"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

10.10.2022
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 7 қазан күні Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс, 33 сессиясы өтті. Сессияға Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Семей қаласының әкімі лауазымына ұсынылатын тұлғаның кандидатурасын  және Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы екі мәселе қаралды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы әкімінің лауазымына Нұрбол Нұрсағатовты ұсынды. Қалалық мәслихат депутаттары Нұрбол Төлегенұлының кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

— Құрметті Нұрлан Тельманұлы, қалалық мәслихат депутаттары! Мені Семей қаласы әкімі лауазымына лайық деп танығандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Семей қаласы маған жат емес. Осы уақытқа дейін жинаған барлық білімім мен тәжірибемді облыс орталығының көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайының өркендеуіне, инфрақұрылымын жаңартуға жұмсаймын, — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Екінші мәселе бойынша сөз алған қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшелерін мәслихат депутаттарының назарына ұсынды.

— Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы мәслихат шешімінің жобасы ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына,  ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына үлгілік ережелер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына және мәслихаттың 2022 жылғы 15 шілдедегі №26 шешіміне сәйкес әзірленді. «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ереженің негізінде Семей қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін конкурстық негізде жұмыс тобы құрылды. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, 21 адамнан тұратын Семей қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің жаңа құрамын сайлау бойынша конкурс жарияланды,- деді.

Халық қалаулылары Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін бір ауыздан қолдап дауыс берді.

Сессиядан соң облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңадан сайланған Семей қаласының  әкімін және облыс әкімінің орынбасарын облыс және аудан активтеріне таныстырады.

— Семей – еліміздің рухани және мәдени орталығы.  Тарихы терең шаһарға басшылық ету оңай емес. Жуырда Семейге іссапармен келген Мемлекет басшысы үш жыл ішінде жаңа көпір тұрғызып, халық арасында «жаңа көпір» деген атқа ие болған көпірді күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды. Алдымызда Нұрлан Төлегенұлымен бірлесе осы ауқымды жұмыстарды ойдағыдай орындау міндеті тұр. Қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде Нұрлан Төлегенұлының қабілеті жеткілікті деп ойлаймын,- деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев сөз алып, жаңа әкімнің қызметіне табыс тіледі.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

19.01.2023
ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ Апта сейсенбісінде Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, ХІІІ сессиясы өтті. Сессияға Абай облысы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов,...

Толығырақ...Details

ҰСЫНЫСТАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

27.08.2022
ҰСЫНЫСТАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Семейде Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, бесінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: Республикалық наградаларды алуға ұсынылған тұлғалардың құжаттарын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

14 часов бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

14 часов бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

14 часов бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

14 часов бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

15 часов бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

2 дня бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

2 дня бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 дня бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС