"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ

10.02.2023
МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ

Биыл Ақсуат, Жарма, Бесқарағай, Үржар аудандарында жиыны алты шағын жинақты мектеп бой көтереді. Сонымен қатар мектептерге қосалқы 6 ғимарат салынады. Оның екеуі Семей қаласында, төртеуі Аягөз қаласында орналасады. Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, аймағымыздағы білім беру саласын дамыту мақсатында 14 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бағытта 53,5 млдр теңге бөлінеді. Облысымыздың білім беру саласында жүзеге асырылатын осы және өзге де жобалар туралы Абай аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай облысында 5700 орынға арналған 11 мектеп салынады. Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 42 млрд теңге қарастырылған.

— 2023 жылы қаңтар айында Үкіметте Абай облысын дамытудың кешенді жоспары мақұлданды. Кешенді жоспардағы 14 іс-шара облыстағы білім беру саласын дамытуға арналып отыр. 14 іс-шараны жүзеге асыруға 53,5 млдр теңге бөлінеді,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Атап айтқанда Ақсуат, Жарма, Бесқарағай, Үржар аудандарында 6 шағын жинақты мектеп бой көтереді. Сонымен қатар мектептерге қосалқы 6 ғимарат салынады. Оның екеуі Семей қаласында (№№4, 30 мектеп), төртеуі Аягөз қаласында орналасады.

— Қосымша білім беруге көп көңіл бөлудеміз. Кешенді жоспарға сәйкес, сол жағалауда құны 8,5 млрд теңге болатын Оқушылар сарайы бой көтереді. Абай елінің тарихымен танысуға еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқушыларды орналастыру мақсатында Абай ауданындағы арнайы мамандандырылған мектеп-гимназиясына интернат салу,  Абай, Көкпекті, Ақсуат аудандарында жазғы сауықтыру лагерьлерін, сондай-ақ облыста 9 балабақша ашу  жоспарлануда. Жыл сайын ауылдық елді мекендерде орналасқан 50 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңа модификациялық кабинеттер ашу көзделуде. 2023 жылы ауылдық елді мекендердегі білім ошақтарында  36, қалалардағы мектептерде 50 жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталады,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі күні Абай облысында оқушылар тасымалы үшін 105 автобус қолданылады. Оның 27-сін жаңарту көзделуде. Биылғы жылы 11 автобус сатып алуға қаражат бөлінген.

— Биыл Абай облысы білім басқармасына 133 млрд теңгеден астам қаражат  бөлінді. Оның 70 пайызы білім беру қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады. Биыл қаңтар айынан бастап елімізде педагогтердің жалақысы 25 пайызға өсті,- деді басқарма басшысы.

Облысымызда 5000-ға жуық бала инклюзивті білім беруді қажет етеді.

— Ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер туғызу – біздің негізгі міндетіміз. Биылғы жылы облыстағы 45 білім беру мекемесін инклюзивті білім беруге бейімдедік. Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық (ПМПК) орталығын, аутизм орталығын, Абай ауданында психологиялық қолдау кабинетін ашуға қажетті қаражат бөлінді. Қазір мекемелердің құжаттары рәсімделуде,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Өңірімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны жылдан-жылға азайып, балалар үйлері жабылуда.

– 2013 жылы Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 283 бала болса, биыл осындай 174 бала бар. Балалар үйлерінің саны азайып келеді. Сонымен қатар  биыл патронаттық отбасыларға төленетін төлемдер өседі. Облысымзда «Қонақ отбасы» жобасы да жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша отбасылар балалар үйінде тәрбиеленетін оқушыларды жазғы демалыста өздеріне алады. Мұндай балалар туралы мәліметтер жинақталған республикалық деректер базасы бар және баланы отбасына алғысы келетіндердің қатары  көбейіп келеді,- деп атап өтті Нұржан Ахметқалиев.

2021 жылы мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол салу жағдайы бойынша 15 оқиға,  өткен жылы 6 оқиға тіркеліпті. 2021 жылы 34 бала, былтыр  17 бала өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін оқушылармен және ата-аналармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Биыл облыста 4 631 оқушы мектеп бітіреді. Оның 180-і — «Алтын белгіге», 441-і — үздік аттестатқа үміткер.

— Түлектердің 92 пайызы жоғары оқу орындарына түсуге үмітті. Оның ішінде 98,5 пайызы еліміздегі оқу орындарын таңдап отыр. Өткен жылы 85 түлек шетелдік оқу орындарын таңдаған болса, биыл 70 мектеп бітіруші өзге мемлекетте білім алуды жоспарлап отыр,- деп түйіндеді сөзін Нұржан Ахметқалиев.

Мақалада: МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ҮРЖАРДА ҮЛГІЛІ ІСТЕР КӨП

23.02.2023
ҮРЖАРДА ҮЛГІЛІ ІСТЕР КӨП

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің қатысуымен аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы...

Толығырақ...

КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

23.02.2023
КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Көкпекті – облысымыздағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі.  Бұл орайда ауданды басқарып отырған тәжірибелі әкім Ділдәбек Оразбаевтың іскерлігін де...

Толығырақ...

ЖАРМАДА ЖАҢАШЫЛ ЖОБАЛАР КӨП

21.02.2023
ЖАРМАДА ЖАҢАШЫЛ ЖОБАЛАР КӨП

20 ақпан күні Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық...

Толығырақ...

СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ

07.02.2023
СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ

Абай аймақтық коммуникациялар қызметінде Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,...

Толығырақ...

БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР?

19.01.2023
БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР?

Дүйсенбі, 16 қаңтар күні Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша...

Толығырақ...

БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 500 МЛН БӨЛІНДІ

26.05.2022
БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 500 МЛН БӨЛІНДІ

Ағымдағы жылы Семейдегі білім ордаларын жөндеуге 500 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 111 млн теңге...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

14 часов бұрын

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

2 дня бұрын

Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

2 дня бұрын

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

4 дня бұрын

Жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

4 дня бұрын

Бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықтады

4 дня бұрын

Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады

4 дня бұрын

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

4 дня бұрын

Сібір жарасы анықталған жоқ

4 дня бұрын

Ақсуат ауданында күзгі егін жинау науқаны аяқталуға жақын

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС