"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қоғамдық тыңдау

24.12.2013
Қоғамдық тыңдау
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ЖИЫНДА КАРАЛДЫ

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап электр жарығының бағасы қымбаттамақ. Бұл жайында бейсенбі күні қалалық әкімдіктің үлкен залында өткен қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.

 

ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің директоры Қайрат Оразбаевтың жетекшілік етуімен өткен қоғамдық кеңестің отырысына қала әкімінің орынбасары Асхат Хосчанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов және қалалық ақсақалдар алқасының мүшелері, сонымен қатар, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің директоры Вячеслав Аксенов пен аталмыш кәсіпорынның Семейдегі филиалының жетекшісі және өзге де жылу мекемелерінің мамандары қатысты. Жиында Қайрат Назарұлының кіріспе сөзінен соң алғашқы болып «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің директоры Вячеслав Аксенов сөз алды. Оның айтуынша, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіп-орын электр жарығының бағасын қымбаттатуға мәжбүр. Себебі, электр энергиясын тасымалдау да, сатылым бағасының тарифі де 8 пайызға артқан. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап «КЕGОК» АҚ-ның жүйелік қызметінің тарифі де қымбаттаған.

 

— Электр қуатының тарифі жалпы республика бойынша және еліміздің көптеген қалаларында 12,89 теңгені құраса, ең жоғары тариф Батыс Қазақстан облысында, 14,6 теңге. Ал, Қазақстан бо-йынша ең арзан электр қуатының тарифі тек Шығыс Қазақстан облысында, — дейді В. Аксенов.

Вячеслав Аксеновтың сөзіне сүйенсек, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-і 9 жылдан бері ғимаратты жалға алып келеді. Сондықтан, жеке басыбайлы ғимарат сатып алу үшін және кәсіпорынды жаңа техникалармен жабдықтап, жұмысшылардың жалақыларын арттыру үшін электр жарығының құнын арттыру қажеттіліктен туындап тұрған көрінеді. Басшының мәлімдеуінше, кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа жалақысы 90 мың теңгені құрайды екен.

Сонымен қатар, мамандар бағаның қымбаттауын аталған салада қызмет ететін монополист компаниялардың әрекетімен байланыстыруда. Шығыс аймағы жарықты өзге қалалардан сатып алуға мәжбүр екенін де алға тартады.

— Бүгінде облыс бойынша жарты млн-нан астам электр қуатын тұтынушы бар болса, Шығыс өңірі жарықты Екібастұз, Согринкий сияқты өзге қалалардағы электр станцияларынан сатып алады. Үстіміздегі жылдың басынан бері 13,9 млрд. теңгенің электр қуаты сатып алынды. Ал 2014 жылы бұл цифр 15 млрд. теңгеге артпақ. Себебі, жарықтың әлі де жетіспейтіндігі сезілуде. Биылғы жылы тариф 9,123 теңгені құраса, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 10,230 к/ВТ-қа қымбаттайтын болады, —  дейді «Шығысэнерго-трейд» ЖШС директоры Вячеслав Аксенов.

Қоғамдық тыңдауда мамандардың сөзіне қарсылық танытқандар да болды. Кеңеске қатысушылар тарапынан сансыз сауалдар жолданып, өздерінің пікірлерін де білдірді.

ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің директоры Қайрат Оразбаев жиналғандарға тариф жа-йын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап беріп отырды.

— Бүгінгі күні барлық коммуналдық қызмет түрлеріне тариф қымбаттап жатыр. Бұл жағдайды көпшілік түсіне бермейді. Шығыс Қазақстанда екі бірдей, яғни, «Бұқтырма» және «Шүлбі» электр станциялары бар болғанымен, электр қуаты жеткіліксіз. Сондықтан, біз электр жарығын Қазақстанның өзге де қалаларынан сатып алуға мәжбүрміз. Осы келеңсіздікті жою үшін тағы да екі электр станциясын салу жоспарда бар. Алайда, сол нысандарды салатын жер мәселесі проблема болып отыр, — дейді Қ. Оразбаев бір сөзінде.

Ал, электр жарығының қымбаттауы жылу мен ыстық судың да бағасының артуына алып келетіні белгілі. Сондықтан, «Теплокоммуноэнерго» жылу орталығы да келер жылдың басынан бастап жылу мен ыстық судың бағасын 57 пайызға арттыруға өтініш білдірген.

Бұл жағдай да қоғамдық тыңдауға қатысушылардың алаңдаушылығын тудырды. Алайда, осы тұрғысындағы сауалдар да тиісті жауабын алды.

— Біздің жұмысымыз – тұтынушыларды қолдап, тарифтік жоспардың бағасын төмендету. Алайда, жұртшылықты электр жарығымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарды да шығынға батыруға жол бере алмаймыз. Егер олардың жұмысы тоқтап қалатын болса, жарықтың да мүлдем болмай қалатынын ескергеніміз абзал, — деген Қайрат Оразбаев жұртшылықты бұл жағдайға түсіністік танытуға шақырды.

Жиынға қатысушылардың бірі, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова да өз кезегінде сөз алып, электр жарығына қатысты пікірін білдірді. Сөзінің басында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің мамыр, маусым, шілде айларында электр қуаты мен жылуға төлемақыдан босатылғаны үшін барша ардагерлердің атынан алғысын айтты.

Жиын барысында келер жылдан бастап электр жарығы мен жылу төлемақысының құны артып жатса, тұрғындардың түсіністікпен қарап, бұл жағдайға алдын ала дайын болуы керектігі ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

12 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС