"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА

13.02.2023
ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында аймақ басшысы Бородулиха ауданындағы «Лазарев и К» мен Новая Шульба ауылындағы «Красный Партизан» шаруа қожалықтарында болды, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Нұрлан Тельманұлы сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Тұрғындармен кездесуде Нұрлан Ұранхаев 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы қысқаша баяндап, биылғы жылға жоспарланған жұмыстар туралы айтты.

Аймақ басшысы атап өткендей, Үкімет мақұлдаған  Кешенді даму жоспары облыстың дамуына тың серпін беріп, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады.

– Жақында бес жылға арналған Кешенді даму жоспарын әзірлеп, Үкіметке ұсындық.  Жоспардың басты мақсаты – экономиканы дамыту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.  Біз бұл жоспар туралы бұған дейін де бірнеше рет айттық және оның негізгі тұстарын ақпарат құралдары арқылы тараттық. Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы біз облыстың ең маңызды және өзекті мәселелерін шеше аламыз,– деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысының айтуынша,  еліміздің картасында жаңа облыстардың пайда болуы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

– Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне аяқ басты.  Өткен жылы конституциялық реформа жүргізілді.  Осы ретте халықтың тілегі ескеріліп, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа Абай облысы құрылды. Осылайша, облысымыз 25 жыл бойы қордаланған мәселелерді тез арада шешуге, инвестиция тарту және өндірістік нысандарды ашу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік алды,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Бүгінде облысымызда, оның ішінде Бородулиха ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

– Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін халықты баспанамен қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.  Жыл соңында аймағымызда 340 мың шаршы метр,  оның ішінде Бородулиха ауданында 1753 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Денсаулық сақтау саласы да басты назарда.  Облыста 2025 жылға дейін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын салу жоспарлануда.  Бородулихадағы аудандық ауруханаға құрал-жабдық алуға 105,9 млн теңге бөлу жоспарлануда,- деді Нұрлан Ұранхаев.

— 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн теңгеден асса, Бородулиха ауданының үлесі 58,0 млрд теңге болып отыр. Бұл жерде, аудандағы тау-кен өндіру, өңдеу саласы және ауыл шаруашылығымен айналысатын «Қазақмыс корпорациясы», «Шығыстүстімет», «Семей Гидрогеология», «Труд 13», «Зенковское», «Сахновское», «Восток Агро гроуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Е-Зейтенов», «Труд», «Красный партизан» шаруа қожалықтарын атап өткен орынды, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Өңір басшысы облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында да оң өзгерістер бар екеніне тоқталды.

— Бүгінгі таңда облыста 49 693 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұрса, оның 1518-і Бородулиха ауданының аумағында орналасқан. Облыстағы бөлшек тауар айналымының көлемі 19,3 пайызға ұлғайып, 438,8 млрд теңгені құрады. Бородулиха ауданы бойынша бұл көрсеткіш – 13,0 млрд теңге, — деді аймақ басшысы.

Облысты дамытуда жаңа жұмыс орындарын ашу да ерекше маңызды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыста 18 889 жаңа жұмыс орны ашылды.  Биыл 24 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде Бородулиха ауданында 1304 жұмыс орны ашылады,- деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ұранхаев.

Ауданда 146 спорт нысаны жұмыс істейді. Облысты дамытудың кешенді жоспары аясында 2026 жылы Новопокровка ауылында 318,5 млн теңгеге спорт модулін салу қарастырылған. Белағаш ауылдық клубы үшін ғимарат сатып алуға облыстық бюджет есебінен 126,7 млн теңге бөлінеді. 2024-2025 жылдары Камышенка, Жерновка және Корестели ауылдарында клуб үйлерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылы облыста 511 млн теңгеге 4 мекемені қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоспарлануда. Белағаш ауылдық клубы үшін ғимарат сатып алуға облыстық бюджет есебінен 126,7 млн теңге қарастырылған.

Кездесу соңында аймақ басшысы тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді.

Нұрлан Ұранхаев Михайличенково ауылындағы орта мектепке барды. Мектеп ғимаратында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

 

Абай облысына сүт зауыты қажет

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы «Новая заря» шаруа қожалығында болған кезінде айтты.

«Новая заря» шаруа қожалығы егін шаруашылығымен және сүтті мал шаруашылығымен  айналысады.  Шаруашылықта агротехника және дала жұмыстарын жүргізуге арналған ауылшаруашылық техникалары бар. Дегенмен машина-трактор паркі жаңартуды қажет етеді.  Жалпы, кейбір қиындықтарға қарамастан, сүт-тауарлы ферма дамып келеді. Мұнда 7 сиыр қорасы, ат қора, мал сою пункті, сүт блогы және басқа да ғимараттар бар.

Шаруашылық асыл тұқымды сүтті ірі қара мал өсірумен айналысады. Бүгінгі күні 1414 бас ірі қара, оның ішінді 608 сауын сиыр өсірілуде.  Қазіргі таңда 460 бас сауын сиыр тәулігіне орташа алғанда 5 тонна сүт береді.

– Бізде өзіміздің сүт зауытымыз болуы керек.  Тек осы аудандағы сүттің өнім көлемі жақсы, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс әкіміне 400 бас симментал тұқымды ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасын құру және дамытудың инвестициялық жобасы таныстырылды.  Жобаның жалпы құны 2,5 миллион теңгені құрайды.  Ферма жылына 3000 тоннаға дейін майлылығы кемінде 3,8 пайыздық сүт өндіруді жоспарлап отыр. Негізгі мақсатты нарық – Абай облысы мен еліміздің көршілес облыстары.

Шаруашылық басшысы Ерғали Бимурзиннің айтуынша, жоба іске қосылғанда аудан тұрғындары үшін 25-30 жаңа жұмыс орны ашылады. Облыс әкімі ферманың әлеуетін жоғары бағалап, басшыға жобаны іске асыруда сәттілік тіледі.

 

Бородулиха ауданында жазғы лагерь ашылады

Жұмыс сапары аясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев  Новая Шульба ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына да барды.

2004 жылы ашылған бұл орталықтың жұмысының негізгі бағыты – қосымша білім беруді дамыту. Мұнда бүгінде 75 бала тұрып жатыр.  Орталық директоры Рауан Молжігітов облыс әкіміне жазғы лагерь мен хоккей модулінің жобасын таныстырды.

— Екі қабатты бес ғимарат саламыз.  Спортпен шұғылданатын, ойын ойнайтын бөлмелер болады, – деді Молжігітов.

Орталықтың тәрбиеленушілері облыс әкімімен тілдесіп, өз өнерлерін көрсетті.

Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев орталық басшылығына хоккей модулін салуға дайындықты бастау қажеттігін айтты.  Күзге дейін құрылысты бастау жоспарланып отыр.

– Құрал-жабдықтармен жабдықтауға біз көмектесеміз. Сіздер еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеулеріңіз керек.  Жарайсыңдар, балалар, сендерге сәттілік тілеймін.  Егер сіздерге қандай да бір қолдау керек болса, айтыңыздар. Талантты адамдарға қолдау көрсету керек, – деді облыс әкімі.

Сапар соңында орталықтың тәрбиеленушілері мен топ жетекшісі облыс әкіміне ағаштан жасалған құсты сыйға тартты.

Шаруа қожалығына жайылымдық жер жетіспейді.

«Лазарев и К» ЖШС басшылығы осы мәселемен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа жүгінді.

Жұмыс сапары барысында шаруа қожалығын аралаған облыс әкімі 100 басқа арналған сүт-тауарлы фермамен танысты.

Қожалық 1996 жылы құрылған.  Мұнда бүгінде 65 адам еңбек етеді.  930 мал басы бағылуда. Петр Лазарев атап өткендей, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі өткір мәселе болып отыр.

– Мәселе мынада, малы жоқ, бірақ жайылымдық жері бар шаруа қожалықтары бар.  Бұл жерлерді алып қою мәселесі күн тәртібінде тұр. Себебі бізге сүт фермалары қажет, қалалық сүт зауытын салуды жоспарлап отырмыз.  Онда сүт-май өнімдері қапталып, сатылымға шығарылатын болады, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс әкімі басқарма басшыларына осы мәселені шешіп, шаруашылық басшысына көмектесу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

– Адам еңбек етсе, оның дамуына мүмкіндік беру керек.  Егер қолдан келсе,  көмектесу жолдарын қарастырыңыздар. Мүмкіндіктерді пайдалану керек, — деп тапсырды Нұрлан

ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА

Мақалада: Ресми сапар

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

23 часа бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

23 часа бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

23 часа бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

23 часа бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

23 часа бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

23 часа бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

23 часа бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

23 часа бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

23 часа бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС