бойынша өзге де ағымдағы шығындарға 211 млн теңге қарастырылуда, — деді Роза Құдайбергенқызы.

Келесі кезекте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ескендіров «Абай облысында сыртқы көрнекі жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту» туралы баяндады.

  • Аталған қағидалар Абай облысы аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану барысында туындайтын қатынастарды реттейдi. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, насихаттау немесе үгiттеуге пайдаланылмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдалануға тыйым салынады, — деп атап өтті Нұржан Әлібекұлы.

Сыртқы жарнама объектілері, оның ішінде көрсеткіштер ҚР Жер кодексіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары мен жол қозғалысы туралы заңнамасына сәйкес орналастырылады. Сондай-ақ сыртқы жарнаманы өз бетімен орналастыруға жол берілмейді, алдымен жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама жасалуы керек.

Мәслихат отырысында сондай-ақ «Семей қаласында күштік спорт түрлері (бокс, еркін күрес, дзюдо күресі, ауыр атлетика) бойынша сервистік қызмет көрсету және жаттығу процесін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымов айтып өтті.

Жобаның негізгі міндеті – Семей қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт түрлері бойынша жаттығу процесін ұйымдастыру, халыққа спорттық қызмет көрсету, жауынгерлік спорт түрлерін дамытуға жәрдемдесу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін мүмкіндік беру. Ержан Әнуарбекұлының айтуынша, облысымызда 40 Қазақстан Республикасының чемпионы, 150 облыс чемпионы, 23 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 еңбек сіңірген спорт шебері және 72 спорт шебері бар екен.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова  Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту мәселесіне тоқталды.

  • Үйлестіру кеңесі облыстың мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған. Бұл кеңес мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін жан-жақты қарастырып, шешу үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі облыс әкімінің қаулысымен құрылған болатын. Бұл қаулымен үйлестіру кеңесінің ережесі бекітілген. Үйлестіру кеңесінің төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков. Кеңес құрамына жергілікті басқармалар, қоғамдық бірлестіктер және жергілікті департамент басшылары енгізілген, — деді Айнұр Оралқызы.

Абай облысы мәслихатының депутаты Әсемқан Досқұжанов қарапайым еңбек адамдарының арасынан мемлекеттік марапатқа ие боп жатқандар сирек екенін айта келіп, өз кәсібіне өмірін арнаған адамдардың адал еңбегін бағалап, мәртебесін көтеріп, «Құрметті азамат» атағын беруді ұсынды.

Сессия соңында барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Абай облысы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов өз кезегінде сессияда маңызды мәселелер талқыланғанын атап өтіп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін, басқарма басшыларына қойылған сұрақтар алдағы уақытта әкімдікте де қарастырылатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

10.10.2022
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Өткен жұма, 7 қазан күні Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс, 33 сессиясы өтті. Сессияға Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев, қалалық...

Толығырақ...Details

ҰСЫНЫСТАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

27.08.2022
ҰСЫНЫСТАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Семейде Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, бесінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: Республикалық наградаларды алуға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

3 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

4 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

4 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

4 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

5 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

5 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

5 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

5 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС