"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

24.12.2013
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні қалалық әкімдікте қала әкімі Айбек Кәрімовтің қаты-суымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі төрт мәселе – қаланың экологиялық жағдайы, алыс-жақын шет елдерден қаламызға әкелініп жатқан азық-түліктің қауіпсіздігі, тұрғын үй қызметімен айналысатын топтардың жұмыстары мен       Чернобль апатынан зардап шегушілерге қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдіктері жайлы қаралды.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Алғаш сөз алған ШҚО бойынша экология департаментінің Семей қаласы бойынша  мемлекеттік экологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Қанапия Бухаев алғашқы сұрақ төңірегінде жиылған қауымды ақпараттандырды. Осы ретте жиналғандар қаланың бас экологы тарапынан маңызды мәселелер мен оны шешудің жолдары айтылмағандығын айтып, сынға алды.

 

Қала әкімі Айбек Кәрімов Ертіс өзені арқылы кәріз дюкерін салу мен қалалық тазарту орындарының құрылысын аяқтау өңірдің ең маңызды мәселелері екенін атап өтті.

 

—  Кәріз дюкерін салу – өте маңызды мәселе. Ертіс трансшекаралық өзен, қандай да бір жағдай болатын болса, экологиялық апатқа ұшыратуы мүмкін. Жоба жоспарының құжаттарын жасауға қаражат бөлінді, экологиялық сараптама қорытындысын да алдық.  Жоба құны        1 млрд. 200 миллион теңге. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қарастырылу үшін біз  ұсыныс бердік. Менің ойымша, жоба қолдау табады. Ал, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару мәселесіне келсек, біздің қаламыздың санитарлық тазалығы қазіргі таңда қалыпты деп айтуға болады. Бізде әзірге  қатты қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорынның жоқтығы қынжылтады. Қаланың Бас жоспарында қатты қалдықтарға арналған орын қарастырылған. Қатты қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын инвесторлармен келісімге келдік. Қаржыландыру мәселесі шешіледі. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі келер жылдың ақпан айына жоспарланып отыр. Жоба «ЭКСПО  — 2017» көрмесіне ұсынылмақ, — деп Айбек Мүталапханұлы экология саласындағы қалада атқарылып жатқан жұмыстарды толықтырып, қоғамдық кеңес мүшелеріне жан – жақты айтып өтті.

Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Юсуповтың айтуына қарағанда, техникалық регламенттердің сақталуына, стандарттың, сертификация мөлшері мен ережелерінің сақталуына, азық-түлік сапасына түрлі дәрежеде бақылау жасау, өндірістен таратуға дейінгі азық-түлікке тиісті мемлекеттік мекемелер қадағалау жасауда.

— Көп жағдайда мемлекеттік стандартқа сай қаптау, сақтау мерзімдерінде келеңсіздік туындап  жатады. 2012 жылы Семейде 68 сауда кәсіп-орыны тексерілсе, оның 27-сі азық-түлік саудалаушы кәсіпорын. 19 кәсіпорында техникалық реттеу жөнінен заң бұзушылық орын алған. Ағымдағы жылы Моңғолия, Беларусь және Ресейден 109, 7 тонна сиыр еті әкелінсе, 252 тонна жылқы еті Ресей мен Болгариядан тасымалданыпты. Бұдан өзге құс еті, қатырылған балық, сүт өнімдері, ірімшік сияқты азық – түлік сырттан әкелінген. Келіп түскен барлық өнімдер міндетті түрде санитарлық — ветеринарлық тексерістерден, сараптамадан өтеді. Ал, Кедендік Одаққа мүше елдерден тасымалданатын өнімдер «КО» талабына сай болуы қажет, — деген Бауыржан Юсупов, — санитарлық-эпидемиологиялық бақылауының жетекшілік етуімен өзге де елдерден тасымалданатын өнімдердің талапқа сай болуына үнемі қа-дағалау жүргізілетіндігін, үстіміздегі жылы жоспарға сәйкес, 68 азық-түлік нысаны бақылаудан өтіп, тексеріс барысында кейбір кәсіпкерлердің өнімді тасымалдауға қатысты құжаттары жоқ болып шықса, тағы бірінде азық-түліктің сақталу мерзімінің бұзылғандығы анықталды, — деп атап өтті

Семей қаласы бойынша мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Рақыш Шумаевтың     айтуынша, қалада мемлекеттік бақылау мен қадағалу жұмыстары жүйелі.

-Біз әрқашан да ветеринарлық және санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармаларымен әріптестік байланыстамыз. Сырттан қандай да бір өнім әкелінсе, міндетті түрде құзырлы мекемелердің талаптарына сай екендігі  тексеріледі. Сырттан тауар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер бірінші кезекте аккредитациялық зертханаларға жүгінуі тиіс, — деген пікір білдірді Рақыш Шумаев.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Алексей Коновалов сауда нүктелері мен кәсіпорындарды осындай тексерістің қорытындыларын баспасөз   бетіне жариялап отыру туралы ұсынысын айтты.

-Тексерістер баспасөз беттерінде жарияланып отырса, тұрғындарға қозғаушы күш болары анық. Қоғамдық көзқарастың дұрыс қалыптасуында баспасөздің ықпалы зор. Азық – түлік қауіпсіздігі – біздің өміріміздің басты кепілі. Егер тұрғындар дұрыс ақпаратқа қол жеткізсе, дұрыс әрі тиімді таңдау жасауға мүмкіндіктері  арта түседі, — деп өз ойымен бөлісті Алексей Коновалов.

Осы ретте қала басшысы Айбек Мүталапханұлы да жиналғандар алдына азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудағы өз ойын білдірді. Қала әкімі қала тұрғындарының таза әрі табиғи өніммен қамтамасыз етуде бірқатар кешенді жұмыстардың ұйтқысы болды. Көршілес жат-қан аудандардың ірі шаруа қожалықтарына қаланың әр тарапынан жер алып, әлеуметтік дүкендер ашуға қол ұшын созып отырғандығын қала тұрғындары да жақсы біледі.

-Біз нарық заманында өмір сүрудеміз. Сондықтан сырттан келетін тауарларға, азық – түлікке қатаң түрде қадағалау жасауымыз қажет. Өзімізде өндірілген өнімді тұтынуымыз қажет. Ет өнімдерін өндіруде Семей өңірі жоспарды 200 -300 пайызға артығымен орындауда. Әсіресе, құс етін өндіруде біз өзгелдерден оқ бойы озықпыз. Сырттан келетін еттің неліктен арзан болатынын айтайын. Себебі, тасымалмен келген еттің сапасы ана-ғұрлым төмен, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Қоғамдық кеңес мүшелерін тұрғын үйлерді басқару қызметімен айналысатын жұмыс тобының жалпы атқарар іс – шаралары жайында тұрғын инспекциясының жетекшісі Светлана Заурбекова таныстырды. Жұмыс тобының құрамында ТҮКШ мен тұрғын үй инспекциясы, ПИК, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері мен «МЭПС» ЖШС – нің басшысы бар.  Жұмыс тобының төрағасы болып Семей қаласы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың вице – президенті Николай Исаев тағайындалды.

Айбек Мүталапханұлы жұмыс тобының отырысын әр тоқсан сайын емес, ай сайын өткізіп тұру туралы өз ұсынысын енгізді.

Күн тәрібінде қаралған соңғы сұрақ Чернобль апатынан зардап шегушілердің қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесі болды.

-Бұл күнде қоғамдық тасымалмен тек жеке меншік мекемелер айналысады. Әзірге Чернобль апатынан зардап шегушілерге тегін жүруі үшін қала бюджетінен қаражат қарастырылмаған. Бұл мәселенің алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырамыз, — деп атап өтті қала басшысы Айбек Кәрімов.

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

3 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

3 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

3 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

3 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС